Биология пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық тапсырмалары а бөлімі



бет1/2
Дата18.05.2023
өлшемі278,89 Kb.
#94412
түріҚұрамы
  1   2

Биология пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық тапсырмалары

А бөлімі
1. Тек өсімдік жасушасына ғана тән
A) рибосома
B) хлоропласт
C) цитоплазма
D) митохондрия
2. Өлі табиғатта ең қауіпті пестицидтер қайда жиналады?

А) ормандарды және тауларда


В) топырақта және ауада
С) топырақта және жерасты суларында
D) мұхиттар мен теңіздерде

3. Қандай жасушалар жүйке ұлпасының құрамына кіретіндігін көрсетіңіз:


А) лимфоциттер
B) эритроциттер
C) глиальды(серік жасушалары)
D) фагоциттер

4. Хромосомалардың әртүрлілігі бар, сүйектерде болатын гендердің саны.


А) 547
В) 17
С) 904
D) 261 5. Алғаш рет тұқым және нағыз мықты тамырлар пайда болған ең ежелгі тұқымды өсімдіктердің бөлімі

А) ашықтұқымдылар


В) жабықтұқымдылар
С) мүктәрізділер
D) шаңжыпырақтәрізділер

6.Эпиблема орналасады


А) өсу аймағында
В) бөліну аймағында
С) сору аймағында
D) тамыр оймағында

7. Бір түр басқа ағзаны немесе оның мекенін тіршілік ету үшін пайдаланған кездегі қатынас формасын анықтаңыз


А) симбиоз
В) пәтерлестік
С) мутуализм
D) паразитизм

8. Көмірқышқыл газын сіңіріп, оны көмірсуға айналдыратындар:


A) ыдыратушылар
B) консументтер
C) продуценттер
D) редуценттер

9. Қоректік тізбегінің дұрыс реттілігін анықтаңыз


A) құстар-жыландар-бақалар –шегірткелер –шөп


В) шөп - шегірткелер –– бақалар- жыландар- құстар
С) шегірткелер - бақалар шөп– жыландар- құстар
D) Бақалар- шөп - жыландар -құстар -шегірткелер
10. Сүйектерге қаттылық мен мықтылық береді
А) органикалық және бейорганикалық заттар
В) тек бейорганикалық заттар
С) тек органикалық заттар
D) сүйектің барлық химиялық заттары
11. ДНҚ нің құрамына кірмейтін:
A) тимин
B) урацил
C) аденин
D) гуанин

12. Төменде берілген мүшелердің қайсысында оттегі сіңіріледі және газ алмасу жүретіндігін көрсетіңіз


A) өкпеде
B) өкпе көпіршіктерінде
C) кеңсірікте
D) бронхларда
13. Өз нәруызын синтездейтін және тұқым қуалайтын ақпарат
жүзеге асыруға қатысатын мембранасыз ең кішкентай органоидты атаңыз:

А) лизосома


В) эндоплазмалық тор
С) митохондрия
D) рибосома

14. Бүйректегі қанның сүзілу себебін атаңыз


A) капсула шумақтарының капиллярларындағы төмен қысым
В) бүйректің барлық қан тамырларындағы бірдей қысым
С) капсула шумақтарының капиллярларындағы жоғары қысым
D) заттардың қанға кері сіңірілуі

15. Жасушадағы энергия стансасы


А) лизосома
B) рибосома
C) цитоплазма
D) митохондрия


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет