2. Жазбаша бақылау тақырып бойынша берілген билеттер бойынша жүргізіледі. 3. Ауызша сұрауға арналған сұрақтар: 1. Жасушада АСҚ-ның түзілу және пайдаланылу жолдары (схемамен)
2. БМҚ биосинтезі
3.Пальмитин қышқылының түзілуіне жұмсалған АТФ санын санаңыз.
4. Кетон денелерінің синтезі
5. Кетон денелерінің тотығуы.
6. Холестерин синтезі.
7. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.
2,4,6 сұрақтарды талдаған кезде бірнеше бөліктерге бөлуге болады, мысалы: бір студентке БМҚ синтезінің басталу реакциясын, ал келесі студентке оны жалғастыруды беруге болады.Сол сияқты кетон денелері мен холестерин синтезінде бөліп беруге болады.(Анимация көрсету).
Анимация көрсетілгенне кейін келесі сұрақтар бойынша дискуссия жүргізіледі
Холестерин синтезін реттейтін реакцияның және оны катализдейтін ферменттің атын атаңыз.
Қанның қандай липопротеидінде холестериннің эфирлену реакциясы іске асады, оны қандай фермент катализдейді?
ТТЛП –тің холестерин тасымалдауға қатысуы. ТТЛП рецепторлары.
Бауырда түзілген холестерин тіндер мен ағзаларға қандай жолмен түседі?Бұл үрдісте ТӨТЛП пен ТТЛП рөлі. Холестериннің ТТЛП-тен тіндерге түсуі қалай реттеледі?
4.Аз топпен жұмыс: студенттерді 3 топқа бөліп, әр топқа есеп беріледі: БМҚ синтезіне қажетті АСҚ, НАДФН2, АТФ санын есептеу немесе кетон денелерінің тотығуында түзілетін АТФ санын санау ж/е т.б.
Аз топпен жұмыс жасауға арналған сұрақтар:
Стеарин қышқылы синтезіне қажетті НАДФН2 және АТФ санын есептеңіз (кез-келген жұп санды көміртекті май қышқылын беруге болады).
Бета-гидроксимай қышқылы тотықанда түзілетін АСҚ, НАД, ФАД және АТФ санын санаңыз
Ацетосірке қышқылы тотықанда түзілетін АСҚ, НАД, ФАД және АТФ санын санаңыз.
5. Сабақты қорытындылау- оқытушы студенттердің жазбаша жұмысын тексеріп баға қояды.