2-жұмыс. Қарағай жапырағы. Қарағай қылқанының көлденең кесіндісінен препарат дайындаймыз. Бұл кесіндіні флюроглицин немесе тұз қышқылында өңдейміз. Микроскоппен қарағанда жапырақтың сырт жағын қалың кутикулалы эпидерманы көреміз. Клеткаларының пішіні төрт бұрышты. Эпидермадан ішке қарай қабырғалары қалың сүректенген бір қабат, ал бұрыштары екі-үш қабат клеткалардын тұратын гиподерма жатады. Одан төмен мезофилл көрінеді. Ортасында өткізгіш шоғы орналасады, олардың арасы склеренхимамен жалғасқан. Орталықтың қалған бөлігі паренхималық клеткалармен толы, сыртын эндодерма қоршап тұрғанын көреміз.