Биология кафедрасы



бет37/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
Байланысты:
Ботан. Лаб сабаққа 2020-2021 (1)

Бақылау сұрақтары:

  1. Папоротник тәрізділердің қазіргі кездегі басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы неде?

  2. Еркек папоротниктің тірішілік циклы қандай?

  3. Әртүрлі споралы папоротниктердің спорафиті мен гаметофитінің айырмашылығы неде?

  4. Папоротник тәрізділердің құраласы қандай?


Лабороториялық сабақ №18
Лабороториялық жұмыстың тақырыбы: Ашық тұқымдылар бөлімі
Мақсаты: Кәдімгі қарағайдың және басқа да қылқан жапырақтылардың құрылымдық ерекшеліктері және таралуы танысу.

Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: Кәдімгі қарағайдың және басқа да қылқан жапырақтылардың стробилі (шишкасы) бар гербарий үлгілері. Осы түрлердің фиксаторға салынған жас аналық және аталық бүрлері, пісіп жетілген стробилдері.

Жұмыстың орындау барысы: Құрылысы. Ашық тұқымдылардың қылқан жапырақтылар класының өкілдері негізінен ағаштар, сиректеу бұталар. Ағаштары кейде ересен үлкен болады және 4 мыңнан астам жыл өмір сүреді. Көп жжағдайда екі түрлі сабағы болады: ұзарған және қысқарған. Жапырақтары көп жағдайда жіңішке, ине тәрізді, бірақ ертеректе пайда болған туыстарында ланцетті және жалпақ ланцетті болып келеді. Кейбір қылқан жапырақтылардың жапырақтары қабыршақты болып келеді (кипарис, арша). Жапырақтары көп жағдайжа отырмалы, кейде олардың үстіңгі ұшы ойық (май қарағай), көлденең кеесіндісі жалпақ, төртқырлы, жұмыр, ұзындығы 1-2 см-ден 30-40 см-ге дейін барады. Қылқанда бір ғана жүйке болады, ал жалпақ жапырақтарында көптеген параллель жүйелері болады. Қылқан жапырақтылардың бал қарағай, жалған бал қарағай және метасеквойя туыстарынан басқаларының бәрі мәңгі жасыл өсімдіктер.

Көбеюі. Бір үйлі, сиректеу екі үйлі өсімдіктер. Бүршіктері дара жынысты. Аталық бүршіктері көп жағдайда топтасып, жапырақтардың қолтығында сиректеу бүйірлік өркендердің ұштарында орналасады. Микроспорафилдері редукциға көп ұшыраған, қабыршақ тәрізді немесе қалқан тәрізді. Аналық бүршігінің құрылысы алуан түрлі болады. Микроспорафилдерінде бірден бірнешеге дейін тұқымбүрлері орналасады. Интегументі көп жағдайда үш қабаттан тұрады: ортаңғысы қатты, ал сыртқы және ішкісі жұмсақ. Архегониясы екеу, бірақ көпте бола береді. Гаметофиттерінің пайда болуы, тозаңдануы, ұрықтануы және тұқымның пайда болуы жоғарыда сипаттап жазған қарағаймен бірдей болады.

Классификациясы. Қылқан жапырақтылар класы жеті қатардан тұрады. Олар: Вольцилар қатары – Voltziales, Подозамиттер қатары – Podozamitales, Араукариялар қатары – Araucariales, Қарағайлар қатары – Pinales, Кипаристер катары – Cupressales, Подокарпустар қатары – Podocarpales, Тиссалар қатары – Taxales.

Олардың ішінде бұрыңғы одақтас республикалардың территориясында үшеуінің (қарағайлар, кипаристер және тиссалар қатарлары), ал Қазақстан тек екеуінің ғана өкілдері (қарағайлар және кипаристер қатарлары) кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет