Ә мәтіні:
«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі»
Дәурен Абаев әсіресе жаһандық деңгейдегі бұл басқосудың осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің ортақ шешіміне сұхбаттан үзінді сай өткізіліп отырғаның еске салды. Сондықтан дәл осы жиын арқылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерін кешенді цифрландыру бастау алуы тиіс. Министрдің айтуынша, Еуроодақта өндіріске тың технологияларды еңгізу төрт жүз миллиард доллорға тең пайда әкелген. Егер Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения секілді интеграциялық ұйым мүшелері жаңашылдықты жан-жақты еңгізе білсе мол табысқа кеңелуі мүмкін.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
Бұл жерде айтайын дегенім: Қазақстанның астанасы қазіргі Астана қаласына көшіру мәселесі, инвестиция тарту мәселесі бойынша, елімізге қанша инвестиция келді, индустриалды бағдарламаны іске асыру, қанша жұмыс орны ашылды, делимитациялау мәселесі, мемлекеттік шекараны орнату. Осының бәріне кезінде кейбір Қазақстандықтар онша сеніңкіремей қарап еді. Қазір соның бәрінің нәтижесін көріп отырмыз. Осы бағдарламада, форумда тікелей Елбасының тапсырмасы бойынша орындалып жатыр. (137 сөз)
Тапсырма
Эссе үшін тапсырма үлгісі
Екі мәтіндегі ақпарат пен Өз пікіріңізді пайдаланып «Қазіргі жаһандану мәселесі қалай жүзеге асуда?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.
Төмендегі екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні. Ғаламтор материалынан үзінді
Кәсіп пен еңбек
Адамзат өзінің саналы ғұмырында әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, бес-алты жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, алып барады, жылжытады және тағы басқа әрекеттерді орындайды. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап, ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, ебек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қаматамасыз етеді, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды. Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты қоғамдық қатынастарды және еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңдар кодекісінң 2-бабының мазмұнымен таныса келе, бұл бапта қызметкердің негізігі құқықтары мен міндеттері анықталған болатын.
Адам баласы еңбектене отырып, өзінің табиғи дарыны мен қызығушылығы негізінде өзіне ұнайтын кәсіпке бет бұрады. Жалпы алғанда, кәсіп қолданылатын еңбек құралдарына қарай (машинист, автоматшы), еңбек затарын қарай (машина жасаушы, кенші), еңбек затына әсер ету тәсіліне қарай (бұрғылаушы, құрылысшы) немесе өндіріс процесінде орындалатын жұмыстың мазмұны мен сипатына, атқарылатын міндетіне қарай осылай бірнеше топқа бөлінеді. Кәсіптің түріне, қажеттілігі мен сұранысына қарай бірнеше мамандықтар пайда болады.
Қорыта келгенде, кәсіп пен еңбек кез келген адам өмірінде шешуші рөл атқарады. Сондықтан да еңбек жолында өз қызуғышылығы мен икемі басым кәсіп түрін таңдай білу адамның жеке басы үшін ғана емес, қоғам үшін де өте маңызды. (211 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |