Биология кафедрасы



бет29/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
Ботан. Лаб сабаққа 2020-2021 (1)

Жұмысты орындау барысы: Гүл сағақтарында белгілі бір ретпен гүлшоғырлары - өркендер жүйесінің ерекше (түрі) өзгерген түрі. Гүлшоғырының негізгі өсінде жанырақтардың орнына гүлдер немесе гүлді жанама бұтақтар орналасқан. Өркеннің гүлдерге ауысу барысында, ондағы төбелік меристема өзінің пішінін өзгертіп үлкейіп бүршіктенеді. Гүлдер аяқталған соң, өсімдік жеміс байлайды, одан соң гүл шоғыры құрып түсіп қалады. Мофологиялық ерекшеліктеріне қарап гүлшоғырын бірнеше түрге жіктейді.

Негізгі өстің бұтақталуына қарай гүлшоғыры жай және күрделі болып бөлінеді.

А) Жай гүлшоғырының негізгі өсінде жеке гүл дамиды, барлық гүлдер негізгі өсте ғана орналасады.

Б) Күрделі гүлшоғырлар бірнеше жай гүлшоғырдан тұрады, яғни негізгі өстің екінші ретке бұтақтарында жеке гүлшоқтары орналасады.

Негізгі өстің өсуіне қарай гүлшоғыры мононодийлі және симнодийлі болып бөлінеді

А) Мононодийлі өсуде әрбір ось өзінің төбелік меристемасы қызметінің нәтижесінде қалыптасады, яғни 1 ретті өркендерден құрылады.

Б) Симнодийлі өсуде негізгі ось көп ретті өркендердің жиынтығынан тұрады.

Жай гүлшоғырының түрлері. Жай гүлшоғыры моноподийлі жолмен бұтақталады. Түрлері: шашақ гүл, масақ гүл, сабық гүл, қалқанша гүл, шатыр гүл, шоқпарбас гүл, себет гүл.

1) Шашақ гүл. Гүлшоғының негізгі өсінде орналасқан жеке гүлдердің төменгілері ұзын, жоғарғылары қысқа болып өседі. (Мойыл – черемука; беденешөпте – вероника).

2) Масақгүл. Гүлшоғының өсінде орналасқан жеке гүлдердің арнаулы гүл сағақтары болмайды немесе өте қысқа болады (жолжелкенде, сүйсін өсімдіктерде (ягрышник)).

3) Қалқанша гүл. Негізгі өсте сағақтарының ұзындығы әртүрлі гүлдер бір деңгейде орналасады (алмада, алмұртта).

4) Собық гүл. Негізгі өсі жуан, етженді, собық болады. Оған орналасқан гүлдердің сағақтары қысқа немесе болмайды. (айырды-аир, жүгеріде)

5) Шоқпарбас гүл. Негізгі өсі қысқа әрі етженді болады, гүлдердің құрылысы шашақ гүлге ұқсас. (құлмақ жоңышқада, бедеде)

6) Шатыр гүл. Негізгі өсі қысқа, оның ұшына шоғырлана орналасқан гүлдердің сағақтары ұзын әрі біркелкі болады. (Сүйелшөпте, тасшыгүлде).

7) Себет гүл. Негізгі өсінің үстіңгі беті жазық, етжеңді дөңгелек келген. Оның үстіне көптеген сағақтары жоқ немесе қысқа гүлдер орналасады. Шеткі жиегін жапырақ қоршап жатады. (күнбағыста, кекіреде).

Күрделі гүлшоғырының түрлері:

Күрделі гүлшоғырын рацемозды және цимозды деп 2-ге бөледі.

1) Рацемозды гүлшоқтарына қосарлы шашақ гүл, күрделі шатыргүл, күрделі масақ, сыпыртқы гүлшоғыры жатады.

А) Қосарлы шашақ гүл. Мононадийлі негізгі өсте шашақ гүлдер орналасады. (Бұршақ тұқымдастар)

Б) Күрделі шатыр гүл. Гүлшоғырының қысқарған негізгі өсінде ұзындықтары біркелкі екінші реттегі өстерде жай шатыр гүлдері болады. Мұнда жай шатыр гүлшоғырының жеке гүл сағақтарындағы гүлдің орнына бірнеше гүл сағақшалары шоқты өсіп, олардың ұштарында өз гүлдері болады. (Шатыр гүлділерде).

