Биология кафедрасы



бет20/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Байланысты:
Ботан. Лаб сабаққа 2020-2021 (1)

Лабороториялық сабақ №10

Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Жапырақтың анатомиялық құрылысы

Мақсаты: Жапырақтың анатомиялық құрылысымен танысу.


Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: асқабақ, бидай, жүгері, қарағай, жөке өсімдіктерінің нықтандырылған сабақтары, сабақтың көлденең кесіндісінің тұрақты препараттары, гербарийлер, микроскоп.

Жұмысты орындау барысы: 1 – жұмыс. Камелия несесе фикус жапырағы. Камелия немесе фикус жапырғы қалыңдау келетіндіктен, одан алынған бөлікті ырғай сабағының өзегіне немесе тығын арасына қыстырып тұрып, жапырақ тақтасының орталық жүйкесіне көлденең бағытта бірнеше кесіндінің ішінен ең жұқасын таңдап алып, бір тамшы суға уақытша препарат жасаймыз. Камелия жапырағының дайын препаратын пайдалануға да болады.

Препаратты микроскоптың кіші объективімен қарағанда жапырақтың жалпы бітімі көрінеді. Жапырақтың сыртын эпидерма жауып тұрады. Одан әрі, ішке қарай құрамында хлорофилл дәндері бар клеткалар жатыр. Бұл ассимиляциялық паренхима – мезофилл. Мезофилл клеткаларының аралығында бір-бірінен белгілі бір қашықтықта өткізгіш шоқтары орналасқан.

Жапырақ анатомиясының ұлпа құрылымымен толығырақ танысу үшін препараттты микроскоптың үлкен объективімен қарай отырып оның жоғарғы эпидермасын төменгі эпидермамен салыстырамыз. Сонда жоғарғы эпидерма клеткаларының сыртқы қабырғаларының едәуір қалың, кутикула қабатының қуатты және устьесіз екендігін көреміз.

Одан төменгі мезофилл клерткасы, ал оның жоғарғы эпидермаға тік бағытта бағаналы және пішіні дөңгелектеніп келген клеткааралық қуыстар түзіп орналасқан борпылдақ паренхимасы жатады.

Өткізгіш шоғын орталық жүйкеден қараған жөн. Одан ксилеманың жапырақтың үстіңгі бетінен флоэманың астыңғы бетіне қарай орналасқандығы көрінеді. Шоқ склеренхимамен қоршалған, тұйық коллатералды. Шоқтың төменгі жағында колленхима орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет