Бақытты, Базарлы Балалық! №22 (1257)



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата19.01.2017
өлшемі6,67 Mb.
#2253
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бақытты, Базарлы Балалық!

 №22 (1257)         27

 мамыр 


2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz

 

„

1 маусым - Халықаралық  балаларды қорғау күні. Әр балғын бал тілек, періште 



пейіл. Әр отбасындағы базарлы орта - бүлдіршіндер былдыры. Жарық күнге 

ұмтылған тал шыбықтай сәбилердің жарқын күлкісіне не жетсін! Балалық сәттің 

бақыты ғұмырлы болғай! 

                                           



                                                    

тараз қалалық 

мәслихаты 

депутаттарының

назарына!

Бүлдіршіннің өмір гүлі 

солмасын!

 

„



Педофилия - қоғамның дертіне 

айналып  барады. Жас баланың 

тәніне құмартқан қаныпезерлерге 

қандай жаза лайық?                                      



қазақ  халқына

бас иемін

 

„



Қазақ жеріне күштеп қоныс 

аударған өзге этнос өкілдерінің 

аянышты тағдыры. Өмірі өнегеге 

толы абзал жанның ақжарма лебізі...                                                                       

  

8 бет.

  

10  бет.



ҰБт-2015: 

Өзгеріс бар ма?

 

„



Бір үміт, бір күдік. Мектеп 

бітіруші түлектердің білімін  

таразы басына тартатын 

сын сағат та таяп қалды.                                                                                                                                                              

                                      

  

9  бет.



11 бет.

«Қазақстан Республикасындағы 

жергілікті    мемлекеттік  басқару 

және  өзін-өзі  басқару  туралы» 

Заңының 10 бабының  3 тармағының 

негізінде,  бесінші  шақырылған                                                          

Тараз  қалалық  мәслихатының 

кезекті қырық бірінші  сессиясы 

қала  әкімі  аппаратының  мәжіліс 

залында  2015  жылдың  8  маусы-

мында, сағат 15.00-де болады деп, 

Сіздердің назарларыңызға хабар-

лаймын.

 

Кезекті  сессияның  қарауына 



келесі мәселелер ұсынылады:

1.2014 жылғы қалалық бюджеттің 

орындалуы туралы.

2.Тараз  қаласы  әкімдігінің  ве-

теринария  бөлімінің  атқарған 

жұмысы туралы есебі.

3.Коммуналдық-шаруашылық, 

көркейту,    қоршаған ортаны сақтау 

және жер қатынастары  жөніндегі 

тұрақты комиссиясының есебі.

4. Әр түрлі.

Сессияда қаралатын мәселелерді 

қалалық мәслихат депутаттарымен 

алдын ала қарау 2015 жылдың 4 

маусымында, сағат 16.00-де өтеді.

Балабек НарБаев

Тараз калалық

мәслихатының хатшысы                                     


қала-қарбалас

2

//   «Жамбыл - ТаРаЗ»  //  №22  (1257),  27  мамыР  2015 Жыл // 



Сейділдә ТӨреН

Жиында  «Нұр  Отан»    партиясы 

облыстық  филиалының  төрағасы 

Кәрім  Көкірекбаев  26  сәуірде  өткен 

кезектен  тыс  ҚР  Президент  сайлау-

ында жамбылдықтардың да атқарған 

еңбегі  ерен  екендіктерін  атап  өтті. 

Осы сайлауда облыс жұртшылығының 

97,31  %-ы  дауыс  бергенін  атап  өтті. 

Сонымен  қатар  дауыс  берушілердің 

97,90  %-ы  өз  дауыстарын  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевқа  бергендігін  де 

жеткізді.  «Осындай  ел  үшін  елеулі 

сында бірлігімізді танытып, облысты 

жақсы жағынан көрсете білдік»-деді 

аймақ басшысы.

бұдан  кейін  жиын  ҚР  Президенті  

Н.Ә.Назарбаевтың  алғыс  хатын 

облыстық  штаб  мүшелеріне  салта-

натты түрде тапсыру рәсіміне ұласты. 

марапатталушыларға  Елбасының 

алғыс хатын «Нұр Отан»  партиясы 

облыстық  филиалының  төрағасы 

Кәрім  Көкірекбаев  өз  қолымен  тап-

с ы рд ы .   м а р ап ат т а л у ш ы л а рд ы ң 

ішінде еңбек ардагерлері, мемлекеттік 

және қоғам қайраткерлері, ассамблея 

мүшелері,  кәсіпорын  және  мекеме 

басшылары, кәсіпкерлер, жоғары оқу 

орындарының оқытушылары,  жастар 

мен бұқаралық ақпарат құралдарының 

мүшелері де бар. 



Шынболат СеЙДУаЛИев

«Қазақстан Республикасының 

2015-2025  жылдарға  арналған 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

стратегиясының» міндеттерін іске 

асыру мақсатында ұйымдастырылған 

конференцияға облыс әкімінің орын-

басары  Ерқанат  мәнжуов,  «Нұр 

Отан» партиясы облыстық филиалы 

төрағасының бірінші орынбасары 

масат берік, «Жаңару» сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық 

қозғалысы»  ре спубликалық 

қоғамдық  бірлестігінің    Жам-

был  облыстық  филиалының 

төрағасы  Қасымхан  Төлендиев, 

«бірінші  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  медиа  орталығы»  Жамбыл 

облыстық филиалының  төрағасы 

м.  мұстафаев,  жоғары  және 

орта  арнаулы  оқу  орындарының 

басшылары  мен  профессорлық-

оқытушылық құрамы және депар-

тамент басшылығы қатысты.

Конференцияны ТармПИ рек-

торы Дария Қожамжарова жүргізіп 

отырды. аталмыш шараның ашылу-

ында сөз сөйлеген  облыс әкімінің 

орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы 

жемқорлық – мемлекеттің дамуына 

кері әсер тигізетінін баса айтты. Сы-

байлас жемқорлықпен күресу үшін 

4 бағытта жұмыс жасау керектігін 

ұсынды.  біріншіден,  қоғамда 

жемқорлыққа  деген  төзімсіздік 

мәдениетін  қалыптастыру  керек. 

Екіншіден,  ашық  қоғам  қажет. 

Үшіншіден,  жемқорлыққа  қарсы 

заңнамаларды  жетілдіру  керек. 

Төртіншіден, құқық органдарының 

жұмыс тиімділігін арттыру керек, - 

дей келе, сыбайлас жемқорлықпен 

күресуде жоғары оқу орындарынан 

бастаған  дұрыс  шешім  екендігін 

қолдады. Сондай-ақ, конференцияға 

қатысушылардың  жұмыстарына 

сәттілік тілей отырып, іс-шараны 

ұйымдастырушыларға  алғысын 

білдірді. 

Өз  кезегінде  сөз  алған  ҚР 

мемлекеттік  қызмет  істері  және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-

қимыл  агенттігінің  Жамбыл  об-

лысы  бойынша  департаментінің 

басшысы  мақсат  Қожабаев 

сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы 

күресуде мемлекеттік органдар және 

қоғамдық институттар, оның ішінде 

білім саласы белсенді атсалысуы  

қажет  екендігін  атап  өтті.  Соны-

мен қатар ҚР 2015-2025 жылдарға 

арналған  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  стратегиясының  басым 

бағыттарына тоқтала келе, мемле-

кет басшысының бес институциалды 

реформасын тілге тиек етті. 

Конференция  барысында 

м.Х.Дулати  атындағы  ТармУ 

«Философия  және  саясаттану» 

кафедрасының оқытушысы, фило-

софия ғылымдарының кандидаты, 

доцент, «Жастар ғылыми-зерттеу 

орталығының» директоры Парида 

мамедова оқытушылар мен сту-

денттер  арасындағы  жемқорлық 

деңгейіне  жүргізген  әлеуметтік 

зерттеулердің  негізінде  жасаған 

баяндамасы  тыңдалды.  мұнан 

өзге  мінберге  шығып  баяндама 

оқыған ТармПИ оқытушысы бақыт 

Әлмұратов, ТармПИ «Философия 

және социология» кафедрасының 

меңгерушісі  Гульгения  Гизатул-

лина,  ТИГУ  оқытушысы,  тарих 

ғылымдарының кандидаты, доцент 

Нышан Қахаров, ТИГУ Рһ докторы 

мұрат Нұрқабылов,  м.Х.Дулати 

атындағы ТармУ «мемлекет және 

құқық  теориясы  мен  тарихы» 

кафедрасының  аға  оқытушысы 

Серік Көшербаевтар жоғары оқу 

орындарында ұсынылған сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы мемлекеттік 

саясатты    іске  асырудың  ба-

сым  бағыттары,  оқу  орнында 

студенттердің арасында сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы мәдениеттің  

жаңа моделін қалыптастыру және 

білім  беру  саласындағы    сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  әрекет 

етудің  өзекті  мәселелері  туралы 

тақырыптар  аясында  баяндама 

жасап, кеңінен талқылады. 

Жарыссөзге шыққан  «Жаңару» 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

ж а л п ы ұ л т т ы қ   қ о з ғ а л ы с ы » 

р е с п у бл и к а л ы қ   қ о ғ а м д ы қ 

бірлестігінің  Жамбыл облыстық 

филиалының төрағасы Қасымхан 

Төлендиев және «Нұр Отан» парти-

ясы облыстық филиалы жанындағы 

«Жас  Отан»  жастар  қанатының 

атқарушы  хатшысы  болатбек 

Уалихан  жиналған  көпшілікпен 

жемқорлық  туралы  ойларымен 

бөлісіп, өз ұсыныстарын жеткізді. 

Конференция соңында сыбай-

лас  жемқорлыққа  қоғам  болып, 

осындай  келелі  жиындарды  жиі 

өткізу арқылы тосқауыл қоя аламыз 

деген ой қорытылды. 

Әнуарбек ӘЙМеНОв,   М.Х.Дулати 

атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 

профессоры, э.ғ.д. 

аталмыш отырыста, Елбасы «Комиссияның 

бірінші  отырысында  мен  бес  реформа  бойын-

ша біздің қалай атқаратынымызды түсіндіретін 

«мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты 

қадамы»  атты  Ұлт  Жоспарын  ұсынамын.  «100 

қадам»  –  бұл  біздің  жаһандық  және  ішкі  сын-

қатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи 

жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына 

ену  жөніндегі  жоспарымыз.  Реформаларды 

жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылға бірінші 

кезекті  жалпыұлттық  міндет.  мен  реформалар 

жоспарын  Ұлт  Жоспары  деп  атадым,  өйткені, 

реформалар  Қазақстанның  әрбір  азаматының 

тікелей қатысуын талап етеді. Реформалар – тек 

мемлекеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі. 

Реформалардың мәні – ұлтты жаңғыртуда. Ұлттың 

сапасы, халық рухының күші, уақыт сын-қатерлерін 

қабылдай білу және тек қана алға басу бұрын да 

мемлекет табысының айқындаушы факторы болған 

және  бола  береді.  мен  реформаларды  жүзеге 

асырудың қатаң бірізді болуын қалаймын», - деген 

еді өз сөзінде. 

Президентіміздің сындарлы саясатына үңіле 

отырып қарасақ, мұнда мемлекеттің негізін құрайтын 

адами капиталдың дамуын, халықтың әл-ауқатын, 

жағдайын жақсартуды алғаш ұлт Көшбасшысы 

негізгі мақсат етіп жариялаған еді. Жыл сайынғы 

жәрдемақының өсуі, шәкіртақының, зейнетақының 

көбеюі, аналық капиталды құру перспективасы, 

жас отбасыларға арналған «Қол жетімді баспана» 

бағдарламасы және т.б. осы негізгі мақсаттардың 

орындалып  жатқандығын  көрсетеді.  мемлекет 

әлеуметтік мердігерлік сатып алу құқығы бар тұрғын 

үй  құрылысын  дамытуда,  жаңа  құрылыстарды 

қаржыландыруға, 2015 – 16 ж.ж. 180 млрд. тг. бөлінуде.

Кейінгі кездері Ұлттық қордан  шағын және 

орта бизнесті қолдауға және дамытуға бөлінген 100 

млрд. теңге игерілді, 4,5 мың жаңа жұмыс орындары 

ашылды. бизнесті қаржыландыруға, бұрын соңды 

болмаған 6 пайыздық үстемемен 10 жылға несие-

лер берілді. Шағын және орта бизнесті дамытуға 

араб  даму,  Еуразия  даму  және  бүкіл  әлемдік 

даму банкілерден 2015 - 2017 ж.ж. жалпы сомасы 

155 млрд теңге көлемінде несиелер бөлінеді. бұл 

қаржы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер 

туғызатыны даусыз.

Еліміздің тәуелсіздік алған 1991 жылдан ба-

стап Елбасымыз талай қиын, кейінге қалдыруға 

болмайтын міндеттерді – елімізде экономиканың 

нарықтың шаруашылық механизмін құру, әлемдік 

қауымдастыққа  кіру,  халықтың  әлеуметтік 

экономикалық  жағдайын  жақсарту  және  т.б. 

орындауға қол жеткізді. Осы уақыт аралығында 

Қазақстан экономикасының барлық салалары бой-

ынша 20-дан астам бағдарламалар қабылданды. 

бұл бағдарламалардың негізіне Елбасымыздың 

жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауындағы 

алға қойған міндеттерді шешу жолдары алынды. 

бұған мысал ретінде Елбасымыздың «болашақты 

бірге  құрайық»  жолдауын  айтуға  болады.  Осы 

жолдауда экономиканы жаңғырту үшін өнеркәсіптің 

негізгі салаларын дамыту міндеті қойылған бо-

латын, осының негізінде үдемелі индустриялды 

инновациялық даму бағдарламасы қабылданды. 

Қазақстан Орта азиялық барысқа айналды және 

көптеген дамыған елдер бізден үлгі алуда.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың  ұсыныстары 

мемлекетті дамытудың барлық талаптарына сай 

келеді,  ол  жасаған  болжамдар  экономиканың 

қарқынды  өсуіне, қоғамдық прогресске алып келеді.

 

„



«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында  партия облыстық 

филиалының төрағасы Кәрім Көкірекбаев ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс 

хатын облыстық штаб мүшелеріне салтанатты түрде тапсырды.

 

„



Т

араз  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  ҚР  Мемлекеттік  қызмет  істері  және 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің 

ұйымдастыруымен  «Сыбайлас  жемқорлық  –  білім  беру  сапасына  кері  әсер  етуші  фактор» 

тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. 

 

„



Ұлт көшбасшысы 

Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстан-2050» 

стратегиясы, «Нұрлы жол» 

бағдарламалары халықтың 

әл ауқатын арттыруға 

бағытталған. Сонымен қатар 

жуырда  Ақордада өткен 

Мемлекет басшысының 

атқарушы биліктегілермен 

бас қосқан алғашқы 

отырысында Елбасының 

ұсынған  5 институционалдық 

реформаны жүзеге асыру 

бағытындағы 100 нақты 

қадамның маңызы зор. 



ЛайықтыЛар марапаттаЛды

Заманның зары - жемқорлық

Қазақстан - 

болашағы 

жарқын ел


қала-қарбалас

3

//   «Жамбыл - ТаРаЗ»  //  №22  (1257),  27  мамыР  2015 Жыл // 



Индира БаЙҚОНЫС

Қала әкімі үлкен өмірге қадам басқалы 

отырған жастарға Қазақстанның болашағы 

білімді  ұрпақтың  қолында  екенін  алға 

тартып, олардың заман талабына сай білім 

алулары үшін мемлекет тарапынан барлық 

жағдайдың жасалып отырғанын атап өтті. 

–  Құрметті  оқушылар,  бүгін  сіздер 

үшін өте маңызды күн. Он бір жыл бойы 

білім нәрімен сусындатқан ұстаздар мен 

ата-аналарыңыздың сенімін ақтап, алда 

тұрған Ұлттық бірыңғай тестілеуді жоғары 

деңгейде тапсыруларыңызға тілектеспін,-

деді Нұржан Сәбитұлы.  мұнан кейін сөз 

алған №1 мектеп-гимназияның директоры 

ләззат Қызылқұлова  өзі басқаратын мектеп 

түлектерінің жетістіктеріне тоқталып, оқу 

 

„



25  мамыр  күні  еліміздегі  барлық  мектептерде  соңғы  қоңырау  соғылып,  оқушылар  аяулы  ұстаздарымен 

қоштасты. Тараз қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында өткен «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты 

жиынға қала әкімі Нұржан Календеров қатысып, қаланың мектеп бітіруші түлектеріне сәт-сапар тіледі. 

 

„



«Тараз-Ғасыр»  колледжінің  мәжіліс  залында  Тараз  қалалық  мәслихатына 

12 сайлау округінен сайланған депутаты Ғазизжан Мадимаровтың тұрғындар 

алдындағы есебі тыңдалды.

 

„



Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне,сондай-ақ 

Қазақстан  халқының  бірлігі  күні  мерекесіне 

орай ерен еңбегімен танылып, ел ертеңінің 

мәуелі  жемісін  көру  үшін  үлес  қосқандар 

марапатталды.

СыңғырЛа, Соңғы қоңырау!

Депутат есеп берді



Шынболат СеЙДУаЛИев

Жиынға «Қаратау» (1), «ақбұлақ» (2) мөлтек 

аудандарының  тұрғындары,  қалалық  әкімдіктің 

өкілдері мен сол аумақтың инспекторы қатысты. 

Онда  сөз  алған  Ғазизжан  мадимаров,  алдымен 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы  -  2050: бір 

мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  және  «Нұрлы 

жол – болашаққа бастар жол» атты дәстүрлі Жол-

дауларына кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар 

қалалық мәслихаттың атқарып жатқан жұмыстарын 

да тілге тиек етті. мұнан өзге қалада атқарылып 

жатқан іс-шаралар турасында тұрғындарды хабар-

дар ете отырып, алда өткізілетін елдік шаралардың 

маңыздылығын да атап өтті. 

-    Еңбек  ардагері  м.Путицкий  1  мөлтек  ау-

даны,  26  үй,  16  пәтер  тұрғыны  «Қазақтелеком» 

мекемесінің  жұмысына  шағымданғанын  айтқан 

болатын. Осы мәселе турасында «Қазақтелеком» 

мекемесі басшыларына айтып шағымданушының 

мәселесін оңтайлы шешілуіне көмек қол ұшымды 

создым. 2 мөлтек ауданы, 24 үй, 5 пәтердің тұрғыны 

2  топтың  мүгедегі  б.Көркембаеваның  өтініші 

бойынша қалада тегін жүру билетін алып беруге 

көмек  көрсеттім.  «Қаратау»  мөлтек  ауданында 

жұмыс істейтін «Даму» ПИК жұмысына әр уақытта 

көмек көрсетіп келемін.  Сонымен қатар 1 және 

2-ші мөлтек аудандарында орналасқан №36 және 

№38 мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстары, 

басқа  да  мәселелері  бойынша  оң  шешімін  табу 

мақсатында  ықпал  жасадым.  Өзімнің  округімде 

тазалыққа байланысты сенбіліктер ұйымдастырып, 

1-2-ші  мөлтек  аудандарының  аулаларын  таза 

ұстауға  атсалысамын,-  деді  кездесу  барысында 

халық қалаулысы. 

Депутаттың  есебінен  кейін  алғаш  болып  сөз 

алған 2 мөлтек аудан, 2 үй, 32 үйдің тұрғыны ал-

тынай молдағұлова өзі тұратын үйдің шатырынан 

су ағатынын жеткізді. Осы жағын оңтайландырып 

шешіп беруін сұраған болатын. Сондай-ақ  2 мөлтек 

аудан,  11  үйдің  тұрғындары  үйлерінің  «ТКШ: 

Жаңғырту» бағдарламасына ілікпей қалғандығын 

жеткізді.  Тұрғындар  жаңбырлы  күндері  пәтер 

төбесінен су сорғалап тұратынын да ашық айтты. 

мұнымен қоса сол үйдің баспалдақтары жөндеуді 

тұспалдап тұрғандығын базына ретінде құлаққағыс 

етті. Сондай-ақ осы аумақ тұрғындары мектеп, кол-

ледж және бала-бақша орналасқан аумаққа тратуар 

қажет екендігін білдірді. Осындай мәселелерді ұйып 

тыңдаған  Тараз қалалық мәслихатының депутаты 

Ғазизжан мадимаров, кейбір жағдайларға бірден 

жауап берсе, енді бірін қала әкіміне жеткізетіндігін 

айтты. 


Есеп  беру  барысында    Ғазизжан  мадимаров 

алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың жобасымен 

тұрғындарды таныстырып өтті.  

Белсенділік 

танытқандар 

танылды


Құралай СеЙСеНБеКҚЫЗЫ

Тараз қаласы әкімдігінің  мәжіліс залында Қазақстан 

халқының  бірлігі  күні  мерекесі  мен  Жеңіс  күніне  орай 

ұйымдастырылған  іс-шаралардың  қорытындысы  бой-

ынша  қаладағы  жоғары  оқу  орындарының  басшылары, 

ЖШС,  аҚ  директорлары  сондай-ақ,  баҚ  өкілдерінің 

қатысуымен  жиын  болып  өтті.  Қала  әкімі  Нұржан                                                

Календеров  өз  сөзінде  жиналғандарға  шексіз  алғысын 

білдірді.  Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын тілге 

тиек етіп, ғұмырын ынтымақ пен бірлікте өткізіп отырған 

бейбіт күннің ұрпақтарына ақжарма тілегін арнады. 

Сонымен қатар, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі 

күнінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан 14 қызметкер 

және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі күні 

ардагерлерді ардақтауда бар ықыласын танытқан 33 меке-

ме басшыларына қала әкімінің алғыс хаты тапсырылып, 

сый-сияпат көрсетілді. 

ордасынан қанат қаққалы тұрған мектеп 

бітірушілеріне жылы лебізін білдірді. 

Әне-міне дегенше, соңғы қоңыраудың 

сыңғыры да естілді.Оқушыларға соңғы 

қоңыраудың үнін естірту мәртебесі мек-

теп  гимназиясының  түлектері    «алтын 

белгі» төсбелгісіне үміткерлер – физика 

пәні бойынша халықаралық сайыстардың 

жеңімпазы мариям Сейсенғали мен орыс 

тілі  мен  әдебиеті  пәндерінен  қалалық, 

облыстық, республикалық олимиаданың 

және  облыстық  пікірталас  турнирінің 

жеңімпазы  александра  Гражданкинаға 

және  бірінші  сыныпты  үздік  бітірген 

Орынбасар ысқақ пен Владислав Обуховқа 

бұйырды. 

Салтанатты кеш барысында түлектер 

қоштасу вальсін билеп, мектеп өнерпаздары 

әсем ән мен тәтті күйден шашу шашты. 

Осылайша, оқушылар үш айлық демалысқа 

шықса, мектеп түлектері үлкен өмірге жол-

дама алды. 

Сондай-ақ,    жиынға  Тараз  қаласы 

әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Гуль-

зия  Заурбекова,  «Нұр  Отан»  партиясы 

облыстық филиалының қоғамдық қабылдау 

бөлімінің меңгерушісі бақыт Төлемісова 

қатысты.

биыл  қаламыздағы  53  орта  және  1 

кешкі мектепті  2121 түлек аяқтап отыр. 

Оның ішінде күндізгі орта білім беретін 

мектептерді 1971, ал кешкі мектепті  150 

оқушы тәмамдады. Олардың қатарында 

«алтын  белгі»  төсбелгісіне  үміткерлер 

саны  - 38 болса, 8 түлек Үздік аттестат 

алуға ниет танып отыр. бірінші маусымда 

басталатын ҰбТ-ға  орта мектепті бітірген 

түлектердің 1470-і қатысады. бұл барлық 

мектеп бітірушілердің 69,3 пайызын құрап 

отыр.

Жалғасы 24 бетте.


Таным

4

//   «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №22 (1257), 27  МАМыР 2015 Жыл  //



даЛа Сарбазы

 

„



Облыс орталығында қазақтың қара нар батыры, аты алашқа 

мәшһүр Саңырық батырдың өшпес ерлік рухына арналған 

ескерткіш ашылды.

Нұржан СерІКХаНҰЛЫ

    Жаугершілік заманда ат жа-

лын  тартып  мініп,  он  бесінде 

әділдігімен ел-жұртқа танылған, 

аласапыран  кезеңде  ақ  сауыт 

киініп,  қорамсағын  асынып, 

жауға  аттанған  Саңырық  ба-

тыр  ХVІІІ  ғасырда  жоңғар 

шапқыншылығына  қарсы 

күресте  тойтарыс  беріп,  бүкіл 

қазақ  бас  қосқанда  алынбай-

тын  қамал,  жеңілмейтін  жау 

жоқ  екендігін  дәлелдеп  бер-

ген  бұланты  мен  аңырақай 

шайқасында  айрықша  көзге 

түсті.  Саңырық  батырдың  ел 

қорғау үшін болған шайқастарда 

қазақ  сардарларының  қолын 

бастап шыққандығы, ту ұстаған 

батырдың бірегейі болып таны-

луы тарихи шындық. Жау ара-

сында «Саңырық келді дегенше, 

самұрық  келді  дегейсің»  атты 

майдан  даласына  жаңғырған 

м ә т е л   б а р .   С а ң ы р ы қ т ы ң 

батырлық жолы әйгілі «ақтабан 

шұбырындыдан»  кейін  баста-

лады.  атамекені  жау  қолында 

қалып,  босқан  елдің  ауыр 

халін  көріп,  ет  жүрегі  езілген 

қазақтың  намысты  ұлдары  ата 

жаудан кек алу қамына кірісіп, 

жер-жерде жауынгер жасақтар 

құрайды. Олар жаушы жіберіп, 

өзара  хабарласып,  бір-бірімен 

бірігіп,  көп  ұзамай  бүкіл 

халықтық  ұлы  күшке  айнала-

ды. Осындай бірігулер кезінде 

алғашқылардың бірі болып тізе 

қосқан Ұлы жүздің Саңырық ба-

тыры мен Кіші жүздің Тайлақ ба-

тыры болады. Олар осыдан кейін 

жұп жазбай, ел еңсесін көтерген 

тұңғыш жеңісті әкелген бұланты 

шайқасында, түпкілікті жеңіске 

бетбұрыс  жасатқан  аңырақай 

шайқасында да бір болады. Та-

рихшылар бұланты шайқасында 

ш а бу ы л д ау ш ы   ә с к е р д і ң 

қолбасылары  болған  Саңырық 

пен  Тайлақ  батырларды  осы 

жолғы жеңістің «жолашарлары» 

болды деп бағалайды. Саңырық 

батыр  жасағы  бұдан  кейін  де 

талай шайқасқа катысқан. Оның 

Талас бойын жаудан тазартудағы, 

әсіресе, ақкесене, Көккесене деп 

аталатын  екі  мұнара  түбіндегі 

шайқастағы  ерлігі  ел  аузында 

аңызға, жыр-дастанға айналған. 

Халық  арасындағы  сондай 

жырлардың біріндегі: 

   “ босқан елді құрап ап, қол 

бастаған Саңырық.

алладан  мәдет  сұрап  ап,  жол 

бастаған Саңырық.

Қарсы келген жауына, қырғын 

салған Саңырық.

анталаған  қалмаққа,  сүргін 

салған Саңырық.

Тайлақ батыр екеуі серік болған 

Саңырық” деп, жалғаса беретін 

өлең  жолдары  ел  қорғаған 

еріне  риза  болған  халқының 

е р е н   қ ұ р м е т і н д е й ,   е с т е 

сақтар  мәңгі  ескерткішіндей 

көрініп,  тым  асқақ  естіледі. 

атақты Қожаберген жырау та-

рихи  «Елім-ай»  дастанында:                     

Қатысты  кіші  жүзден  Тайлақ 

мерген,

Құлатты көздегенін атқан жер-



ден.

бір  мерген  Саңырық  атты  жа-

раланды,

Тайлақтың  жолдас  болып 

қасына ерген, - деп ұрыс дала-

сында  ерлікпен  көзге  түскен 

батырлардың арасынан Тайлақ 

пен  Саңырық  батырды  бір-

бірінен айнымас серік етіп жыр-

лауы  тегін  емес.  Ортақ  жауға 

қарсы бірге соғысқан, өзі де ба-

тыр атанған Қожаберген жырау 

Саңырықтың алты алашқа әйгілі 

болғанын  осындай  дәйектер 

арқылы  дәлелдей  түседі. 

Қазақтың  көрнекті  жазушыла-

ры  Ілияс  Есемберлин,  Әнуар 

Әлімжанов,  Әбіш  Кекілбаев, 

Софы  Сматаевтың  тарихи  ро-

мандарында Саңырықтың басты 

кейіпкер  болып  суреттелгені 

тарихи шындықтың негізі. Эт-

нограф ғалым Әбубәкір Диваев 

«Көккесене» еңбегінде орта жүз 

қанға батып қиналған жылдары 

кіші жүздің батыры Тайлақ пен 

оның жиені, ұлы жүздің батыры 

Саңырық үш жыл аттан түспей 

егескен жаумен айқасып, ерлік 

көрсеткендігін атап көрсеткен. 

бұланты  шайқасы  Ұлы  Отан 

соғысының тарихында түбегейлі 

бетбұрысты  бастап  берді.  бұл 

жоңғармен  арадағы  алғашқы 

үлкен  майдан  1728  жыл  шама-

сында болған. Екі жылдан кейін 

келесі  үлкен  ұрыс  балқаштың 

оңтүстігінде  Итішпес  деген 

көлдің  маңында  болады.  бұл 

аталған  екі  шайқаста  да  қазақ 

әскері толық жеңіске жетеді. ал 

тарих  ғылымдарының  докто-

ры  мәмбет  Қойгелдиев  өзінің 

еңбегінде «Тайлақ мәтіұлы мен 

Саңырық Тоқтыбайұлы – ақтабан 

шұбырындының ұлы тұлғалары» 

деген баға береді.    

        Қазақ  хандығының  550 

жылдығы  қарсаңында  қалада 

қ а з а қ   х а л қ ы н ы ң   ж о ң ғ а р 

ш а п қ ы н ш ы л ы ғ ы н а   қ а р с ы 

күре сін  бейнелейтін  және 

Саңырық  батырға  арналып 

үлкен  мемориалдық  ескерткіш 

бой  көтерді.  Шараға  облыс 

әкімінің  бірінші  орынбасары 

бекболат  Орынбеков  бастаған 

аймақтың  бір  топ  атқа  мінер 

азаматтары, ел ақсақалдары мен 

қазақстанның басқа өңірлерінен 

арнайы  ат  басын  бұрып  келген 

батырдың  ұрпақтары  қатысты.                                                                                                                                         

      – Ұлтымызды түгендеу кешегі 

тарихтан бастау алады. бабалары-

мызды ұлықтамай ешқашан ұлы 

ел  бола  алмаймыз.  атырау  мен 

алтайдың арасындағы ұланғайыр 

даланы бізге батыр бабаларымыз 

мирас етіп қалдырды. Сол аманат-

ты көздің қарашығындай сақтап, 

өркендету  -  бүгінгі  ұрпақтың 

парызы.  Қазіргі  қазақ  даласын-

да  татулық  пен  тұрақтылықтың 

орын  алуы,  сол  замандағы  ба-

тыр  бабаларымыздың  біздерге 

қалдырған аманаты деп білеміз. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев даламыз-

ды  дұшпаннан  қорғаған  баба-

ларымызды  ұлықтап,  лайықты 

құрмет көрсету біздің перзенттік 

парызымыз  деп  баса  айтқан 

болатын.  Талай  шайқастарда 

е л і м і зд і ң   т ұ т а с т ы ғ ы   м е н 

халқымыздың бірлігі үшін жоңғар 

шапқыншыларынан қазақ даласын 

азат ету жолында ерлік көрсеткен, 

қазыналы Қаратаудан шыққан хас 

батыр Саңырық Тоқтыбайұлына 

арналған ескерткішке куәгер бо-

лып отырмыз. Уақыт өткен сайын, 

батыр  бабаларымыздың  ерлігі 

еселене түседі. Ел тағдырын өз 

тағдырынан биік қойған Саңырық 

батырдың  ерлігі  бүгінгі  және 

келешек  ұрпақтың  жадынан 

ешқашан  да  өшпейді,-  деген 

бекболат  Серікбекұлы  қалың 

қазақ  құрметтеп,  соңына  ерген  

баһадүрдің  рухына  ескерткіш 

о р н а т у ғ а   қ о л д ау   б о л ғ а н 

«Саңырық  батыр»  қоғамдық 

қоры  мен  барлық  азаматтарға 

облыс  басшылығының  атынан 

алғыс  айтты.  бұдан  әрі  1992 

жылдары  құрылған  «Саңырық 

батыр»  қоғамдық  қорының 

басшысы,  қоғам  қайраткері 

Еркінбек  Құлжабаев,  белгілі 

қоғам қайраткері, жасы тоқсанға 

келсе де игі шараға арнайы ал-

маты шаһарынан келген Ізбасар 

балтағұлов,  академик  Ораза-

лы  Сәбден,  Тараз  қаласының 

Құрметті  азаматы  Оңласын 

Есіркепов,  қоғам  қайраткері 

Кеңесбек  Демеш  сөз  сөйлеп, 

бар өмірін елі мен жерін жаудан 

қорғау  үшін  майдан  даласына 

арнаған, дала сарбазы Саңырық 

батырдың  ерліктерін  айтып, 

ескерткіштің  ашылуына  келген 

барлық қауымға ризашылықтарын 

білдірді. 

      Саңырық  батырға  Төле  би 

арнайы  кісі  жіберіп,  дарынды 

қолбасыларға ғана тиесілі сый – 

кеудеге  тағатын  айрықша  белгі 

тартып,  батасын  берген.  1740 

жылдың  соңына  қарай  жаумен 

болған шайқаста Саңырық батыр 

ауыр жарақат алып, соның сал-

дарынан көз жұмады. Төле бидің 

жарлығымен Саңырық батырдың 

денесі  Түркістанға  жерленген. 

Тараздың  табиғаты  ақ  жауынға 

айналып,  нөсерлетсе,  де  батыр 

ескерткішінің бетпердесін ашқан 

әлеует,  шара  соңына  дейін  бір 

орыннан тапжылмай баба рухына 

тағзым етті. Кешеннің алдындағы 

мемориалды  тасқа  ақын  Күләш 

ахметованың:

бата-біреу, қол жайып тілегенге,

Жүрегіңе үңілші жүдегенде.

«Қаратаудың  басынан  көш 

келеді»-


Қай  қазақтың  мұңы  жоқ,  бұл 

өлеңде?!-деп  басталатын  өлеңі 

бедерленіпті. Расында, қазақтың 

қара нар батыры бір кездері қалың 

елдің  қабырғасын  қайыстырып, 

ұрпақ  үшін  жанпидалыққа  серт 

байлап,  семсердің  үкімімен 

өмірден өтіп кетсе де, оның ерлігі 

ешуақыт ұмытылмақ емес. Тіпті, 

бізден кейін де!..



Саңырық батыр

ағайындар!  Сезім  бөлек  бұл 

күнгі,

Тізгіндей  тұр  ойсыз,  қамсыз 



күлкіңді.

Қанды  айқастан  қатты  шаршап 

бір кезде,

Қалғып  кеткен  батыр  бабаң 

сілкінді.

Заманнан заман, ұрпақтан ұрпақ 

ауысты,

Қаншама қанды, көз жасын қазақ 



тауысты.

Екі жарым ғасыр салып араға,

Ер  Саңырық  елмен  қайт а 

қауышты.


Қайран  ерлер  халық  жоғын 

жоқтаған,

Қас  дұшпанын  түре  қуып 

тоқтаған.

біздер  бүгін  баптай  білмей 

тоздырған,

бұл даланы Саңырықтар сақтаған.

Қалмақ қаптап, тарылғанда жері 

шын,

Қорғап  қалған  елін,  жерін, 



қонысын.

Тек  Тасжүрек  баласы  емес 

Саңырық,

Ошақты да олқы соғар ол үшін.

Тарих  білер  Саңырықтың 

салмағын,

Халық  білер,  ұрпақ  айтар 

қалғанын.

Ей, ағайын, менікі деп меншіктеп,

арысыңды аласартып алмағын.

мүйіз  шықса,  жік-жік  болып 

келдік қой,

Жеке-жеке жасап және көрдік қой.

Ескерткіштің ең үлкені ерлерге,

біле білсе, бірлік пенен Елдік қой.

алмағайып күн туғанда аңырып,

Қайран  қазақ  қанша  өкінді  сан 

ұрып.


«Енді өкінбе, өзіңді өзің қадірле»,-

Дейді бүгін бәрімізге Саңырық.

бір жағыңда жікшілдер жүр тарап 

құр,


бір жағыңда ақша менен арақ тұр.

«аяқ жағым азып кетер ме екен?» 

- деп,

Саған, халқым, Саңырық ер қарап 



тұр.

азамат па күйіттеген тек өз басын,

Кісі  болсаң,  елдің  мұңын  қозға 

шын.


Саңырықтар  сақтап  қалған 

даланың,


адамы азып, топырағы тозбасын.

Қарын  емес,  халық  қамын 

жегейсің,

Сонда әруақ жүрер қолдап, жебей 

шын.

Елдің ылғи жел жағында жүретін,



С а ң ы р ы қ т а й   с а рд а р ы м ы з 

көбейсін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет