Бақылау сұрақтары:
Жеміс қандай мүшеден пайда болады?
Жеміс серігі қандай қабаттардан тұрады?
Жемістердің қандай түрлері бар?
Бұршаққап, бұршаққын, қауашақтың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Жидек, алма жеміс, асқабақ жеміс, қабықты жұмсақ жемістің және сүйекті жемістің айырмашылығы қандай?
Лабороториялық сабақ №15
Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Көк-жасыл балдырлардың құрылысы мен таралуы
Мақсаты: Көк-жасыл балдырлардың құрылысы, түрлері және таралуымен танысу.
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: Банкаға сумен және батпақпен араластырып салынған оссиляторияның, настоктың және басқа көк-жасыл балдырлардың пробасы, осы балдырлардың тұрақты микропрепараттары, ылғал препараттар.
Жұмысты орындау барысы: Көк-жасыл балдырларға бір клеткалы, қауымды және көп клеткалы жіптесімді 1500-2000 түрі бар организмдер жатады. Олар барлық тіршілік ортасында тараған. Әр түрлі сулы және сусыз биотоптарда кездеседі. Бұлар төсемікке бекініп не бекінбей бос жатып тіршілік етеді. Талшықты қозғалыс стадиясы болмайды, алайда кілегейдің болуына байланысты сырғый қозғалып отырады. Жеке дарақтары микроскоп құрылымды, кейде әр түрлі жиынтықтар – қауымдар құрап макроскопты келеді. Бір клеткалы және қауымды көк-жасыл балдырлар коккоид құрылысты, ал көп клеткалы түрлерінде тризальды, сирек гетеротрихальды құрылысты келеді. Гормогониальды түрлерінің негізгі құрам бөлігі болып трихома деп аталатын жіптесінді бөлшектер есептеледі. Трихома бір, сирек екі, бірнеше қатардан тұратын клеткалардан құралады және бір-бірімен физиологиялық қарым-қатынаста болады. Қарапайым гормогониялықтар бір трихомала болып келсе, жиі бірнеше трихомалы болады және оның құрамына гетероцист пен кілегейлі қынап енеді. Морфологиялық жағынан күрделі құрылымды дамыған формаларына тарамдалған көп қатарлы гетероцисты трихомалар бар түрлер есептеледі. Трихомалардың құрылымына қарай гомоцитты және гетероцитты болып екіге бөлінеді. Гомоциттылардың клеткалары атқаратын қызметіне және формасына қарай дифференцияланбаған. Гетероцитты трихомалар тармақталып келеді және құрамында гетероцисталары мен кілегейлі қынаптары болады.
Көк-жасыл балдырлардың клеткалары дөңгелек, орақ, жарты сақина, үш жақты, эллипсоид, шар, цилиндр, күбі т.б. пішінді. Басқа далдырлардан клетка құрылысының, пигменттерінің ерекшелігі, тіршілік ортасының өзгешіліктері арқылы айырылады. Клетка қабықшасы оңай кілегейленетін пектинді, тек кейбіреулерінде целлюлозды болады.
Клетканың протоплазмасы ядросыз, хлоропластасыз, басқа организмдердің протоплазмасынан қою. Протоплазмасы шеткі боялған хроматоплазма қабатынан және түссіз орталық центроплазма бөлімінен тұрады. Хроматоплазма бөлімінде болатын (хлорофилдің жасыл каротиннің қызғылт-сары, фукацианның көк, фикоэритриннің қызыл) пигменттері хлоропластың қызметін атқарады. Бұл бөлімде рибосома мен полисома және әр түрлі кристалдар болады. Хроматоплазма бөлімінде тилакоидтар жинақталған, бірақ басқа организмдердікі сияқты цитоплазмадан мембрана қабаттары арқылы оқшауланбаған. Тилакоидтар фотосинтез қызметін атқарады. Центроплазма бөлімі өзінің атқаратын қызметі жағынан клетка ядросына жақындайды. Центроплазманы нуклеоплазма алып жатады. Ол цитоплазмадан қабықша арқылы бөлінбеген. Онда ядроның құрамына кіретін бір ғана ДНҚ элементі бар ядро бояуымен боялатын хроматин орналасады. Мұнда да ДНҚ жіпшесі эукариотты организмдердің хромосомасы сияқты гистондармен байланысып жатпайды. Бұларда эукариотты организмдердің ядросында болатын гистон белогі болмайды. Алайда кейінгі уақытта көк-жасыл балдырлардан гистон белогі сияқты белоктар табылып жүр.
Клетка шырыны бар вакуолялар есейген клеткаларда ғана болады, оның пайда болуы клетка тіршілігін жоюға әкеп соғады. Оның есесіне көк-жасыл балдырлардың клеткаларында азотпен толған газ вакуолясы деп аталатын жалған вакуолялары болады. Пигменттерінің құрамы жағынан көк-жасыл балдырлар басқа балдырларға қарағанда ерекше келеді. Олардың хлорофильдің а фикоэритриннің қызыл, фикоцианиннің көк, аллофикоцианин және әр түрлі ксантофиндер мен каротиноидтар болады, жалпы саны 30 шақты пигменттер табылған. Осы пигменттердің орайласып келуіне байланысты олардың түсі көк-жасылдан сарғыш, күлгін, қызғылт, ақшыл-көгілдір, кейде тіпті қара түске дейін өзгереді. Хлорофиль-в пигментінің болмауы, фикобилиндердің болуы көк-жасыл балдырлардың ерте заманда пайда болғандығын дәлелдейтін бір бөлігі. Орталық денеде қол заттары ретінде гликопротеид (иод ерітіндісінен қоңыр түске боялады), воллютин және анабенин жиналады. Крахмал түзілмейді. Көк-жасыл балдырларда қозғалғыш талшықты кезеңі және жынысты көбеюі болмайды. Көбеюі вегетативтік жолмен өтеді. Бір клеткалы формалары клетканың тең сирек тең емес екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Қауымды формалары клетканың ыдырауы немесе бөлінуі арқылы көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |