Биологиялық ғылымдарың зерттеу объектісі және қасиеттері бойынша тізімдеңіз


Экологиялық пирамиданы түсіндіріңіз



бет35/67
Дата15.03.2022
өлшемі2,3 Mb.
#28089
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Байланысты:
кзб жауап

Экологиялық пирамиданы түсіндіріңіз.

Иммунитетті төмендететін факторларды атаңыз.

Иммунитет латынның іm-munіtas (арылу, құтылу, босап шығу) сөзінен шыққан. Иммунитет – организмнің зиянды немесе бүлдіруші әсерлерге қарсы тұру қабілеті мен оларды қабылдамаушылық қасиеті. Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде И.И. Мечников, Л.Пастер және тағы басқа да зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор.

Иммунитет – адам ағзасының қоршаған ортада кездесетін әртүрлі бөгде заттарға қарсы тұру және қабылдамау қабілеті. Иммунитеттің түрлері: туа біткен иммунитет, яғни ген арқылы берілетін немесе анадан балаға берілетін иммунитет. Кейіннен пайда болған иммунитет белгілі бір инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін пайда болатын табиғи иммунитет және адамдарда белгілі бір инфекциялық аурулардан сақтау мақсатында егу арқылы пайда болатын иммунитет.

Иммундық жүйе төмендеуіне әсер ететін факторлар

Қазіргі таңда иммундық жүйенің төмендеп кетуіне немесе жалпы адамдардың денсаулығына зиянды себебін тигізіп отырған факторлар бар:

1. Дене қозғалысының аздығы. Бұл балалармен бірге ересек адамдарға тән өзекті мәселе. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында дене шынықтыру пәндерінің сапалы өткізілуі, сабақ кестелерінің гигиеналық талаптарға сәйкес дұрыс жасалуы, әрбір ата-ана баланың күн тәртібін қадағалауы (гаджеттерді қолдануын шектеу) қажет.

2. Азық-түліктің сапасы. Халық тарапынан азық-түлік сапасына деген талап жоғары болуы тиіс. Күнделікті қолданыстағы азық-түлікті өндіру кезінде қойылатын талаптар Кедендік одақтың (КО) шешімімен бекітілген Техникалық регламенттерде көрсетілген. Сондықтан өндіруші тарапынан өндірістік бақылау жүргізіліп, тұрғындар үшін таңбалау жасалады.

3. Қоршаған ортаның зиянды факторлары қазіргі таңда урбанизация, қалалық жерлерде көліктің көбеюі, өндірістік шығарындылар, ауаның ластануы, азық-түлік сақтайтын пластикалық ыдыстардың тұрмыста көп пайдалануы денсаулыққа әсерін тигізетін қосымша факторлар болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет