Тапсырмалар: Гербарийге стробилдері бар өркендер алынады. Морфологиялық сипаттама жасау үшін мына схеманы пайдаланады:
1.Өсімдік:
а) өркені бар: тек ұзарған, екі түрлі типі бар ұзарған және қысқарған;
б) мәңгі жасыл; жазда ғана жасыл болатын
2. Жапырағы
а) ине тәрізді, қабыршақ тәрізді;
б) ине тәрізділердің формасы: жалпақ жалпақтау-ойыс, төртқырлы; төбесі үшкір, ойыс;
в) ұзындығы
г)орналасуы: спиральдің бойымен, қарама қарсы, топтасып, бұрмаланып (екіден және т.с.с)
3. Аналық стробилі (пісіп жетілген)
а) кеңістікте орналасуы: салбырап тұрады, тік тұрады
б) формасы: цилиндр тәрізді, сопақша, дөңгелек және т.б.;
в) ұзындығы
г)үзіліп түсуі: дәндері төгілгеннен кейін бірден түсіп қалады, 3-4 жыл өткен соң түседі, жекелеген бөліктері біртіндеп түседі;
д) тұқымдық қабыршақтары: бар, жоқ; кескіні-сүректенген, шырынды; формасы(суреттер).
2-3 түрін сипаттап жазады және анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |