Қатар тұрған ұш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 ға тең.Ол қандай сан?
Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады.Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?
Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше тауық,неше бұзау болуы мүмкін?
1 т мақта ауырма ,10 ц темір ауырма?
Інісінің 14 асығы бар,ағасының одан бес асығы артық.Екеуінің неше асығы бар?
9 бен 27 сандарыныңарасындақаншажұп сан бар?
Отбасында жетіқызжәнеәрқайсысындабір-біріненінісібар.Отбасынданеше бала бар?
Кенжетай 1968 –жыл 29-ақпанда дүниегекелген. Қазір 41-жаста болса осы кезге дейін неше рет туған күн жасады?
Айсұлубір сан ойлады. Оны 5 кебөліпнәтижесін 28 ден азайтып еді,3 шықты. Ол қандай сан ойлаған?
Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой. 44444444 = 500
Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой. 333333 = 1000
Қалаға 100 турист келді, олардың 10-ы немісше де, французша да білмейді. 75-і тек немісше, ал 83-і тек французша сөйлейді.Неше турист екі тілде де сөйлейді?
Квадрат пішінді бөлмеде 10 орындықты әр қабырғада орындықтар саны бірдей болатындай етіп қалай орналастыруға болады?
Бес таңбалы 52*2* саны 36-ға бөлінеді. * орнына қандай цифрлар қою керектігін анықтаңдар. Есептің барлық шешімдерін көрсетіңдер.
Үшбұрыштың үш төбесіне 1,2,3 сандары қойылған. Қосындысында 17 болатындай тағы алты санды: 4,5,6,7,8,9 қалай қоюға болады?
Немересінің жасы неше ай болса, әжесінің жасы сонша жыл, ал олардың жастарының қосындысы 52-ге тең. Немересі нешеде? Әжесі ше?
Сіріңке шиінің ұзындығы 4,5 см.13 шиден метрді қалай құру керек?
8 лақ пен 9 қазды 5 қораға аяқтарының саны 10 және әр қорада лақ пен қаз болатындай етіп қалай орналастыру керек?
Кез келген амал мен 6 цифрын 3 рет қолдану арқылы 30 санын жазыңдар.