Выбросы вредных веществ от Актюбинского химического завода в 2003 г., т/год
Типы
вредных
веществ
Наименование специфических
загрязняющих веществ
Объем выброса
Суммарное количество
всех веществ
Твердые
выбросы в
атмосферу
Пыль суперфосфата
Пыль боромагниевых руд
Пыль борной кислоты
Пыль апатита
Пыль серы
Пыль колчедана
Пыль огарка
Пыль боратовой руды
Пыль древесины
Дымовые газы
Прочие твердые выбросы
3829,163
4,320
0,464
0,246
0,703
0,023
4,562
2,074
0,294
2,132
5049,997
8893,972
56
Т а б л и ц а 2
Выбросы вредных веществ от Актюбинского химического завода
(средние по многолетним данным), т/год
Типы вредных веществ
Наименование специфичес-
ких загрязняющих веществ
Объем выброса
Суммарное количество
Твердые выбросы в атмосферу
Пыль суперфосфата
Пыль известняка
Пыль боромагниевая
Пыль борной кислоты
924,146
21,285
28,220 2332,842
Газообразные в атмосферу
Окислы серы
Окись углерода
Окислы азота
Фториды
14444,395
1366,843
63,954
2273,167 18382,07
Всего поступает в атмосферу
20714,412
Жидкие стоки
Серная кислота 213,71
213,71
Процесс производства серной кислоты контактным способом связан с меньшими выбросами
вредных веществ в атмосферу. При контактном производстве серной кислоты на 1 т продукции в ат-
мосферу выбрасывается 2,2 кг сернистого газа, при башенном — 16,1 кг окислов азота, в воздухе на-
селенных мест довольно низка концентрация этих веществ— 0,05 и 0,085 мг/м
3
. Нет выбросов в ат-
мосферу колчедановой пыли, так как отсутствует процесс сушки колчедана. Высокая выхлопная тру-
ба обеспечивает рассеивание загрязнений в верхних слоях атмосферы, «перебрасывая» факел за пре-
делы города.
Суперфосфатный цех загрязняет воздух выбросами, содержащими фтористый водород, пыль су-
перфосфата и известняка. Простой суперфосфат получают путем действия серной кислотой на апати-
товый концентрат. В результате реакции содержащийся в апатитовом концентрате фтор превращает-
ся во фтористый водород, который улавливается и используется в производстве кремнефтористого
натрия. Незначительная часть фтористого водорода выбрасывается в атмосферу.
Загрязнение атмосферного воздуха происходит за счет выбросов газов из камеры сушки извест-
няка и при сушке готовой продукции (фтористый водород, пыль суперфосфата). В борных цехах име-
ются выбросы пыли боратовой руды и борной кислоты при сушке сырья и готовой продукции. Сушка
сырья и готовой продукции осуществляется гоночными газами с последующей очисткой от пыли в
мультициклонах и рукавных фильтрах. Степень очистки от пыли составляет 98–99 %.
В целом Актюбинский химический завод загрязняет атмосферный воздух города за счет выбро-
сов пыли колчедана, апатита, кремнефтористого натрия, борной кислоты, боратовой руды, окислов
азота, сернистого газа, фтористого водорода. Из всех загрязняющих атмосферный воздух выбросов
главными являются окислы азота, концентрация которых во много раз превышает ПДК.
Таким образом, можно констатировать, что «специфические» загрязнители воздушной среды
г. Алга в основном не выходят за пределы ПДК, что обусловлено не проведением экологических ме-
роприятий, а «экономической ситуацией», приведшей к остановке суперфосфатного производства.
Вышеизложенное указывает на то, что в г. Актобе существенное влияние на уровень загрязнения
атмосферного воздуха города оказывают выбросы завода ферросплавов, ТЭЦ и, особенно, завода
хромовых соединений, расположенных на одной промышленной площадке, что и привело к форми-
рованию мощного источника техногенного загрязнения окружающей среды.
Список литературы
1. Безуглая Э.Я. Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов. – Л.: Гидро-
метеоиздат, 1980. – С. 182.
2. Слащев В.С., Искаков У.М. Экоструктуры Казахстана. – Алма-Ата: Рауан, 1992. – С. 290.
3. Молдашев Ж.А., Юрченко В.И., Засорин Б.В. Экологическое районирование промышленных центров Актюбинской об-
ласти. – Актюбинск., 1995. – С. 217.
4. Реймерс Н.Ф. Природопользование: Словарь-справочник. – М.: Мысль, 1990. – С. 637.
57
ƏОЖ 551. 553.6: 504 54 (574)
Ж.А.Қанапин, А.М.Сүйімбаева
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
НҰРА ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ЖЕЛ АРҚЫЛЫ ЛАСТАНУЫ
В статье излагаются материалы по определению месячных и годовых режимов направления
ветров, влияющих на распространение загрязнителей в бассейне реки Нуры. В летний период
они непосредственно вступают в контакт с биогенными компонентами, а в зимние месяцы их
поступление в речную воду ограничено, проникают лишь в снег и ледяную массу. С приходом
весны часть загрязнителей просачиваются в почву, а другая — в результате водной эрозии
стекает вниз по течению.
At this article are given material by definition of monthly and yearly regmes of voind
'
s derects, influ-
encing to the spreading of pollution in Nura river. At summer period it contacts with vital components
and at winter period their infusing to the river water is restricted; it penetrates only to snow or sky
mass. At spring the one part of pollution penetrates into the soil, and another one, in the result of ero-
sion pours down stream.
Егемен мемлекет болғаннан бері халқымыз Сарыарқа деп атайтын Орталық Қазақстанда орна-
ласқан Қарағанды аймағы уақыт өте келе ірі индустриялы-аграрлық өлкеге айналды. Жер
қойнауының бай болуы жəне аса бай жергілікті табиғат қорларын пайдалану көмір өндірудің, түсті
жəне қара металлургияның, машина жасаудың, химия жəне мұнай-химия өнеркəсібінің жедел өркен-
деуін қамтамасыз етті. Пайдалы қазындыларға бай, күшті денудацияланған ежелгі таулы өлке — Са-
рыарқа өңірі қыр өзендері жарып ағатын белесті жазықтармен жəне өзен аңғарларымен бөлінген.
Өзендердің ең ірісі бастауын Қарқаралы тауынан алатын Нұра шығыстан батысқа қарай құлап, Теңіз-
Қорғалжын көл алабына барып құяды. Осы Нұра өзені Қарағанды облысының əлеуметтік-экономика-
лық өмірінде алатын орны аса маңызды. Ал қазіргі таңда бұл өзеннің экологиялық жағдайы қауіпті
дəрежеде бағаланатындығы айқын. Осыған байланысты Нұра өзені алабының жел бағыттары арқылы
ластануы мəселелері оны экологиялық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.
Бүкіл Орталық Қазақстан өмірінің күретамырындай болып отырған Нұра өзені осы аймақтың
өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етіп отыр. Қазірдің өзінде бұл өзеннің бойын-
да 1,5 млн-ға жуық адам тұрады. Өзен суын ауыл шаруашылығында жəне тұрмыстық қажеттіліктері-
не тұтынады. Нұра өзенінің ластануы Теміртауда осыдан 50 жылдан астам бұрын синтетикалық ка-
учук зауытын салудан бастау алды. Кейіннен «Карбид» өндірістік бірлестігі аталған бұл кəсіпорын
көбіне ацет-альдегид шығарумен айналысты. Мұнымен қоса Қарметкомбинат (қазіргі Теміртау «Мит-
тал-Стил» ААҚ) пен КарГРЭС-1 кəсіпорындары да бұл өзенді аз ластандырып жатқан жоқ.
Нұра өзенінің ластануымен Мəскеуден келген жəне бұрынғы КСРО Геология министрлігінің ға-
лымдары сол кездегі үкімет тапсырысымен 1986–1988 жж. айналысты. Қазір оны əл-Фараби атында-
ғы ұлттық мемлекеттік университетінің ғалымдары, сонымен қоса Ұлыбританияның Гентан универ-
ситеті сияқты бірталай елдің ғылыми-зерттеу институттары зер салып зерттеуде. Нұра өзенінің ласта-
ну мəселесі Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау туралы ұлттық жоспарына енгізілген.
Нұра өзені алабында қазіргі өндіріс саласының экономикалық ерекшелігіне сəйкес келетін ан-
тропогендік факторлардың барлық түрі дамыған (ауыл шаруашылықтық, өнеркəсіптік, яғни техноген-
дік, түрлер). Осыған орай өзеннің экологиялық ахуалы өте нашар. Ал нақты айтатын болсақ, ластан-
дырушы көздерден Нұра өзен алабына жел бағыттары арқылы зиянды қалдықтар таралуы байқалады.
