Қарағайлар қатары. Қарағайлар қатары бір ғана қарағайлар тұқымдасынан тұрады. Ол тұқымдастан он туыс, 250 – дей түр бар. Аса кең тараған туыстарына мыналар жатады: май қарағай, шырша, бал қарағай, қарағай.
Май қарағай туысы. Май қарағайдың дүние жүзі бойынша 40 – тай түрі бар. Олар солтүстік Америкада, оңтүстік – шығыс Азияда (7 – 8 түрі), Жер орта теңіз жағалауында, орталық Еуропада, Кавказда және Гималай тауларында, Сібірде өседі. Май қарағайлар аса үлкен ағаштар, бұтақтары топтасып орналасады. Қылқаны жалпақ болып келеді және жалғыздан орналасады, оның төменгі жағында, көп жағдайда екі ақ тсті балауыздан тұратын жолағы болады. Аналық стробилі көп жағдайда тік орналасады, бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, содан соң шашылып түсіп қалып отырады. Бұрыңғы Одақтас республикалардың флоасында май қарағайлардың 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Сібір май қарағайы бұрыңғы одақтас республикалардың Еуропалық бөлігінің солтүстік шығысында, батыс, орталық және шығыс Сібірде тува автономиялы облысында және Монголияда өседі.
Шырша туысы. Бұл туысқа Солтүстік Европада, Орталық және Шығыс Азияда, Солтстік Америкада кеңінен таралған 45 түр жатады. Қабығы ақшылдау сұр түсті бұтақтары, топтасын орналасқан, биік ағаштар. Қылқаны төрт қырлы болып келеді, жалғыздан орналасады, оның әр жағында бір-бірден ақ түсті жолағы болады. Тамыр системасы, көпшілігінде терең кетпейді. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер. Аналық стргбилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі. Тұқымдары піскен кезде срабилдері төмен қарап тұрады, содан соң, түгелімен жерге үзіліп түседі. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі кездеседі. Сібір шыршасы бұрынғы одақтас республикалардың Солтүстік-шығысында және Батыс Сібірде өседі. Кәдімгі шыршаға өте жақын.
Бал қарағай туысы. Азияда, Европада, Солтүстік Америкада кең таралған, 20 шақты түрлері бар. Шыршалы ормандардың құрамына кіреді. Үлкен ағаш, бұтақтары топтасып орналасады, жарықты жақсы көреді. Өсімдік жазда көктеп, қыста қылқандарын тастап отырады. Жапырақтары ұзарған сабақтарында біреуден, ал қысқарған сабақтарында топтасып орналасады. Тозаңдарының ауа қуыстары болмайды. Аналық срабилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, бірақ 2-3 жыл бойы, түспей ағаштың басында тұрады. Ағашы қызылдау, смолаға бай, аса берік, суда шірімей ұзақ сақталады. Сондықтан да оны шпалдар дайындауға, кемелер жасауға, шахтаның астына тіреу ретінде, отынға және қағаз алуға қажетті шикізат ретінде кеңінен пайдаланады. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 7 түрі, ал Қазақстан флорасында 1 түрі кездеседі. Батыс Европа бал қарағайы, Сібір бал қарағайы, Дауыр бал қарағайы.
Қарағай туысының жүздей түрі бар. Олар негізінен Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарында өседі, субтропикаларда тау ормандарын түзеді, бірнеше түрлері тропикалық облыстардың тауларында кездеседі. Бұлар үлкен немесе кішілеу ағаштар болып келеді, бұтақтары топтасып орналасады. Ұзарған сабақтары, жарғақ тәрізді қабырщақты жапырақтармен жабылған, олардың қолтықтарында қысқарған сабақтары жапырақтармен орналасады. Әдетте мұндай жапырақтар 2-5-тен топтасып орналасады. Аналық страбилдері 2-3 жылда пісіп жетіледі.
БОР флорасында 15 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі кездеседі. Қылқандары қысқарған сабақтарында бесеуден топтасып орналасады. Аралық стробилді тік орналасады. Тұқымдары ұрықтанғаннан кейін, екінші жылы күзде піседі. Жаңғақшалары пісіп жетілгенмен стробилдері ашылмайды. Дәнінің қанатшасы болмайды, спермодермасы қатты болып келеді. күнделікті өмірде дәндерін кедір жаңғақшасы деп атайды, олардың тамаққа және май алуға пайдаланады. Паллас қарағайы Қырымда, Закавказенің батысында, кіші Азияда және Балқанда орман түзеді. Пицунд қарағайы, БОР территориясында, Пицунда мысында өседі. Реликті түрі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |