Шағын топта жұмыс жасау үшін арналған жағдайлық есептер: Зерттелетін қан сарысуында қалдық азоттың мөлшері: 100 мМоль/л. Бұл жағдай қалай аталады? Қай кезде байқалады?
Зерттелетін қан сарысуына күкіртқышқылды аммонийдің қаныққан ерітіндісі қосылған. Тұнба пайда болды. Қандай белок тұнбаға түсті?
Науқастың қанында операцияның алдында қалдық азоттың мөлшері 50 мМоль/л болды, осы науқасқа операция жасауға бола ма? Неліктен?
Қан сарысуын фракциялау кезінде төмендегі жайттар анықталды: қан сарысуындағы жалпы белоктың көрсеткіші қалыпты мөлшерде болғанымен, жеке белоктардың пайыздық құрамы (%): альбуминдер - 40, альфа-глобулиндер – 10, бета-глобулиндер – 10, гамма-глобулиндер -38. Бұл кімнің (науқастың немесе дені сау адамның) қан сарысуы? Не себепті бұлай ойлайсыз?
Жер сілкінісінен кейін науқас ауыр заттың астында ұзақ уақыт қалып қойған, бұлшық етінің жаншылуы байқалады. Бұлшық ет зақымдануы кезінде қанда қандай ферменттердің мөлшері артады?
Науқастың жүрек бұлшық етінің жедел зақымдануы (некроз - өліеттену немесе инфаркт) дамыған. Миокард инфаркты кезінде қанның құрамында қандай ферменттер мен белоктар артады?
Ұзақ уақыт бойы дене еңбегімен айналысқан студенттің бұлшық етінде, әсіресе, балтырында ауырсыну байқалды. Ұзақ уақыт және ауыр дене еңбегімен айналысқанда неліктен бұлшық ет ауырады? Біраз уақыттан соң осы ауырсыну сезімі неліктен басылады?
Қан сарысуында С-реактивті белоктың пайда болуы нені білдіреді?
Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі (билеттер берілген).
Қорытынды жасау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, бағалар қойылады.
6. Әдебиеттер: Негізгі: Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004ж.
Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 жыл, 483-487 бет.
Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998 г., с. 5-35, 138-140.
Николаев А.Я. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с. 488-502.
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 1998 г., с. 567-582.
Қосымша: Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Основы частной биохимии», Алматы, 2004 г., с. 97-103.
Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3 Бөлім. Биологиялық сұйықтықтар мен адам тіндерінің биохимиясы. - Алматы, 2009 ж., 7-29 бет.
Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003 г., с. 57-58.
Аблаев Н.Р. «Биохимия в рисунках и схемах», Алматы, 2005 г, с. 270-310