Биология пәніне арналған логикалық тапсырмалар 1-тапсырма



бет1/9
Дата28.04.2023
өлшемі27,42 Kb.
#87791
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Биология пәніне арналған логикалық тапсырмалар
1-тапсырма.
Шаштың ұшын қиғанда біз ауырсынуды сезбейміз, ал түбінен тартқанда ауырсынуды сеземіз? Мұны қалай түсіндіресің?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жауабы:шаштың ұшы өлі жасушадан, түбі тірі жасушадан тұрады.
2-тапсырма.
Жүкті әйелдің толыққанды емес баланы дүниеге әкелуіне ашу-ызаның зияны бар ма? -------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жауап: Иә, себебі ұрық дамуының алғашқы сатысында адамның жүйке жүйесі қалыптаса бастайды.
3- тапсырма
1.Тері-адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әртүрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар.
Сұрақ: Қыс мезгілінде адамдар жаурап қалмауы үшін жылы қыстық киімдерін киеді. Сонда адам неліктен тоңбайды?
Жауап: Жылы киімдер(іштегі жылу) адам ағзасындағы жылуды сыртқа жібермейді.
4-тапсырма.
Біз үй тұрғызғанда оған қанша кірпіш кететінін есептеп шығара аламыз. Ал бірақ адам ағзасындағы жасушаның санын нақты біле алмаймыз. Неге?
Жауап: Тіршілігін жойған және зақымданған жасушалар өздігінен жаңарып отырады. Регенерация құбылысы жүреді.
5- тапсырма:
Скрипка ойнаған адамның қай құлағы дұрыс естімей қалады.
........................................................................................................................
Жауабы: Өйткені скрипканы сол жақтағы иықпен ойнап сол құлағына дыбыс күші түскендіктен.
6-тапсырма
Жас балалар күніне бірнеше рет құласа да сүйектері сынбауы мүмкін, ал егде адамдар сүрініп жығылған жағдайда сүйектері сол мезетте сынып жатады. Неліктен?
Жауабы:
Жас балалардың сүйегінің құрамында органикалық зат оссеиннің көбірек болуына байланысты. Органикалық заттар сүйекке иілгіштік және серпімділік, бейорганикалық заттар мықтылық пен сынғыштық қасиет береді.
7-тапсырма Ішімдікті пайдаланған адам биіктен құлап кеткен жағдайда, ол адамның сүйегі сынбай аман қалуы мүмкін. Оны қалай түсіндіресіз?
Жауабы: Ішімдікті пайдаланған адамның бұлшық еттері босаңсиды, ми мен бұлшық еттің арасында байланыс болмайды, ол адам қауіпсіздікті сезінбейді.
8- тапсырма. Сүйектің мықтылығына жілік басындағы сүйек талшықтарының айқаса орналасуы беріктік қасиет береді. Бұл қасиет көпір, мұнара салуда қолданылады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет