1-жұмыс. Алма гүлінің құрылысы. Тостағаншасы 5, күлте желектері ірі, саны 5, пішіні жұмыртқа тәрізді, күлте желектері бір-бірімен қиылысқан. Олардың сыртында тостағаншалары орналасады. Аталықтары 20-30, үш шеңбер түзеді. Аналығы 1,бес жеміс жапырағынан тұрады. Жұмыс барысында алма гүлінің суретін салып, формуласын жазу, диаграммасын сызу.
2- жұмыс. Егістік асбұршақ гүлінің құрылысы.Тостағаншасы кіріккен 5 тостағанша жапырақшадан тұрады. Бес күлте желектері тостағанша жапырақтарымен кезектесіп орналасады. Күлтелерінің формалары әртүрлі. Жоғарғы үлкен желек тақ, бүйіріндегі екеуі ескек, жоғарғы жиектері арқылы кіріккен төменгі екеуі қайықша деп аталады. Күлте қайықшасында аталық пен аналығы орналасады. Андроцей саны 10, Олардың 9 кіріккен, біреуі бос. Гинецей 1 жеміс жапырақшасына тұрады. Талдайдың соңында гүлдің суретін салып, сипаттап жазып, формуласын жазу, диаграммасын сызу.