Биология кафедрасы



бет31/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Жұмысты орындау барысы:

Жеміс деп - ұрықтанғаннан кейін гүл түйінінен пайда болып тұқымдарға қорғаныш болатын жөне олардың таралуын қамтамасыз ететін мүшені айтады.Жеміс кейбір өсімдіктерде (алхоры, сарғалдақ) аналық түйінінен пайда болады. Екінші бір өсімдіктерде жемістің жасалуына тек түйін емес гүлдің басқа бөлімдері де қатысады. Жемістің қабырғасын жеміс серігі деп атайды. Жеміс серігін үш бөлімге бөледі.

1.Экзокарпий - жеміс серігінің сыртын қаптап жатқан бөлімі. Өсімдік жемісінде түрліше түсті, жылтыр, балауыз жұғыны бар (алхоры, (Prunus Z) жүзім т.б.) ал кейбіреулерінде түкті де (мысалы, шабдалы) болады.

2.Эндокарпий - жеміс серігінің ішкі қабаты. Бұл бөлім кейбір өсімдікте қатайып сүйекке айналып кетеді.(өрік, шие, алхоры) кейбіреуінде жұқа үлпек болып қалады (үрмебұршақ, бұршақ т.б.).

3.Мезокарпий — экзокарпий мен эндокарпийдің арасында орналасқан жеміс серігінің негізгі бөлімі. Бұл кейбір өсімдіктерде жетілмей кабыршаққа айналады(бұршақ, үрмебұршақ, сүмбіле), кейбір өсімдікте жақсы жетіледі және шырынды (өрік, шабдалы, алхоры т.б.) болады.

Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп үлкен 2 топқа бөлінеді.



Шырынды жемістер. Шырынды жемістердің денесіндегі етінің барлық бөлімі жұмсақ және шырынды болады немесе оның жарым-жартысы катайып барып сүректеніп кетеді. Шырынды жемістер — жидек жеміс (тошала, қызамық, жүзім), жидек тәрізді жеміс (асқабақ, қарбыз, қауын, қияр) және сүйекті жеміс (алхоры, өрік, шие, шабдалы) деп бөлініп келеді.

Өсімдіктің тегіне, пайда болу жолына, құрылысына карай жемістер — нағыз жеміс, жалған жеміс, күрделі жеміс, шоқжеміс болып келеді.



Нағыз жеміс гүлдің тек түйінінен өсіп шығады. Мұнда гүл түйінінің қабырғасы қалыңдап етжеңді жеміс қабырғасына айналады. Оны перикарпий немесе жеміс серігі деп атайды.

Жалған жеміс — жеміс серігі аналықпен бірге гүл кіндігінен өсіп жетіледі. Жалған жемістің құрылысы бірдей емес. Мысалы, алма мен алмұрттың жеміс серігі етті гүл кіндігі болады. Онан ішкері тұқымды қоршап жататын бөлімдері гүл түйінінің қабырғасынан пайда болған арқаулық ұлпалардан құралған. Қауын қарбыз, асқабақ жұмсақ бөлімі — жеміс серігі. Оның сыртындағы қабық бөлімі - гүл кіндігі (ол итмұрында -Rosa саnina Z).

Күрделі жемістер - бір гүлдегі аналықтардан пайда болады. Мысалы, танқурай (Rubus Z), қара бүлдірген (R. Saxatilis) т.б.

Шоқ жемістер — гүл шоғырындағы жеке гүлдерден өсіп шыққан жемістердің жиынтығын айтады. Мысалы, тұт ағашының әрбір етжеңді жеміс жидектері жеке-жеке жалған жемісшелерден құралады да, олардың жеміс серіктері өзара бірігіп кетеді. Жүзім гүл шоғырынан пайда болған жидектері піскен кезде жеке-жеке жеміс серігі болады. Анасының гүл шоғырының негізгісі етжеңді болады, оған масақтанып орналасқан жеке гүлдер жидекке айналады.

Құрғақ жеміс. Құрғақ жемістің жеміс серігі құрғақ сүректенген болып келеді. Кұрғақ жемістерді қақырайтын және қақырамайтын құрғақ жемістер деп бөледі. Қақырайтын құрғақ жемістердің мынадай түрлері бар: боб (бұршақ, үрмебұтақ, қараған сияқты т.б. бұршақ тұқымдастардың жемістері), бұршаққын (шалқан, panс - Brassica), қорапша (меңдуана, қараот, мыңтамыр, көкнар (Papaver Z). Қақырамайтын құрғақ жемістердің түрлері, бұған: дән (арпа, бидай т.б.), жаңғақ (балқарағай), қанатты жеміс (үйеңкі), шошқа жаңғақ (емен), тұқымша (күнбағыс, бақбақ).

Боб (бұршаққап) — жеміс жапырақшадан пайда болған бір ұялы құрғақ жемістің түрі. Бұршаққап жемістерінің ішінде бір, екі және көп тұқымдары болады. Көпшілігі көп түқымды. Піскен кезде оның бауыр және арқа жағындағы жіктері бірдей қақырайды, ішінен бұршақ жемістері (мысалы, бұршақ, лобия, соя, ақмия, акация т.б.) төгіледі.

Мия (Glucurriza Z) - бұршақ қабының ішінде орналасқан жеке тұқымдарының екі арасы көлденеңінен бөлініп жатады, мұндай жемістерді бунақты бұршаққап деп атайды.Қақыраған кезде мия бұршаққабы шашылып, әртүрлі табиғи құбылыстардың (жел, жаңбыр т.б.) әсерінен алысқа таралады.

Қауашақ - екі немесе одан да көп жеміс жапырақшасынан пайда болған көп тұқымды, бір, екі немесе көп ұялы. Қақырау жолы өсімдік түріне байланысты біреуінде қақпақшасы төбесінен ашылса (меңдуана, көкнар, қара от, мыңтамыр т.б.) екіншісінде төбесіндегі жіктерінен ашылады (қызғалдақ, мақта, пияз, қоңырауша т.б.), ал кейбіреулері төбесіндегі ирекшелері арқылы (қалампырлар, наурызгүл) және жоғарғы жағынан бастап төменге қарай тартылған жіктері арқылы шытынап қақырап ашылады (қоғажай, қоңыраугүл т.б.), бөлшекті қауашақтар да (сүттіген, құлқайыр) кездеседі.

Бұршаққын және бұршаққынша. Бұл екі жеміс жапырақшасынан пайда болған қос ұялы құрғақ жеміс. Егер енінен ұзындығы 3-4 есе артық болса бұршаққап деп аталады, ені мен ұзындығы бірдей болса, не шамалы ғана енді 0,5-1 есе артық болса бұршаққынша деп аталады, мысалы: жұмыршақ (Capsella Medic), ярутка (Tһlaspi Z) жемістері жатады.

Бұршаққынды жемістерге левкой (Маtthiola Вr), шалқан (Brassica rара) т.б. жатады. Бұршаққынның іш жағында ұзынынан бойына тартыла біткен қалтарысы болады. Қалтарыстың жиегіне жабысып майда тұқымдар өседі. Қалтарыс жемісті екіге бөліп тұрады.

Қақырамайтын құрғақ жемістердің бір ғана тұқымы болады. Олар дән, жаңғақ, қанатты жеміс, тұқымша т.б.

Дән — бір тұқымды құрғақ жеміс, астық тұқымдастарының дәндері (арпа, бидай) жатады.

Жаңғақ - жеміс серігі қатайып, сүректеніп кеткен, бір тұқымды, құрғақ жаңғақ (балқарағай).Түқымша - екі жеміс жапырағынан пайда болған, қауыз тәрізденген жеміс. Өсімдік тұқымшасының бір шетінде айдарша тәрізді өскіншелері болады, олар жемістен жел арқылы таралады (бақ-бақ, күнбағыс, бетеге т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет