Жауабы: 630 центнерге дейін азотты байланыс
Есеп № 12
Батыс Қазақстанда өсіру үшін басым бөлігін көшет арқылы отырғызады. Жылу сүйетін алқа тұқымдасының өсімдігі. Жемісі және жемісінен алынған шырын тағамға пайдаланады. Жеміс құрамында С,Р,В,А,К витаминдері өте көп бір жылдық көкөністік өсімдік. Ол өсімдікті ата?
Жауабы: Қызанақ (памидор)
Есеп № 13
Қазақстандағы бидай - аса бағалы астық тұқымдасына жататын өсімдік.Ауыл шаруашылығында бидайды сыртқа сату дұрыс жолға қойылған. Осы бидай тұқымын егудің негізгі әдісі –тар қатарлы және айқаспалы себу. Тұқымды сіңіру тереңдігі 5-6 см. Тұқымды себу нормасы 1 гектарға 160-250 кг. 2600 гектар жерге қанша килограмм бидай егіледі?
Жауабы: 416000-650000 килограм бидай егіледі
Есеп № 14
Кәдімгі үлпілмәліктің тұқымында 40-58 %-ға дейін өте тұтқыр кеуіп кетпейтін май болады.Төмен температурада қатпайды және бензинде нашар ериді. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларында, Батыс Тәңіртауда таралған бір жылдық өсімдік. Суарылмаған жағдайда гектарынан 7-12ц, суармалы егістіктен 16-20 ц түсім алынады. Осы өсімдік кәдімгі үлпілмәлікті қандай маңызы бар және қандай өнеркәсіпте пайдаланады?
Жауабы: Майы авияциялық моторды майлауға, металлургияда, тері,
мата, сабын алу өнеркәсіптерінде және медицинада іш жүргізуге
пайдаланады.
Есеп № 15
Қазақстанда құлқайыр тұқымдасына жататын бұйдакендір Каспий теңізінің маңында, Мұғалжарда, Торғай, Балқаш-Алакөл ойысында, Іле, Күнгей Алатауларында өседі. Жарық сүйеді, ыстыққа төзімді, ылғал жеткіліксіз болса төзімсіз. Сабақтарында 17-27 % талшық бар, тұқымында тек техникалық мақсатта пайдаланатын 18-20% май болады. 10-12 температурада кең қатарлы әдіспен тұқымын егеді. 3-6 см тереңдікке гектарына 12-20 килограмм тұқым сеуіп өнім жинайды.Бұл өсімдікті қай уақытта не үшін жинап алады?
Достарыңызбен бөлісу: |