1. Тақырыбы: Қан биохимиясы. Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктері, олардың ролі. Қанның буферлік жүйелері. Ацидоздар және алкалоздар, олардың түрлері. Макро- және микроэлементтер, олардың ролі. Су мен минералды заттар алмасуы және оның реттелуі.
2. Мақсаты: Студентерде қан плазмасының бейорганикалық заттардың қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті (ҚСТ) тұрақты сақтаудағы рөлі, ҚСТ бұзылыстары, осы күйді теңестіру жолдары туралы білім қалыптастыру.
Студентерде ағзадағы негізгі макроэлементтерінің қызметтері туралы білімдерін қалыптастыру.
Жаңа түсініктер мен терминдер еңгізу;
Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу кезінде студенттердің дағдылар мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері: ҚСТ тұрақты сақтаудың механизмін талдау.
Адам ағзасындағы негізгі макроэлементтерінің ролін, макроэлементтердің қандағы қалыпты мөлшерін, нормадан ауытқу себептерін оқып-білу.
Метаболиттік және респираторлы ацидоз, метаболиттік және респираторлы алкалоз, су-және минерал заттар алмасуы терминдері мен түсініктеріне анықтама беру;
Студенттерді кәсіби әдебиеттерді оқып-білуге және Ғаламтордан ақпараттарды іздеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары: Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктерінің маңызы.
Қанның буферлік жүйелерінің қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті (ҚСТ) тұрақты сақтауға қатысуы, бикарбонаттық буфері мысал ретінде олардың әсер ету механизмі.