В) Күрделі масақ. Мұнда ұзарған негізгі өсте жай масақтар орналасады. (бидай)

Г)сыпыртқы гүлшоғы. Мұнда гүлшоғының төменгі гүлшоқтары жоғарыдағылардан жақсы дамып, күшті тармақталған. Гүлшоқтарының пішіні әртүрлі болып келеді. М: пирамида (сиреньде), қалқанша (шетенде), кубик тірізді (лабазникте).

Цимозды күрделі гүлшоқтарына Цимоидтар және тирс жатады. Цимоидтардың симподийлері өсуіне байланысты тағы 3 түрі ажыратылады: Монохазий, дихазий, плейохазий.

1) Дихазийде гүлмен бітетін әрбір өстен тағы 2 өсь дамып жетіледі. Мұнда жаңа өстер аналық өстің жоғарғы бөлігінде пайда болады. (қалампырда, теңгежапырақ).

2) Монохазий жалғыз сәулелі гүлшоғыры. Монохазий – анықталған гүлшоғыры. Мұнда негізгі өстің ұшында алғашқы гүл орналасады да, төменгі жағынан екінші ось дамиды, оның ұшынан тағы да гүл қалыптасады, осындай бірнеше рет қайталанады. Монохазийдің ирек және бұйра деген екі түрі кездеседі.

А) Негізгі өстің бойында дамыған гүл бұтақтарының біріншісі оң жағынан, екіншісі сол жағынан, үшіншісі тағы да оң жағынан 4-шісі сол жағынан дамиды. Әрі қарай да осы ретпен жалғаса беретін болса, мұндай гүлшоғыры – ирек деп аталады. (гладиолус).

Б) Гүлшоғырының негізгі өсінде пайда болған гүлдердің барлығы оның не кілең оң жағында немесе біріңғай сол жағында оны бұйра гүлшоғыры деп атайды. (майтамырда, балшатырды)

3) Плейхазийлі гүлшоғырында әрбір негізгі өсті 1,2 немесе шоқтанып орналасуынан осы жанама остер алмастырады. (М: сүттігенде, қызыл ырғайда). Сол себептен де плейохазий көп сәулелі анықталған гүлшоғыры деп аталады.

Тирс–негізгі өсі мононадийлі өсетін және жанама цимоидты гүлшоқтары бар күрделі гүлшоғыры. Көп жағдайда тирс қосарлы ирек немесе қосарлы бұйра гүлшоғы ретінде кездеседі. Тирс гүлшоғыры қалампыргүлділерде, ерінгүлділерде кездеседі.

Тапсырмалар: 1. Гербарийден гүл шоғырының түрлерімен танысу.


  1. Оқу құралдарын және гербарийлерді пайдаланып көрсетілген үлгі бойынша кестені толтыру.

  1. Дәптерге гүл шоғырларының схемасын сызу.

  1. Гүл шоғырларына сипаттама беру.

Гүл шоғырлары

Типтері

Қысқаша сипаттамасы

Қаралған өсімдіктер

Ботрикалық (рацемозды) гүл шоғырлары. Жай гүл шоғырлары

Шашақ және т.б.

Гүл шоғырының негізгі өсіне майда гүлдер шамамен бірдей, кейде өз өсінен ұшына қарай біртіндеп қысқаратын сағақтары арқылы орналасады.

Жабайы шомыр, қарақат, меруерт гүл.

Күрделі шатыр және т.б.

Күрделі гүл шоғырларының негізгі өсі қысқарған. Одан екінші реттегі өстер шығып, бір деңгейде жай шатыр гүл шоғырымен аяқталады.

Сәбіз, аскөк, тмин, балдырған

Монохазий (бір сәулелі)

  1. Ирек

  2. Бұйра

Ирек гүл шоғырында гүлдер негізгі өстің екі жағына кезектесіп орналасады.

Тирсоидты гүл шғырлары (тирс)



Балшатыр, гладиолус

Ботакөз, кәдімгі қызылша, өзен гравиталы.



Қос иректі немесе қос бұйра гүл шоғыры, т.б.

Гүл шоғырында алдымен дихази сияқты бірінші, екінші реттегі гүлдер дамиды, ал одан кейін үшінші және келесі реттегі гүлдер монохазийі болады

Майтамыр, ботакөздің түрлері иісті-шөп, бөріаяқ

Себет гүл және т.б.

Құрама (агрегатты) гүл шоғырлары. Қалқанша тәрізді бұтақтанған гүл шоғырының ұшы шоғырларымен себет гүл шоғырларымен аяқталады.

Кәдімгі түймешетен, кәдімгі мыңжапырақ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет