Биотехнология және гендік инженерия келешегі
Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану
А мәтіні
Өсімдік майларын əртүрлі өсімдіктерден алуға болады. Бізге белгілі зығыр, күнбағыс, күнжұт, арахис, мақсары, кокос жаңғағы сияқты майлы өсімдіктерден басқа да экзотикалық: джоджоба, гваюла, рапс, эквалипт, копайба, малмейро, бобассо жаңғақтары сияқты көптеген өсімдіктер болады. Осы өсімдіктерден алынатын майлар көптеген мемлекеттерде кеңінен пайдаланылады. Алайда бұл өсімдіктерден алынатын майларды энергия көздері ретінде пайдалану үшін, оларды өндіруге кеткен шығынды есептеу қажет. Егерде бір литр май өндіру үшін екі литр жанар-жағар майы шығындалатын болса, оның тиімділігі болмайтыны белгілі. Мұнда осы мақсатта қандайда бір өсімдіктерді өсірудің негізгі бағамы (критерийі) ретінде, олардың өнімділік көрсеткіштері, яғни бір гектардан алынатын май мөлшері мен оған кеткен шығын көлемі есептелінеді. Өндірісте пальма ағашы майынан алынатын жанар-жағар майы, қант немесе құрамында крахмалы көп өсімдіктерді өңдеу арқылы алынатын этил спиртінен дайындалған өнімдерден анағұрлым артық келеді. Атап айтар болсақ, пальмадан майды жыл бойына алуға болады, майды алу технологиясы өте оңай, қоршаған ортаға зияны жоқ жəне қалдықтарынан құрамында ақуызға өте бай малазықтық жем өндіріледі. Өндірісте неғұрлым осы мақсатта өсірілетін өнім толықтай пайдаға асса, солғұрлым оны өсіру тиімді болатыны белгілі. Өсімдік майларын таза күйінде де немесе жанар-жағар майларға қосынды ретінде де пайдалануға болады. Бірақ та, егер бұл майларды этил немесе метил эфирлеріне дейін өңдеп пайдаланса, олардың тиімділігі жоғарылап, машинаның пайдалану ұзақтығының артатыны анықталған. Сол себептен өсімдіктер құрамындағы қанттарды микробиологиялық жолмен өңдеп, олардан этил спиртін дайындау бүгінгі күндегі өндірістік жолмен жанар-жағар май дайындаудың негізгі көзі болып табылады. (220 сөз)
Ірімшік (сыр) дайындау немесе ірімшік пісіру – бұрыннан келе жатқан кəсіп екені белгілі. Ірімшік дайындау əсіресе Голландия мемлекетінде жақсы жолға қойылған. Бұл үдерістің жүруі ферменттер белсенділіктеріне негізделген. Ірімшік өнімдері өздерінің түрлері бойынша əртүрлі, яғни жұмсақтан қатты формаларына дейін жасалады. Ірімшіктің жұмсақ түрлері құрамында су мөлшері көп – 50-60% кездессе, қатты түрлерінде оның мөлшері аз, яғни 13-34% көлемінде болады. Осы өнімді дайындаудың бастапқы кезеңі сүтті алғашқы өңдеуден басталады. Екінші кезеңде сүт қышқылы бактерияларының культуралары дайындалады. Мұнда микроорганиздердің ең жақсы сапалық көрсеткіштерін қамтамасыз ете алатындай қатынаста алынуын қадағалау қажет. Бактериялардың таңдалуы да термоөңдеудің температуралық режиміне байланысты болады. Үшінші кезең – бұл ферментация кезеңі. Бұл кезең ірімшік дайындауда кейбір жағдайларда екі, яғни алғашқы дайындау жəне бөлуден кейінгі кезеңдерде атқарылады. Мұнда алғашқыда сүт белгілі бір микроорганизмдер штаммдары арқылы сүт қышқылы түзілгенге дейін өңделіп, кейіннен бұған қарын ферменті реннин қосылады. Реннин ферменті уыз сүтін емген мал төлдерінің асқазанынан (бүйен) дайындалады. Мысалы, сүт емген бұзау немесе елтіріге сойылатын қаракөлдің үш күнге дейінгі жас қозыларының асқазаны – мəндір деп аталады. Бұлар ішіне жел беріле үрленіп көлеңке жерде кептіріледі. Осындай мəндір ішінде аталған фермент болады. Ренин ферменті сүттің қойыртпақталып ұю үдерісін бірнеше есе тездетеді. Бұл реакция бактериялардың өнімі болып табылатын сүт қышқылы арқылы жүзеге асырылады. Рениннің қызметін басқада протеиназалар 86 атқара алады, бірақта ренин ферментінің басты артықшылығы – ол ірімшіктің пісуі кезінде ондағы жүретін протеолиз үдерісіне де қатысады. Сүт іртіктеліп болған соң, одан бөлінген сарысудан ажыратып алып, дайын болған ірімшік массаларын ыстықпен өңдеген соң, арнаулы қалыптарға салып нығыздайды. Бұл ірімшікті тұздаған соң ары қарай пісу үшін арнаулы лотоктарға тізіп қояды. Кейбір жағдайларда дайындалатын ірімшіктердің түрлері мен сорттарына баайланысты алынған массалар қосымша өңдеулерден өткізіледі. (225 сөз)
Тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, "Биотехнология жетістіктері адамзатқа не береді?" тақырыбында эссе жазыңыз.