Жауабы: 39600 г, 55000 г
Есеп №7.
Қазақстанда омарта шаруашылығы Шығыс Қазақстан өңірінен бастап дамыды. Бұл бірте-бірте Жетісу аймағына және т.б. Қазақстанның барлық жерлеріне кеңінен тарады. Омарта шаруашылығын дамыту қай ғасырдан басталды?
Жауабы: ХІХ ғасырдың бас кезінде.
Есеп №8.
Етті бағытта өсірілетін қолтұқымдарын 3-4 айында сояды.Үй қоян өте өсімтал, бір аналық үйқоян 3-6 рет ұрпақ береді. Әрбір ұрпақ берген кезде 6-8 көжектен туады.Осындай аналық қоян 2 жылда 8 көжектен, 5 рет ұрпақ берсе қанша көжек туады?
Жауабы: 80 көжек
Есеп №9.
Қазақстанда Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданында 9 бұғы шаруашылықтарында қазіргі кезде 6 мыңнан астам бұғы бар. Бұл бұғылардың сүйектенбеген мүйізінен өте бағалы дәрі алынады. Ол қандай дәрі?
Жауабы: Пантокрин
Есеп №10.
Қазақ халқының ұғымындағы «12 түйе, 10 жылқы, 9 сиыр, 5 ешкі, 1,5 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң бұл күлкі!» деген жұмбақта не туралы айтылған ?
Жауабы: Әрбір жануардың буаз болу мерзімі нақты айтылған.
Есеп №11.
Кең байтақ даламыздың көркі «Сахараның ботакөзі » халқымыз киесі бар деп қадірлейтін жануар.Ол қандай сүтқоректі жануар?
Жауабы: Ақбөкен немесе Жезкиік
Есеп № 12.
Қазақстанда күркетауықты бағу жыл санап өсіп келеді. Оның еті сіңімді, құнарлы.Орташа салмағы 9-12 кг. Етінің құнарлы болуы құрамында қандай бағалы органикалық зат мол болуына байланысты?
Жауабы: Нәруыз
Есеп № 13.
Батыс Қазақстанда жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары жылына 220-250, кейде одан да көп жұмыртқа береді. Осындай жұмыртқалайтын 300 тауық бір жылда қанша жұмыртқа береді?
Жауабы: 66000 жұмыртқа, 75000 жұмыртқа
Есеп № 14
Каспий теңізінде кездеседі. Олар уылдырық шашу үшін Жайық өзеніне көтеріліп өрістейді. Еті құнды, уылдырығы өте бағалы балық. Ол қандай балық?
Достарыңызбен бөлісу: |