Биология кафедрасы


-жұмыс. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тамыры мен саңырауқұлақтарының селбесуі (мирориза)



бет25/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
3-жұмыс. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тамыры мен саңырауқұлақтарының селбесуі (мирориза). Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырында микоризаның пайда болуын олардағы саңырауқұлақтармен селбесіп өсуі деп қарастыру керек. Ағаштар мен бұталарда негізінен эктотрофтымикориза пайда болады, яғни саңырауқұлақ жіпшелері қабық паренхимасының клетка аралықтарына енеді және тамырды сырт жағына орап алады. Мұндай жағдайда тамыр түгі редукцияланады.

Шөптесін өсімдіктердін басым көпшілігінде саңырауқұлақтардың гифтері клетка ішінде эндотрофтымикориза түзеді.

Ағаш тамырларының микоризасымен танысу үшін еменнің ұсақ тамырларын қазып алып, оны жақсылап жуып топырағынан тазартамыз. Одан кейін тамырдың өте ұсақ бөлшегінің ұшынан 1 – 1,5см-дей кесіп алып, бір тамшы суда уақытша препарат дайындап, алдымен микроскоптың кіші, одан кейін үлкен объективі арқылы қараймыз. Уақыт кетірмеу үшін дайын препаратты пайдаланған жөн. Микроскоппен қарағанда тамыр ұшының саңырауқұлақтың түссіз жіпшелерімен бірнеше рет оралғанын көреміз. Гифтер тамырдың сырт жағына орамай, оның қабық бөлігінің клеткаларына да еніп кетеді. Бұл – экто – эндотрофтымикориза.

Енді эндотрофты микоризаны көру үшін сүйсін немесе жұпаршөп тамырының көлденең кесіңдісінен препарат дайындап, оны микроскоптың кіші, одан кейін үлкен объективінен қараймыз. Сонда тамырдың қабық парехимасының клеткаларында саңырауқұлақ жіпшелерінен пайда болған шумақтар көрінеді, кейде олар клетка қуысын түгелдей алып жатады

Бұршақтар түқымдасының тамырындағы түйнек бактериялары. Бұршақ тұқымдастарының тамырындағы бактериялар олардың тамырларының құрылымын өзгертіп, түйнектер түзеді. Түйнектердің құрылысымен танысу үшін дайын препаратты немесе бұршақгар тұқымдасы өкілдерінің (бөрібұршақ, түйежоңышқа, беде, жоңышқа т. б.) тамырындағы түйнектердің көлденең және ұзына бойғы кесінділерінен жасалған метил көгімен боялған препаратты пайдаланамыз.

Бөрібұршақ тамырынан жасалған дайын препаратты алдымен микроскоптың кіші, одан кейін үлкен объективі арқылы қарағанда түйнек пен тамырдың соңғы құрылысына тән орталықта алғашқы және соңғы ксилемаларды, радиалды паренхима сәулелерін, соңғы ксилеманы қоршаған камбийді, оның сыртында соңғы флоэманың орналасқанын көреміз. Флоэманың сыртында крахмал дәндеріне бай паренхималық клеткалардың қалың қабаты бар. Мұндай клеткалар түйнектің

орталығындағы бактероидты ұлпа деп аталатын бактериялар шоғырын коршап жатыр. Бактериодты ұлпада бактериялардың тіршілік ететіңдігіне көз жеткізуге болады. Ол үшін түйнектің ірірек біреуін тамырдан бөліп алып, зат әйнегіне саламыз да қандауырдың ұшымен жайлап жаншимыз. Одан шамалы бөлігін иненің ұшымен алып, екінші таза зат әйнегіне жағамыз. Жағындыны (мазокты) спирт шамына тақай ұстап кептіреміз. Одан кейін метил көгінің әлсіз (сұйық) ерітіндісімен бояймыз. Еңді препаратты сумен жуып, микроскоптың кіші, одан кейін үлкен объективімен қарасақ, пішіндері таяқша тәрізді бактерияларды көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет