Биотехнология және гендік инженерия келешегі Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану


Ата –аналар құқықтары мен міндеттері



бет20/25
Дата11.06.2023
өлшемі59,88 Kb.
#100581
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
2 5458366089857608822

Ата –аналар құқықтары мен міндеттері
Бала тәрбиесі, оның жан – жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы қоғамымыздың, оның ішінде әрбір ата – ананың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Алайдамектептегіата-аналаржиналысынданемесеоларменсұхбатжүргізгендекөптегената-аналарөзінің бала алдындағықұқықтары мен міндеттерінтолыққанды жете түсінебілмейтінінаңғарыпжүрміз. Ата-аналардыңқұқықтары мен міндеттеріхалықаралықратификацияланғанжәне ҚРзаңдарында, оныңішінде «Бала құқықтарытуралы» Конвенцияда, ҚР «Бала құқытуралы», ҚР «Білімтуралы» заңындаанықкөрсетілген.
70-бапта ата-аналардыңбалаларынтәрбиелеу мен білімберудегіқұқықтары мен міндеттерібаяндалады. Ата-аналарбалаларыныңденсаулығына, денебітімініңдамуына, жан-жақтыөсіп-жетілуіне, емдетуге, тексеругеміндетті. Ата-аналарбалаларынтәрбиелеугеқұқылыжәнеміндетті, яғнибалаларынрухани, эстетикалық, адамгершілік, патриоттықтәрбиеберугежауапты. Ата-аналарбалаларыныңміндетті орта білімалуынқамтамасызетугеміндетті. Оларбалаларыноқуқұрал – жабдықтарымен, киім-кешекпенжәне тағы басқақажеттіліктерменқамтамасызетуітиіс. Сондай-ақбаланыңпікірінескереотырып, білім беру ұйымынжәнеоқунысанынтаңдауғақұқылы, яғнибаланыңқызығушылығын, қандай да бірбейімділігін, талантынескереотырып, қажеттібілімұйымынтаңдайалады. (143 сөз)

Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді



Баланы жалғызсыратпау
Қазіргі өмір қат-қабат шаруаға толы. Көп балалардың ата-әжесі жоқ, әке-шешелері таңертеңнен кешке дейін жұмыста. Сол себепті өте жастары күндіз балабақшада, мектеп жасындағылар сабақтан соң үйде жалғыз қалып, өмір сүруде. Жасыратыны жоқ, жұмысбасты ата-аналардың кешкі, түнгі демалысында да баласына тиісінше назар аударуларына уақыты, мұршасы жетпейді. Содан көп бала өз бөлмесінде өзімен өзі ойнайды, жалғыз отырады. Олардың ас дайындап, кір жуып, үй жинап жатқан анасынан сұраған сауалына да алып жатқан жауабы мардымсыз. Яғни, көп ата-ана жұмыстан кейін де жас баласымен отырып әңгімелеспейді, оларды ешнәрсеге үйретпейді, ойнатпайды, ертегі айтып бермейді. Жас баланың жүрегі таза айна тәрізді. Ол алдында тұрған, өзі көрген нәрсені, жағдайды тез қабылдайды, жақсы, жаманның не екенін өз бетінше айыра алмайды.
Шығыс ойшылдары балалардың қателік жасауларына рұхсат ету керек, - дейді. Себебі, қателескен сайын балалардың тәжірибесі арта түсетін көрінеді. Қателесу, оны түзету үстінде балалар өздерінің қолынан қандай істердің келетінін де түсініп, басқалардың көмегіне мұқтаж болмай өседі. Тек, баланың қате қылығын тыйған кезде оның орнына басқа бір дұрыс қылықты көрсету, үйрету қажет. Ойнағанда да, бір нәрсемен шұғылданғанда да осы қағида ата-анасының есінде болса, нұр үстіне нұр жауады. Балалық қызығушылық көп қателіктерге ұрындыратындықтан, ол үшін жазаламай, керісінше, оған талдау жасалып, дұрыс бағасы беріліп отырса, қажет кезінде қателігін қайталай бермеуі үшін баланы жазалап қойса да артық емес. Алайда кешірім, өте жиі жазалау шектен тыс болмасын.
Елінің сүйікті перзенті етіп ұл-қызын өсіргісі келген ата-ана ең әуелі балаларын еңбекке баулуға, қалаған ісін үйретуге, түсінбеген мәселелерін ұқтыруға тиісті. Ол үлкен төзімділікті талап етеді. Еңбекке баулу балалардың жас шағынан басталатын болғандықтан, оларға берілетін тапсырмалар: қоқысты шығару, дүкеннен нан әкелу тәрізді бірсарынды болмасын. Жасөспірім үйдегі бір жұмыста көмектесуге ниет танытса, қолынан қақпаңыз, тиым салмаңыз. Жеткіншек атқаратын шаруа, жұмыс әртүрлі, қызықты болса, оның еңбекке баулуда пайдасы зор. Әсіресе, әрбір оқушының күн тәртібінің кестесі болуға тиіс. Бұл баланы жауапкершілік пен тәртіпке үйретеді, жақсы тынығуына жәрдемдеседі.
Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», - демекші, бала тәрбиесіне отбасында өмірге келген күнінен бастап айрықша мән берейік. (213 сөз)



Тапсырма:


Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі қандай? » деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет. [20]
Статисикасы бар мәтін беру;
Ситуациялық мәтін беру;
Өз құқығыңды білудің артықшылығы неде?
Өзгенің құқығын қадірлей аламыз ба?

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз


А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет