Логикалық сұрақтар жауаптарымен: Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?
Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?
4 ұл да неше саусақ бар?
Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
Үлкен ағасында 2кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті алғанда, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі? (5)
5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минутта, бәрін бірге саламыз).
Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесінжанып кетті).
Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? ( үтір )
Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?( 6 бала ).
Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қызғанышпен қарады. Әсет әлі неше минут Азатқа қызғанышпен қарайды? (14мин)
Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (2)
Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)
3 әкесі мен 6 ұлы 42 алма сатып алды. Әрқайсысына 6 алмадан тиді. Бұл қалай? (1ата, 2 әке, 4 бала)
Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадық, бірақ сенде ылғи 3 теңгелік, ал сатушыда 5 теңгелік. Тығырықтан шығар жол бар ма? (24 теңге төлейді)
Сымбаттың 2 қуыршағы, 3 алмасы, 1 шоколады, 2 апельсині, 5 шабдалысы, 1велосипеді бар. Сымбаттың қанша жемісі бар? (10)
Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады? (44)
Көгілдір түстес 3 тоты құс 3 кг жемді 3 күнде, жасыл түстес 5 тоты 5 кг жемді 5 күнде, ал сарғыш түстес 7 тоты 7 кг жемді 7 күнде жеп тауысады. Тотылардың ең қомағайы қайсысы? (көгілдір түстес)
Аспанда бірнеше құс ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше құс ұшып барады? (3)
Бір жанұяда екі әкесі, екі баласы бар. Барлығы нешеу? (үшеу: атасы, әкесі, баласы)
Бір жанұяда 5 ұл бар, олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (алты)
Үстел мен креслоның арақашықтығы – 3 метр. Егер үстелді де, креслоны да 2м оңға жылжытса, олардың арақашықтығы неше метр болады? (3 метр)
Тәулік қай кезде қысқарақ, қыста ма әлде жазда ма? (бірдей)
Егер 6 тонна алманы 3 кг-дық пакеттерге орау керек болса, қанша пакет қажет? (2000)
Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қоса есептегенде қанша болады? (20)
Үйректер ұшып келе жатыр: біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз-қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатқанын есептеңдер. (3)
Екі санның қосындысы сегізге тең, айырмасы екіге тең, көбейтіндісі он беске тең. Олар қандай сандар? (5 пен 3)
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)
Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (6 балаға бір бауырсақтан бір бала бауырсақты тәрелкесімен алады)
Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең, 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады? (10+10+9=29, 10+5+10+5+9+5=44)
Үш дос қыз кездесті. Біреуі қара көйлек, екіншісі қызыл, ал үшіншісі ақ көйлек киген екен. Егер Сәуленің көйлегі қызыл да, қара да емес, Дананың көйлегі қызыл болса, онда Қатираның көйлегі қандай? 20 . Отбасында 7 қыз және әр қыздан бір –бірден бауыры бар .Отбасында барлығы неше бала?(8)
Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді ,аңшы оның 2 – ін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды?(2 – уі қалды,қалғандары ұшып кетті)
Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді.Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүреді?(14 км)
Үш түйе ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды ?(түйе құс ұшпайды )
Тек 6 цифрын 3 рет пайдаланып 30 санын өрнекте: (6 • 6 – 6)
Қандай санның жазылуында қанша әріп бар болса сонша цифр бар ?
( 10 және 100 )
Үш ағайындының жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болатынын анықтаңыз. (53)