Биологиялық ғылымдарың зерттеу объектісі және қасиеттері бойынша тізімдеңіз


Зат тасымалдау түрлерін топтастырыңыз



бет25/67
Дата15.03.2022
өлшемі2,3 Mb.
#28089
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Зат тасымалдау түрлерін топтастырыңыз.

Белсенді тасымал — бұл энергия жұмсаумен бірге жүретін молекулалар мен иондардың концентрация градиентіне қарсы мембрана арқылы тасымалы болып табылады. Бұл қозғалыс әдетте бір бағытты, ал диффузия екі бағытта да бола алады. Энергия көзі ретінде АТФ қолданылады. АТФ тыныс алу процесі кезінде түзілетін қосылыс, сондықтан белсенді тасымал тыныс алу болмаса жүзеге аспайды. Белсенді тасымал плазмалық мембранада орналасқан нәруыз-тасымалдаушылар арқылы жүзеге асады. Бұл нәруыздарға, жеңілдетілген диффузияға қатысатын нәруыздармен салыстырғанда, конформацияның өзгеруі үшін энергия қажет.

белсенді тасымалының үш түрі бар: унипорт, симпорт және антипорт. Унипорт жағдайында мембранада зарядталған бөлшектердің потенциалдың шамасы аз жағына электр потенциалының градиентінің болуынан бір бағытта тасымалданады. Антипорт үрдісінде (алмасу тасымалы немесе тасымалға қарсы) бірдей зарядталған иондардың екі типінің әртүрлі жаққа тасымалы жүзеге асады. Мысалы, нигерицицн антибиотигі протондарды концентрация градиентімен тасымалдайды, бұл электр потенциалының градиентінің артуына әкеледі, ол өз кезегінде калий иондарын қарама қарсы жаққа (электр потенциалының градиенті) тасымалдайды да, содан К + -дың концентрация градиенті өседі. Симпорт механизмінде зарядталған иондардың бір жаққа тасымалы жүріп отырады. Осыдан тасымал иондардың біреуі концентрация градиентімен, ал екіншінің тасымалы бірінші ион тасымалы туғызған электр потенциалымен жүзеге асады. Зарядталмаған молекулалардың екіншілей – белсенді тасымалының қарастырылған жағдайларының біреуі ішек қабырғаларындағы глюкозаның сіңуі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет