Пәннің мақсаты: студенттердің логикалық және алгоритмдік ойлауын дамыту; теориялық және практикалық есептерді шешуге қажетті математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру; кәсіби әдебиеттермен жұмыс істеу кезінде аналитикалық қабілеттерін дамыту; қолданбалы мәселелерді математикалық зерттеу дағдыларын қалыптастыру және жаратылыстану есебін математикалық тілге аудару.
Пәннің қысқаша сипаттамасы: "Математика" курсы жоғары математиканың жалпы курсының арнайы бөлімі болып табылады және оны оқып үйрену мыналарды қамтиды: матрицалар, анықтауыштар және теңдеулер жүйесі теориясын, шектер және дифференциалдау теориясын, анықталмаған және анықталған интегралдар, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясының элементтерін.
Оқыту нәтижелері ON1 алынған нәтижелерді талдай алу, жауапты шешімдер қабылдай алу
ON2 фармацевтикалық өндірістің негізгі экономикалық көрсеткіштерін болжау және талдау
ON6 заманауи ақпараттық технологияны қолдану; алынған ақпаратты талдау; ақпараттық, библиографиялық ресурстарды, медициналық- биологиялық және фармацевтикалық терминологияны, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып және ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, кәсіби қызметтің стандартты мәселелерін шешу.
Осы курсты аяқтағаннан кейін меңгеру тиіс: 1. Қолданбалы есептерді шешуде есепті шығару дағыларын және сызықтық алгебраның мысалдарын қолдануды;
2. Қолданбалы биологиялық және химиялық есептерге математикалық талдау жүргізуді;
3. Интегралды қолдана отырып, деректерді талдаудың кейбір техникалық және химиялық мәселерін шешуді
4. Қарапайым есептерді шешуде ықтималдықтар теориясының негіздерін қолдануды;
Бұл пәнді оқу келесі пәндерді білуге негізделген: -мектеп математика курсы