Бірақ осыған дейінгі эколог-мамандар бұл факторға аса назар аударып, көңіл бөлмей, толығымен тал-
қылап зерттемеген. Олай болса, ұсынылып отырған бұл жұмыстың мақсаты — жел бағыттарын зерт-
теп, олардың ластандырушы көздерден Нұра өзен алабына зиянды заттардың ауысуына əсерін бол-
жау. Мақсатты ашу барысында келесі міндеттер негізделді:
− Нұра өзен алабына əсер ететін жел бағыттарын анықтау үшін метеостанциялардың тізімін жа-
сап, сызба-нұсқасын түзу;
− осы метеостанциялардың мəліметтері негізінде Нұра өзені алабына əсер ететін желдерді
жүйелеп, айлық жəне жылдық сипатын беру;
− метеостанциялардың бақылау нəтижелеріне сүйеніп, жыл мезгілдеріне сəйкес жəне жылдық
орташа жел бағыттарын анықтап, мерзімдік динамикасының нұсқасын жасау;
58
− жоғарыдағы мəліметтерді сипаттау қорытындысына байланысты Нұра өзен алабының жел ар-
қылы ластану процесін анықтау.
Адам баласының сан ықылым заманнан бергі өмір-тіршілігін судан бөліп қарау мүмкін емес бол-
са, бүгін атам дəуірінде онсыз өмірді елестету тіпті мүмкін емес. Жер қойнауындағы кен байлықтары-
ның ішіндегі ең құндысы — су, ол табиғат құбылыстарын жандандырып, түрлендіретін қасиетке ие.
Жер бетінің ең көп бөлігін мұхиттар алып жатса да, бүгінгі таңның өткір мəселесі су болып қалып
отыр. Ал мұншалықты мол дүниенің үлесіне 2 %-ке жетпейтін деңгейі тұщы суға тиесілі екенін ойла-
сақ, бұл, əрине, қатты алаңдататын жағдай.
Нақты өзіміздің Орталық Қазақстандағы өнеркəсіптің, халық шаруашылығының, ауыз судың не-
гізігі көзі болып табылатын ірі өзендердің бірі — Нұра өзенінің экологиялық жағдайы апат дəреже-
сінде бағаланады. Ластандырушы көздердің зиянды қалдықтарының таралуына əсер ететін негізгі
факторлардың бірі жел бағыттары болып есептеледі. Бұл процесс ауа алмасуының бағыттарына жəне
жылдамдықтарына сəйкес, сол көзден əртүрлі қашықтыққа жетіп, мөлшерлері анықталады.
Қоғамның қазіргі таңдағы даму жағдайларында ластанудың негізгі көздері мыналар болып сана-
лады: 1) өнеркəсіптік мекемелер; 2) жылу беруші қондырғылар; 3) көлік; 4) ауылдық аудандардың
ауа бассейнін ластау көздері; 5) табиғи ластану көздері; 6) радиоактивтік ластану.
Ал Нұра өзен алабын ластандырушы көздерге жататын өнеркəсіптік мекемелерге жататындар:
Қарағанды-Теміртау өндірістік ауданында орналасқан Шахтинск химия тау-кен, Саран химия тау-кен
жəне Абай энерго-тау-кен шахталары, Оңтүстік Құлайғыр көлік карьері, Теміртау химия-металлургия
комбинаты, Ақтау көлік жəне құрылыс комбинаты, Қушоқы көмір карьері, Қарағанды урбоөнеркəсі-
бі, Теміртау «Миттал-Стил» ААҚ, «АБС-Энерго», «КарГРЭС-1» т.б. Осылардың барлығы дерлік қор-
шаған ортаны жел арқылы ластандырады. Бірақ бұрынғы зерттеушілер бұл факторға онша көңіл
аудармаған жəне толық талқылап, теориялық-практикалық қорытындылар жасамаған [1–2].
Нұра өзен алабында орналасқан метеостанцияларға тоқталатын болсақ, ең біріншісін өзен бастау
алатын шығыс бөлігінен қарастыруға болады. Қарқаралы метеостанциясы бұл өзеннен 45 км қашық-
тықта орналасқан, одан кейінгі өзеннің бастауы болатын Байқожа мен Ақбастау салаларының аралы-
ғында Бесоба бар. Ал Ақтау метеостанциясы Самарқан су қоймасының солтүстік бөлігінде, 12 км қа-
шықтықта орналасқан, ал осы су қойманың оңтүстігінде Қарағанды қаласы бар. Самарка метеостан-
циясы Нұра өзеніне Шерубай-Нұра саласы құйғаннан кейін 51 км-ден кейін өзен бойында орналас-
қан. Черниговка осы алынған метеостанциялардың ішіндегі ең батысындағы, Нұра өзенінің оң жақ
бөлігінде жайғасқан.
Жалпы жел қай құрлықта, қай географиялық нысанада болмасын горизонталды бағытта ауа та-
сымалы, атмосфералық қысымға байланысты əртүрлі бағыттарға қозғалып, жылдамдықтары да өзгер-
мелі болады. Мəселен, жылдамдықтарына байланысты Бофорт шкаласын қолданып баллмен есепте-
лінеді де, келесідей жіктеледі: 0 балл — 0 м/с — штиль; 4 балл — 5–7 м/с — қоңыржай жел; 7 балл —
12–15 м/с — күшті жел; 9 балл — 18–24 м/с — дауылды жел; 12 балл — >29 м/с — дауыл [3].
Осыларға сəйкес біз қарастырып отырған Орталық Қазақстан территориясында 4 баллдық қо-
ңыржай жел жыл бойы жылдамдығы біркелкі емес, өзгеріп тұратыны анықталды (1-кесте).
1 - к е с т е
Жел жылдамдықтарының градиациялық қайталануы, % (Қарағанды ГМО мəліметтері бойынша)
Жел, м/с
І
ІІ
ІІІ
ІV V VI VII
VIII IX X XI XII
Жыл.
0–1
20,5 21,6 21,6 18,5 20,2 20,2 19,1 22,9 22,7 18,5 18,2 22,6 20,9
2–3
30,6 27,9 30,6 30,8 28,2 33,3 35,4 35,4 36,4 32,5 34,0 32,5 32,1
4–5
24,4 23,6 26,4 25,5 25,8 27,1 27,6 26,1 25,0 26,4 25,5 23,9 25,4
6–7
13,1 15,4 12,6 14,3 14,0 12,6 12,6 11,3 10,2 14,5 13,5 12,6 13,1
8–9
6,6 7,5 6,1 6,8 7,6 4,3 3,9 3,2 4,2 5,1 5,6 5,9 5,6
10–11 3,2 2,3 1,6 2,6 3,0 1,9 1,1 0,9 1,2 1,8 2,1 1,7 2,0
12–13 1,2 1,0
0,7 0,9 0,8 0,4 0,1 0,2 0,3 0,8 0,7 0,6 0,6
14–15 0,3 0,6 0,3 0,4 0,4 0,1
0,1
0 0 0,2
0,3
0,1
0,2
16–17 0,1 0,1 0,1 0,1 0,1 0,1 0,1
0,2 0,1 0,1 0,1
18–21 0,0
0,1
0,0
0 0 0
22–25 0 0
Келтірілген кестеден Қарағанды қаласындағы жел жылдамдықтарының ай сайын өзгеруін көруге
болады [4]. Бофорт шкаласында көрсетілгендей, күшті жел (12–15 м/с) қыс айларында, яғни қаңтар
59
мен ақпанда, соғады, ал көктемге қарай жылдамдықтары азайып, жазда жəне күзде (шілде, тамыз,
қыркүйекте) 2–3 м/с бəсеңсігенін көруге болады. Бұл дегеніміз — ластандырушы көздерден атмосфе-
раға шығатын қалдықтар, негізінен, қыс айларында алысқа жеткізіліп, көктем, жаз, күз айларында қа-
шықтығы бойынша біртіндеп азаятын құбылыс.
