Биологиялық химия Кафедрасы



бет115/226
Дата19.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#108785
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

7.Бақылау:
Тесттер:
1. Ересек адамдарда 1 кг салмаққа есептегенде белоктың тәуліктік көрсеткіші (нормасы):
1) 0,3-0,4 г.;
2) 5,0-6,0 г.;
3) 0,7-0,8 г.;
4) 9,0-10,0 г.;
5) 11,0-12,0 г.
2. Белоктардың тағаммен қажетті мөлшерде түспеуінен мынадай аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады:
1) бауырдың май басуы;
2) фенилкетонурия;
3) квашиоркор;
4) маразм;
5) алкаптонурия.
Дұрыс 2 жауапты таңда.
3. Оң азоттық баланс:
1) белоктың құрамында тағаммен түсетін азоттың мөлшері ағзадан шығатын азоттың мөлшерінен аз
2) белоктың құрамында тағаммен түсетін азоттың мөлшері ағзадан шығатын азоттың мөлшерінен көп
3) белоктың құрамында тағаммен түсетін азоттың мөлшері ағзадан шығатын азоттың мөлшеріне тең
4) тағаммен түсетін белоктың мөлшерінен жасушада белоктың синтезделуі жоғары болады
5) тағаммен түсетін белоктың мөлшерінен жасушада белоктың синтезделуі төмен болады
4. Оң азоттық баланс дамиды:
1) әйелдің аяғы ауыр кезінде
2) балалық кезде
3) қартайған кезде
4) қабынуда
5) аштықта
Дұрыс 2 жауапты таңда.
5.Теріс азоттық баланс дамиды:
1) әйелдің аяғы ауыр кезінде
2) балалық кезде
3) қартайған кезде
4) ашыққанда
5)онкологиялық ауруда ісік клеткаларының ыдырау сатысында.
Дұрыс 3 жауапты таңда.
6. Қан плазмасында белоктардың қор ретінде жиналуы ....... қажет:
1) Улы заттарды залалсыздандыру үшін;
2)алмастырылмайтын амин қышқылдарының қорын толықтыру үшін;
3) гормональды тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін;
4) қан сары суындағы пигменттердің түзілуіне;
5) жедел қан кетуде қандағы онкотикалық қысымды қалпына келтіру үшін.
7. Ағзадағы белоктар алмасуының ерекшеліктері:
1) белоктар ағзада қорға жиналмайды
2) ағзада синтезделмейді
3) құнды белоктардың синтезі үшін тағаммен алмастырылмайтын амин қышқылдары түсуі қажет
4) тіршілікке қажет қызметтерді атқарады
5) белоктар үнемі жаңарып отыруы үшін ылғи тағаммен түсіп тұруы қажет.
Дұрыс 4 жауапты таңда.
8. Асқазанда белоктардың қорытылуына қатысатын ферменттер:
1) тұз қышқылы
2) пепсиноген
3) пепсин
4) сүт қышқылы
5) Каслфакторы
Дұрыс 2 жауапты таңда.
9. Протеазаның әсерінен қорғайтын секреторлы клеткалардың механизмдері:
1) Гетерополисахаридтері бар шырышты заттардың түзілуіне;
2) тек асқазанның немесе ішектің қуысындағы ферменттердің активтелуін;
3) асқазанда эпителиальды клеткалардың НСО`3^-иондарын секрециялануы;
4) зақымдалған эпителий клеткаларының жылдам регенерациялануы;
5) ферменттердің активті формаларының синтезделуі
Дұрыс 4 жауапты таңда.
10. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінде бар:
1) тұз қышқылы
2) химозин
3) пепсин
4) гастриксин
5) трипсиноген
Дұрыс 4 жауапты таңда.
11. Ас қорыту сөліндегі проферменттер активтеледі:
1) Н`3РО`4 ажырауынан
2) белоктың екіншілік құрылымының өзгеруінен
3) белоктың үшіншілік құрылымының өзгеруінен
4) Н`3РО`4 қосылуынан
5)спецификалық пептидтерден ажырауынан.

6 (21) Сабақ





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет