Биологиялық ғылымдарың зерттеу объектісі және қасиеттері бойынша тізімдеңіз



бет34/67
Дата15.03.2022
өлшемі2,3 Mb.
#28089
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Қоректік тізбекті түсіндіріңіз.

. Күн арқылы жеткізілетін энергия соңында жоғалатын болса, ал көміртек пен азот секілді қоректік заттар үнемі қайта өңделіп, қайтадан көп рет қолданылады. Мысалы, өсімдіктер көмірқышқыл газындағы көміртекті фотосинтез кезінде қант, крахмал және май секілді органикалық қосылыстар өндіру үшін қолданады. Өсімдіктер дем шығарған кезде, бұл қосылыстардағы көміртектің бір бөлігі ауаға қайта оралады, бірақ кейбір бөлігі шөпқоректілер мен етқоректілер сияқты, атмосфераға көміртекті дем Қоректік тізбек — қоректену типімен біріктірілген организмдер жиынтығы. Қоректік тізбек — бұл өзара байланысты организмдер қатары, онда алдыңғы



Организмдер кейінгі организмдердің қорегі ретінде пайдаланылады. Бірінші топқа Өсімдіктер жатады, олар фотосинтез процесі арқылы күн энергиясын пайдалана Отырып органикалық заттар түзеді. Мұндай организмдерді өндірушілер деп атайды. Олардың бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзіп жинаған энергия Қорын экожүйедегі барлық басқа организмдер тіршілік ету үшін пайдаланады. Өсімдіктерден қоректік тізбек басталады — энергия мен заттар оны түзуші көзінен (өсімдіктерден) басқа организмдерге ауысады. Өсімдіктер бірінші қоректік деңгейді Құрайды. Сонымен қатар фотосинтез барысында жиналған энергияның жартысы сол Сәтте өсімдіктің тыныс алуы үшін шығындалады. Ал оның қалған бөлігі қоректік тізбек Қатарындағы организмдер арқылы өтеді. Екінші топ организмдері тұтынушылар (жануарлар) деп аталады. Оларға екінші қоректік

Деңгейдегі шөпқоректілер жатады. Шөпқоректі жануарлармен қоректенетін етқоректі Жануарлар -жыртқыштар үшінші деңгейді құрайды. Бактериялар мен микроскопиялық Саңырауқұлақтар жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын ыдыратып, өздерінің Тіршілік әрекетіне қажетті энергияны алады, бір мезетте органикалық заттарды Бейорганикалық қосылыстарға айналдырады, яғни оларды ыдыратады, минералға Айналдырады. Минералды заттарды қайтадан өсімдіктер пайдаланады. Көптеген түрлер әр түрлі қоректік тізбектерге кіруі және әр түрлі орында болуы мүмкін. Мысалы, аюлар өсімдіктермен де, жануарлармен де, өлекселермен де қоректенеді. Олар трофтық қатынастармен, көптеген жануарлар мен өсімдіктердің түрлерімен Байланысқан. Қоректік тізбектер табиғатта күрделі шиеленісіп кеткен. Нақты қоректік тізбектерде өсімдік текті тамақтағы энергияның берілетін мөлшерін Есептеуге және тасымалдауын бақылауға болады. Қоректік тізбек экожүйедегі қоректену қарым-қатынасын сипаттайды. Мысалы, орман экожүйесінде ағаш жапырақтарын жұлдызқұрттар жесе, жұлдызқұрттарды өз кезегінде торғайлар жейді, ал торғайларды қаршығалар жейді. Бұл қоректік тізбекте ағаштар продуценттердің рөлін атқарады, себебі олар фотосинтез деп аталатын процесс арқылы қорек жасап шығару үшін, күн сәулесінің энергиясын қолданады. Қоректік тізбектің жоғарғы сатысындағы барлық өзге ағзалар ағаштар жасайтын қорекке сүйенеді. Жұлдызқұрттар секілді ағаштармен қоректенетін ағзаларды бірінші реттік тұтынушылар немесе шөпқоректілер деп атайды. Ал шөпқоректілермен қоректенетін торғайларды екінші реттік тұтынушылар немесе етқоректілер деп атаса, қаршығаларды үшінші реттік тұтынушылар немесе жоғарғы деңгейдегі етқоректілер деп атайды. Шынайы экожүйелердегі қоректік тізбектер бір-бірінен оқшауланбайды, керісінше бір-бірімен тығыз байланыста болады. Оларды қоректік желілер деп атайды, және олар экожүйедегі ағзалардың өзара байланысын көрсетеді. Қаршығалар торғайлармен қатар, басқа да кішкентай құстармен және сүтқоректілермен қоректенеді, ал олар өз кезегінде әртүрлі қорек көзімен қоректенеді, бірақ кейбір қорек көздері үшін олар басқа ағзалармен бәсекеге түседі. Сондай-ақ, кейбір ағзалар бір трофикалық деңгейге ғана қызмет етпейді, сондықтан оларды талғаусыз қоректенетін ағзалар деп атайды. Экожүйедегі түрлер өзара тығыз байланыста болғандықтан, кейде бір популяциядағы шағын өзгеріс басқаларына зор және күтпеген әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан адамның іс-әрекетінің экожүйе қызметіне қалай әсер ететінін білу маңызды. Күн – барлық қоректік тізбектердің негізгі энергия көзі, сондықтан экожүйелердің де негізгі энергия көзі болып табылады. Өсімдіктер күн энергиясын қолданып, фотосинтез процесі арқылы қорек жасап шығаруға бейімделген. Кейін бұл қоректі басқа ағзалар қолданады, сондықтан энергия қоректік тізбек арқылы бір трофикалық деңгейден келесі деңгейге өтеді. Бұл процесс өте тиімсіз, себебі жануарлар қозғалғанда, денелерінен заттарды бөліп шығарғанда және дем алғанда энергия жоғалады. Нәтижесінде, келесі трофикалық деңгейге өткен сайын энергия азая түседі, сондықтан жоғарғы трофикалық деңгейлерде ағзалар саны аз болады. Осы байланыстарды биомассалар пирамидасы арқылы көрсетуге болады. Жыртқыш пен жемтік арасындағы классикалық қарым-қатынас сияқты, көптеген ағзалар қажетті энергияны әртүрлі тәсілдермен алады. Мысалы, паразиттер өздерінің иелерінде өмір сүреді, иесімен қоректенеді және оған зиян келтіреді. Бұған қансорғыш жәндіктер мен жануарлардың асқорыту жолындағы құрттар мысал бола алады. Паразиттер қоректік тізбектің түзілуінде, соған байланысты экожүйенің қызмет ету жүйесінде де маңызды рөл атқара алады. Сол сияқты редуценттер де экожүйенің қызмет етуінде өте маңызды рөл атқарады. Көптеген бактериялар мен саңырауқұлақтардан тұратын редуценттер ферменттерді өлі органикалық заттарға бөліп, сол заттарды қорытып, оларды сіңіреді. Редуценттер көміртек пен азот секілді қоректік заттарды қайта өндіру процесінде маңызды рөл атқарадышығарғанда қайтаратын қоректік тізбектерге өтеді. Тірі ағзалар өлген кезде, олардың денелерін саңырауқұлақтар мен бактериялар шірітеді де, айналымды аяқтау үшін дем шығарып, көміртекті атмосфераға қайтарады. Азот – ақуыз бен ДНҚ құрылысына қажетті болғандықтан биологиялық жүйелерде маңызды рөл атқаратын элемент. Продуценттер ретінде өсімдіктер оны топырақтан нитрат күйінде алып, ақуыз бен ДНҚ жасау үшін қолданады. Азотты қосылыстар қоректік тізбектер бойымен өтіп, кейін ағзалар қалдық шығарғанда немесе өлгенде топыраққа қайта оралады. Редуценттер бұл қалдық заттарды шірітіп, топырақтағы бактериялар ондағы нитраттарды қайта жаңартып, топырақты толықтырып отырады. Сонымен қоса, топырақтағы кейбір бактериялар атмосферадағы азотты тікелей топырақта өндіруге икемді. Бұлар азот өңдегіш бактериялар деп аталады және олар топырақта жекеше немесе бұршақ деп аталатын өсімдіктермен мутуалды қарым-қатынаста өмір сүреді.

Егіс алқаптарындағы астық жиналып алынғаннан кейін топырақ қоректік заттармен толтырылмаса, жарамсыз болып қалуы мүмкін. Фермерлер әдетте нитраттарға бай жасанды тыңайтқыштарды қолданады, бірақ топыраққа көң мен қорда секілді табиғи органикалық тыңайтқыштарды да қосуға болады. Ал өз кезегінде тамырында мутуалды азот өңдегіш бактерисы бар жоңышқаны егінмен кезектесіп өсіру арқылы егінді тыңайтқышпен қамтамасыз етуге болады!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет