Қазіргі заман биологиясының зерттеу әдістеріне анықтама беріңіз, сипаттаңыз.
Биология әдістері. Ғылымда әдістеме деп әдістемелік нұсқаулықтарды, жасау технологияларды емес объекттерді, құбылыстарды , олардың байланысын зерттеуге бағыттылған методологиялық қағидаларды түсінуіміз керек.
Биология әдістері жаратылыстанудың басқа ғылымдарына ұқсас. Ғылыми таным процессі екі кезеңге бөлінеді: эмпирикалық және теориялық.Әрине бұл қатып қалған қағида емес, мұнда эмпирикалық кезең бұрынғы теориялар мен гипотезалар негізінде дамиды, ал теориялық кезеңде жаңадан пайда болған гипотезалар эмпирикалық тексерілуден өтеді.
Эмпирикалық кезеңде төмендегі әдістер қолданылады:
Бақылау – тірі табиғат объектілерін тіршілік ететін табиғи ортасында зерттеу.Жануарлар мен өсімдіктердің мінез-құлықтары, жайғасуы, көбеюін; визуалды және құралмен ағзаның мүшелері,жасушаларының химиялық құрамы, зат алмасуы зерттеледі. Ол үшін қазіргі биологияда бинокльден бастап су түбінде түнде көретін видеокамералар, микроскоптар, спектральды және электронды, биохимиялық анализаторлар, радиоактивті белгілер, ультрацентрифугалар,әр түрлі өлшегіш құралдар пайдаланады.
Эксперимент әдісі- тәжірибе жасау, тірі объектілерді өзгерген сыртқы орта жағдайында зерттеу, мысалы, температура,ылғалдылық,улылық пен радиоактивтілік, режим мен даму орнының өзгертілген жағдайда. Бұл әдістің арқасында тірі жүйенің ашылмаған қасиеттерін, қабілеттілігінің шыңын,адаптациялық мүмкіншілігінің шекараларын, сенімділігін, өзгергіштігін айқындауға болады.
Салыстыру әдісі (тарихи)- биологиялық түрлер мен олардың қауымдастығының эволюциялық өзгеріске ұшырағанын көрсетеді.ыкүрделілігі әртүрлі деңгейдегі ағзалардың анатомиялық құрылысы, гендерінің химиялық құрамы,құрылымы салыстырылып зерттеледі.Қазіргі кезде тіршілік ететін ағзалармен қатар тіршілігін жойған, тек палеонтологиялық жазбаларда тасқа айналған қалдықтары қалған ағзалар да зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |