Биологиядан экологиялыќ жјне ўлттыќ мазмўндаєы есептер


Жауабы: 100-150 мг, 1000-1500 мг



бет4/32
Дата01.04.2023
өлшемі341 Kb.
#78163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
biologiya-pnnde-oushylardy-funkcionaldy-sauattylyyn-arttyru-bayandama

Жауабы: 100-150 мг, 1000-1500 мг.


Есеп №6
Қазақстанда өсірілген алқа тұқымдасының өкілі картоп құрамында нәруыз бен көмірсуы мол құнарлы тағам. Осындай 1 кг картоптан адам ағзасы өзіне 20% нәруыз, 40% көмірсу, витаминдер және минералды заттар алады. Адам 10 кг картопты пайдаланғанда қанша грамм нәруыз және көмірсу қабылдайды?
Жауабы: 2000г (нәр); 4000г (көм)


Есеп № 7

Егер де Қазақстанда балқарағай өсетін орманды көбейтсе 1 м3 балқарағай ағашынан 2 мың жұп шұлық, 1500 м жібек матасын, 7 мың литр шарап спиртін дайындауға болады. 42 мың литр шарап, 9 мың метр жібек матасын алу үшін қанша балқарағай ағашы қажет?




Жауабы: 6 м3


Есеп № 8

Қазақстанның шөлді аймақтарында құмды бекітуге пайдаланады. Шөлдің құмды жерлерінде өседі, жапырақтары жетілмегендіктен, ағзалық заттар жас өркенде түзіледі. Діңі қисық, морт, мықты болып келеді, жаққанда жылуы мол болады. Жас өркендерін қыста түйе, қой жейді.Бұл қандай өсімдік?


Жауабы: Ақ сексеуіл
Есеп № 9

Асқабақ тұқымдастардың көкөністік түрі. Гүлі қосжынысты түрі сирек кездеседі, көпшілігі даражынысты. 30-ға жуық түрлері бар. Бұл қауын туыстас өсімдік. Жемісі - қабақ, тағамға пайдаланады. Жемісінің құнарлылығы бойынша ең төмен өсімдік. Өсімдікті күнделікті өмірде жие пайдаланамыз. Қандай өсімдік?


Жауабы: Қияр
Есеп № 10

Біздің республикамыздың тыңайтылған жерінде өсірілген шитті мақтаның қоза қауашақтарының әрқайсысынан 7 грамға дейін таза мақта алуға болады.Осындай мақтаның тұқымынан талшықты бөліп алғанда 100 кг шиті мақтадан 25-42 килограмға дейін таза талшық алынады. 420 кг таза талшық алу үшін қанша шиті мақта алу қажет?


Жауабы: 1000 кг шиті мақта


Есеп № 11

Бұршақ тұқымдасына жататын беде өсімдігі – азот жинағыш.Оның бір жыл өскен дақылы 1 гектар жерде 3 центнерге дейін азотты байланыс түзеді. Қазақстанның далалық аймағында өсетін беде өсімдігі 7 жылда 30 гектар жерде неше центнерге дейін азотты байланыс түзеді?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет