Білім берудің және оқытудың әдістері:
Әдіс – аралас әдіс: блиц-сұрақтарға немесе тест жаттығуларына (тест берілген) жауап беру, жазбаша бақылау (билеттер берілген), ЖИГСО әдісі бойынша ағылшын тілінде жасалған видеоәдісімен бірге (үш тілдік бағдарламасына сәйкес) ауызша талдау кіреді.
Оқыту құралдары: кафедраның әдістемелік нұсқаулары, тест жаттығулары, дәрістің электрондық нұсқасы, видеофильм (кафедралдық ноутбуғының жұмыс столында бар).
Бағаланатын құзырлылықтар:
- білім – жазбаша бақылау кезіндегі студент берген жауаптары бойынша, ЖИГСО әдісі бойынша ауызша сұрағанда немесе шағын топтарда жұмыс жасағанда берген жауаптары бойынша, блиц-сұрақтарға берген жауаптары бойынша бағаланылады.
Ұйымдастыру бөлімі – студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу, үйге тапсырма беріледі: «Ферменттер. Лиазалар. трансферазалар».
Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
Трансферазалар – жіктелуі, жалпы сипаттама.
Аминотрансферазалар, метилтрансферазалар, фосфотрансферазалар ацетилтрансфераза-лар – құрылысы, катализдік әсері.
Лиазалар – құрылысы, жалпы сипаттама.
Кетоқышқылдарының және амин қышқылдарының декарбоксилазалары –құрылысы, катализдік әсері.
Карбангидразалар – құрылысы және катализдік әсері.
2) Блиц-сұрақ немесе тест сұрақтарымен жұмыс жасау.
Блиц-сұрақтар:
1 – фермент дегеніміз не?
2 – ферменттің активті орталығы дегеніміз не?
3 - ферменттің активті орталығы қандай аймақтардан тұрады?
4 – ферменттің аллостерикалық орталығы дегеніміз не?
5 – ферменттің активті орталығының субстраттық аймағы неге жауап береді?
6 – ферменттің активті орталығының катализдік аймағы неге жауап береді?
7 –кофермент дегеніміз не?
8 –апофермент дегеніміз не?
9 –холофермент дегеніміз не?
10 – профермент дегеніміз не?
Жазбаша бақылау (билеттер берілген).
Ауызша сұраудәстүрлі әдістеме арқылы немесе ЖИГСО әдісі бойынша жүргізіледі.
Дәстүрлі әдіс бойынша ауызша талдауға арналған сұрақтар:
Фермент дегеніміз не, бейорганикалық катализатормен ұқсатығы;
Фермент пен бейорганикалық катализаторлардың айырмашылықтары;
Ферменттің құрылысының күрделі болуы – бір компонентті және екі компонентті ферменттердің активті орталықтарының құрылысы;
Изоферменттер туралы түсінік, мысалдар келтіру;
Ферменттің әсер етуінің қуат күштілігі, өлшем бірлігі, мысалдар;
Ферменттің әсер ету арнайлығы, пируватдегидрогеназды комплекстің мысалында мультиферментті комплекс туралы түсінік;
Субстратты арнайлық, түсінік, түрлері, мысалдар;
Фермент активтілігіне температураның әсері;
Фермент активтілігіне рн-тың әсері;
Фермент активтілігіне фермент пен субстраттың концентрацияларының әсері;
Бәсекелес (конкурентті) ингибирлену, мысал келтіру;
Бәсекелес емес (конкурентті емес) ингибирлену, мысал келтіру.
Ферменттердің жіктелуі.
ЖИГСО әдісі бойынша жұмыс жасағанда топ 3-4 адамнан үш топшаға (шағын топшаларға) бөлінеді, әр топшаның әр студентіне тақырыптың сұрақтары беріледі. Әр студентке бір сұрақты дайындау үшін 2 минут уақыт беріледі, кейін топшаның ішінде тапсырмаларды талдау үшін тағы уақыт беріледі (15 минут). Содан соң оқытушы негізгі сұрақтар бойынша әр топшадан студенті шақырып, оған сұрақ қояды, бірақ оған алдын ала берген сұрақ емес, сол топшадағы басқа студентке қойылған сұрақты қояды. Яғни, топшаішілік дисскусия уақытында әр студент, педагог ролін атқара отырып, шағын топшалардың басқа мүшелеріне өзінің сұрағын түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |