5.Әдістер мен оқытудың тәсілдері:
Аралас-әдіс:
Жазбаша сұрау
Кіші топтармен жұмыс істеу- зертханалық жұмыстарды істеу
Оқыту құралдары: дәрістің электронды нұсқасы, толтыратын кестелер, жұмыртқа белогы, желатин, химиялық реактивтер, зертханалық ыдыстар, жазбаша тексерілетін билеттер, силлабус.
Бағаланатын құзырлылылар: - Білім – жазбаша сұрақтарға жауап беру арқылы бағаланады.
- Практикалық дағды– зертханада жұмыс істеу сапасына және оларды дұрыс түсіндіре алуына қарай бағаланады.
1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі– оқытушы студенттерді сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырады. Күрделі сұрақтарды қарастырады.
Үйге тапсырма: Ферменттер Ферменттердің жалпы қасиеттері және әсер ету механизмдері. Ферменттердің активтілігін реттеу. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Гидролазалар: жіктелуі, түзілу орны және жеке өкілдерінің каталитикалық әсері.
Келесі сабаққа өздігінен дайындалуға берілетін сұрақтар: Ферменттер туралы түсінік.
Бейорганикалық катализаторлар мен ферменттердің әсер ету ұқсастықтары
Ферменттердің жалпы қасиеттері.
Ферменттердіңхимиялық табиғаты.
Ферменттердің құрылымы. Жай (бір компонентті) және күрделі (екікомпонентті) ферменттер.
Ферменттің активті орталығының құрылымы, оның рөлі.
Ферменттің аллостерикалық орталығы деген не , оның рөлі.