Желдің жылдамдығымен қатар оның бағыты да зерттелетін нысанға тікелей қатысы бар, яғни
Нұра өзен алабындағы метеостанциялардың əртүрлі қашықтықта орналасатындығын ескере отырып,
олардан алынған мəліметтерге сүйеніп, осы аймақтардағы қаңтар, шілде жəне жылдық бағыттарын
%-тік мөлшерде есептеуге болады (2-кесте). Кестедегі мəліметтер бойынша, Нұра өзенінің шығыс бө-
лігінде орналасқан Қарқаралы аймағында жел бағыты қыс айында 39 %-ке дейін оңтүстіктен солтүс-
тік бағытқа қозғалады, ал жаз айларында ең азы шығыстан батысқа қарай соғады. Нұра өзені бастау
алатын Бесоба елді мекенінде де осыған ұқсас келеді. Алабтың ең көп ластанған аймақтарында, яғни
Самарқан су қоймасының солтүстік бөлігінде орналасқан Ақтау мен оңтүстігінде орналасқан Қара-
ғандыда, жаз аймақтарында (өзеннің оңтүстігінде) жел бағыттары, негізінен, солтүстіктен оңтүстікке
соғады. Қыс мезгілінде, керісінше, бірнеше есе артады. Одан кейінгі Нұра өзенінің бойында орналас-
қан Самаркада жел бағыттары қыста оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай ауысады, ал жазда
салыстырмалы түрде барлық бағыттарда бірдей болып келеді. Черниговка мəліметтері бойынша, қаң-
тарда жел 43 %-ке дейін оңтүстіктен соғады, ал жаз айында, керісінше, солтүстік жəне солтүстік-ба-
тыстан оңтүстік-шығысқа қарай ауысады.
2 - к е с т е
Қаңтар, шілде жəне жылдық бағыттары, % (Қарағанды ГМО мəліметтері бойынша)
Метеостанциялар
Мерзімі
с
сш
ш
ош
о
об
б
сб
Штиль
Қаңтар 28 19 5 3 3 2 19 21 18
Шілде 17 14 14 14 13 10 9 9 18
Қарқаралы
Жылдық 25 17 11
8
7
6 12 14 17
Қаңтар 28 22 4 2 2 3 19 20 39
Шілде 13 19 15 11 11 12 9 10 26
Бесоба
Жылдық
18 20 11 7 6 10 13 14 28
Қаңтар 23 20 7 2 4 9 18 17 15
Шілде 12 11 14 13 16 14 10 10 11
Қарағанды
Жылдық
16 16 11 6 9 11 12 13 12
Қаңтар 29 17 2 2 5 5 19 21 20
Шілде 13 11 12 16 11 18 9 10 16
Ақтау
Жылдық
21 13 7 10 8 12 13 16 17
Қаңтар 22 20 7 2 4 10 17 18 15
Шілде 11 10 14 13 16 14 10 12 11
Самарка
Жылдық
18 10 12 7 11 12 15 15 12
Қаңтар 22 29 5 2 4 13 12 13 20
Шілде 12 10 11 19 14 17 8 9 14
Черниговка
Жылдық
22 16 8 9 9 15 10 11 17
Атмосфераға көтерілген өндіріс қалдықтарының ауысу мөлшері ауа ылғалдығына тікелей байла-
нысты болады. Егер ылғалдылық мол болса, шаңның жылжу қарқындылығы азаяды жəне таралу күші
кемиді [5]. Сондықтан осы аймақтардағы ауаның ылғалдылығы да ластандырушылардың алыс-жа-
қынға таралуына өз үлесін қосады. Салыстырмалы түрде Орталық Қазақстан территориясында жер
бетіндегі су қоры тапшы, ал атмосфераның ылғалды болуы солармен тығыз байланысты. Жауын-ша-
шынның жылдық орташа есеппен мөлшері 224–266 мм. Бұлар, негізінен, жаз айларында (маусым,
шілде) түседі, ал ең аз ылғалдылық қаңтар мен наурыз айларында болады. Осы мəліметтерге сүйеніп,
орташа айлық жəне жылдық ауа ылғалдылығын % мөлшерінде есептеп шығаруға болады (3-кесте).
3 - к е с т е
Орташа айлық жəне жылдық ауа ылғалдылығы, % (Қарағанды ГМО мəліметтері бойынша)
Метеостанциялар I II III IV V VI VII
VIII IX X XI XII
Жыл.
Қарқаралы
74 73 74 65 57 56 59 60 61 67 73 75 66
Бесоба
76 76 76 67 57 55 57 58 58 69 76 77 67
Қарағанды
78 77 80 60 53 51 54 54 56 69 78 79 66
60
Кестеде көрсетілгендей, ең аз ылғалды мезгілдер мамыр айынан бастап қыркүйек айына дейін
(53–56 %), ал қыс айларында керісінше құбылыс байқалады (79–81 %). Жаз айларында атмосфераның
аз ылғалды болуының себебі — түскен жауын-шашын ағын əсерінен кетуі, күн сəулесінің түсу бұры-
шы т.б.
Сонымен, Нұра өзен алабының ластануы жел бағыттарының, оның жылдамдығының, атмосфера-
ның ылғалдығының əсеріне тікелей байланысты екенін көреміз. Осы мəліметтерге сүйеніп, Нұра өзе-
ні бойындағы лас қалдықтарды ескеріп (мыс, мырыш, мұнай өнімдері, азот амонийі, фенол, сульфат),
өндірістерден жел əсерінен тасымалданып, жыл мезгілдеріне байланысты əр кезде (көктем, жаз, қыс)
əртүрлі болып, əртүрлі мөлшерде өзен алабына түседі. Мəселен, жаз айларында түскен қалдықтар ті-
келей биогенді компоненттермен жанасып əсер етеді, оларда аккумуляцияланып, қалдықтары шіріген
кезде топырақтың құрамына енеді, ал топырақтың өзіне сіңген ластандырушы элементтер биогенді
бөгеттердің əсерінен эрозиялық жəне эолдық процестерге ұшырамай, көпшілігі сол орнында қалуға
тиіс деп болжауға болады. Ал қыс айларында олар тікелей өзен суына түсуі мүмкін емес. Себебі, Нұ-
ра өзені жылына 125–180 күн мұзбен қапталып жатады. Бұл кезде желдің жылдамдығы артып, кү-
шейіп, ластандырушыларды солтүстік бағытқа алып кетеді, көктем келе қар мен мұздың бойындағы-
лары топыраққа сіңіп, қалғаны су эрозиясы арқылы ойлы, ойпаң жерлерге барып, біразы Нұра өзен
алабына ілеседі. Бұл алабта орналасқан өндіріс орындарынан атмосфераға газ тəрізді заттар, яғни кү-
кіртті ангидрид, күкірт сутегі, көміртегі тотығы, азот диоксиді, метан, азот тотығы, фенол, аммиак,
формальдегид, көмірсутек жəне т.б. улы химиялық заттар тасталынады [6].
Осы аймақтағы урбоөнеркəсіпті Қарағанды қаласы мен мемлекетіміздегі ең ластандырушы қала-
лардың бірі Теміртауда атмосфераға шығарылатын ШРК мөлшерінен жоғары қосынды қалдықтардың
орташа жəне максималды концентрацияларымен қоса атмосфераның ластану интеграциясы да көрсе-
тілген [7].
Зиянды заттектер үшін биосфераның əр компонентіне арнайы белгіленген ШРК-ның шамалары
бар [8]. Оның ішінде атмосфералық ауадағы ШРК жұмыс аймағына максималды бір жолдық концен-
трациясы жəне орташа тəуліктік болып жіктеледі. Осыған сəйкес ластағыш заттектердің класын осы
көрсеткішке сүйеніп анықтайды. Адамға қауіпті класы ШРК мағынасына қарай 4 топқа бөлінеді:
1 класс (ШРК<0,1 мг/м
3
) — айрықша қауіпті; 2 класс (ШРК=0-1 мг/м
3
) — жоғары қауіпті; 3 класс
(ШРК=1-10 мг/м
3
) — орташа кауіпті; 4 класс (ШРК=>10 мг/м
3
) — болымсыз қауіпті.
4 - к е с т е
Қарағанды — Теміртау қалаларының атмосфералық ластануы
Орташа концентрация
Максималды
концентрация
Қала
АЛИ
∗
ШРК
∗∗
мөлшерінен
жоғары қосынды-
лардың аты
мг/м
3
ШРК
мг/м
3
ШРК
Шаң 0,1
-
1,1
2,2
Көміртегі оксиді 1
-
1,1 2,2
Азот диоксиді 0,03 - 0,39
4,6
Фенол 0,002
-
0,055
5,5
Қарағанды 4,6
Формальдегид 0,006
2,0 0,048
1,4
Шаң 0,2
1,2
1,1
2,2
Азот диоксиді 0,02 - 0,4 4,7
Күкірт сутегі 0,002
- 0,037
4,6
Фенол 0,008
2,7
0,047
4,7
Теміртау 6,9
Аммиак 0,08
2,0
0,46
2,3
_______________
∗ — атмосфераның ластану интеграциясы; ∗∗ — шектеулі рауалы концентрациясы.
Осыған жіктеу негізін 4-кестедегі мəліметтермен салыстырсақ, Қарағанды, Теміртау қалалары-
ның атмосфералық ауасында шаң, көміртегі оксиді жəне т.б. қосындылардың максималды концентра-
циясы бойынша арнайы белгіленген ШРК-ның шамаларынан бірнеше есе артық болып отыр. Метео-
станциялардың мəліметтері бойынша бағыты мен жылдамдығын ескере отырып, ауа бассейніндегі
қосынды қалдықтардың қайда барып түсетінін белгілеуге болатын мүмкіндік туындайды.
Жоғарыдағы айтылған мəтіннің негізінде келесі қорытындылар жасауға болады:
1. Нұра өзен алабына əсер ететін жел бағыттарын анықтау үшін Қарқаралы, Бесоба, Қарағанды,
Ақтау, Самарка, Черниговка метеостанцияларының мəліметтерін пайдаландық.
61
2. Осы метеостанциялардың негізінде Нұра өзен алабына əсер ететін желдерді жүйелеп, айлық
жəне жылдық сипаттары анықталды. Қыс айларында жел бағыты солтүстікке соқса, жаз айларында
оңтүстік бағытқа ауысады. Осыған сəйкес жылдық жел бағыттарының басым бөлігі оңтүстік жəне оң-
түстік-шығыс аймағынан соғады.
3. Жаз айларында түскен қалдықтар тікелей биогенді компоненттермен жанасып əсер етеді,
оларда аккумуляцияланып, қалдықтары шіріген кезде топырақтың құрамына енеді, ал топырақтың
өзіне сіңген ластандырушы элементтер биогенді бөгеттердің əсерінен эрозиялық жəне эолдық про-
цестерге ұшырамай, көпшілігі сол орнында қалуға тиіс деп болжауға болады.
4. Қыс айларында олар тікелей өзен суына түсуі мүмкін емес. Себебі, Нұра өзені жылына 125-
180 күн мұзбен қапталып жатады. Бұл кезде желдің жылдамдығы артып, күшейіп, ластандырушылар-
ды солтүстік бағытқа алып кетеді. Көктем келе қар мен мұздың бойында қалғандары топыраққа сіңіп,
қалғаны Нұра өзені ағынына ілеседі.
5. Нұра өзені алабының жел арқылы ластану процесіне Қарағанды–Теміртау атмосферасына шы-
ғарылатын ШРК мөлшерінен жоғары қосынды қалдықтары болып табылатындар: шаң, көміртегі ок-
сиді, азот оксиді т.б.
Əдебиеттер тізімі
1. Мухамеджанов О.Т. Антропогенное воздействие на геосистемы бассейна реки Нуры: Автореф. дис. ... канд. геогр.
наук. – Алматы, 1997.
2. Жетписов С.У. Геоэкологические проблемы Карагандинско-Темиртауского промышленного района и пути их реше-
ния: Автореф. дис. ... канд. геогр. наук. – Алматы, 2002.
3. Байшоланов С.С. Метеорология жəне климатология: Оқу-əдіст. құралы. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2000. – 95-б.
4. Научно-прикладной справочник по климату СССР. Сер. 3. – Ч. 1–6. – Вып. 18. Казахская ССР, Гидрометеоиздат, 1989.
– С. 108–145.
5. Гидрология и охрана окружающей среды горнорудных районов Северного Казахстана. – М.: Недра. – С. 142.
6. Канафин Ж.А. Нұра өзен алабының ластануы // География жəне табиғат. – 2004. – № 4.
7. Информационный экологический бюллетень Республики Казахстан: Итог. вып. — 2000. – Алматы: Мин. природн. ре-
сурс. и охраны окр. среды, 2001.
8. Ақбасова А.Ж., Сайнова Г.Ə. Экология: жоо. арнал. оқу құралы. – Алматы: Бастау, 2003. – 60-б.
|