Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы



бет4/7
Дата19.10.2023
өлшемі346,5 Kb.
#119656
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Методичка 6 сабақ

Қосымша әдебиет көздері:

  1. Керімқұлов Қ. Нұрсейітов Ш., Шертаев Е. Жалпы химиялық технология. – Астана: Фолиант, 2015. – Б. 190-208.

  2. Жакирова Н.Қ. Жалпы химиялық технология. 1-бөлім. Химиялық технологияның теориялық негіздері. Оқу құралы:– Алматы, 2012. – Б. 37-57. (jakirova_jalpi_himijalik_kz_2012).

АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

Химиялық өндіріс өте көп мөлшерде шикізатты өңдейді жəне осын-дай көлемде су, отын, энергия жұмсайды. Көптеген химиялық өндірісте 1 т өнімге шаққанда шикізаттың жұмсалу коэффициенті 3-4 т жетеді, ал кейбір жағдайда 6 т құрайды. Технологиялық үдерістерде шикізатпен энер-гияны тиімді пайдалану химия өнеркəсібінің маңызды проблемаларының бірі. Ресурсты үнемді пайдаланудың негізгі жолдарына химиялық-технологиялық үдерістердің қозғаушы күшін жеткілікті қолдану, отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, аппаратпен машинаны ба-рынша құрылымдық-функционалдық қолдану, сумен қамтамасыз етудің тұйық жолдары, химиялық өндірістің беріктілігін көтеру жəне қамтамасыз ету, өндірістің құрал-жабдықтарын тиімді орналастыру жатады.


Дүние жүзінде Қазақстан минералдық шикізат ресурстарының мөлшері жəне əртүрлілігі бойынша алдыңғы қатардан орын ала-ды. Республиканың отын-энергетикалық комплексінің шикізат ба-засы минералдық шикізат экономикасының сұранысын толық қанағаттандырады. Қара жəне түсті металдардың, мұнай, көмір, газдың жеткілікті қоры болғандықтан минералдық шикізатқа деген сұраныстың проблемасы түбегейлі шешіліп, өндірістің салаларының тұрақты дамуына толық негіз бар. Химиялық өндірістің шикізатты пай-далану тұрғысынан ерекшеліктері:
– шикізат базасының көп варианттылығы, ауыл шаруашылық өнімдері, ауа жəне су, химиялық өнеркəсіпте өңделген табиғи шикізаттың (мысалы, құрамында фтор бар газдар, сульфаттар, фосфо-гипс жəне т.б.) жəне аралас салалардың (түсті металлургиядан, мұнай өңдеуден, коксхимиядан шығатын газдар) өнімдері;
– əртүрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізаттың бір түрін комплексті пайдалану мүмкіндігі;
– бір шикізаттан əртүрлі химиялық өнімдер алуға мүмкіндік беретін химиялық өңдеу əдістерінің көптүрлілігі (мысалы, бензолдан каучук, поли-стирол, капролактам, улы химикаттар жəне басқа өнімдер алу).
Химиялық өнеркəсіптің өнімдері бастапқы зат (шикізат) аралық өнімдер (жартылай өнімдер) жəне дайын өнімдер деп бөлінеді.
Шикізат өнеркəсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар. Жартылай өнімдер – сол мекемеде шикізатты өнеркəсіптік өңдегенде алынған материалдар жəне қандай да бір өнім алу үшін бастапқы материалдар ретінде пайдалану. Практикада жар-тылай өнім оны дайындайтын мекеме үшін дайын өнім, ал осы жар-тылай өнімді тұтынатын мекеме үшін шикізат болуы мүмкін. Мысалы, түсті металлургия зауытында алынған күкірт қышқылы сол мекеме үшін дайын өнім, ал минералды тыңайтқыштар өндірісінде шикізат болып табылады. Шикізат кез келген химиялық-технологиялық үдерістің бөлінбейтін элементі жəне оның техникасымен экономи-касын анықтаушы. Химиялық-технологиялық үдерістерде негізінен периодтық жүйенің 60 элементі қолданылады. Ал ірі тоннажды химиялық өндірістер шикізаттың белгілі бір түріне негізделген жəне шикізат өте үлкен мөлшерде қолданылады. Химиялық өнеркəсіпте əртүрлі шикізат өнделеді. Өнеркəсіпте шикізатқа жұмсалатын шығын өнімнің өзіндік құнының 60-70%-ы, ал мұнайхимиялық өнеркəсіпте 70%-дан астамын құрайды. Химиялық өнеркəсіптің қуаттылығы, еңбек өнімділігінің деңгейі, құрал-жабдықтың пайдалы жұмыс істеу ұзақтығы дайын өнімді шығаруға еңбек шығынының дəрежесі шикізаттың түріне жəне сапасына байланысты. Химиялық-технологиялық үдерістерде қолданылатын шикізат:
– соңғы өнімге өңдеу сатыларының санын азайту;
– шикізатты химиялық өзгеріске дайындауға жəне үдерісті жүзеге асыруға энергетикалық, материалдық шығындарды аз жұмсау;
– бастапқы энергияның максималды шығынсыз жұмсалуы;
– əрекеттесуші заттардың агрегаттық күйінің өзгеруіне төмен температура, қысым жəне аз энергия жұмсау;
– реакциялық қоспада мақсатты өнімнің концентрациясын арттыру сияқты талаптарды қанағаттандыру керек.
Химиялық өнеркəсіптің шикізаты əртүрлі белгілері бойын-ша жіктеледі: шығу тегіне байланысты – минералдық, өсімдік, жануартекті; қоры бойынша – сарқылатын (кендер, минералдар, жанғыш пайдалы қазбалар) жəне сарқылмайтын (су, ауа, өсімдік жəне жануартекті); химиялық құрамы бойынша – бейорганикалық (кендер, минералдар) жəне органикалық (мұнай, көмір, табиғи газ); агрегаттық күйі бойынша қатты, (кендер, минералдар, көмір, сланецтер, торф) сұйық (су, тұздықтар, мұнай) жəне газтəрізді (ауа, табиғи газ). Сондай-ақ шикізатты біріншілік (минералдық, өсімдік жəне жануартекті, жанғыш пайдалы қазбалар, су, ауа) жəне екіншілік (өнеркəсіптік жəне тұтынылатын қалдықтар), табиғи жəне жасанды (кокс, химиялық талшық, синтетикалық каучук, синтетикалық бояулар, шайырлар жəне т.б.) деп бөледі.
Минералды шикізат жер қыртысынан өндірілетін пайдалы қазбалар. Минералды шикізат – кендік, кендік емес жəне жанғыш деп үшке бөлінеді. Кендік минералды шикізат – тау жыныстары. Кендік шикізаттың кейбір түрлерін өндегенде металдармен қатар химиялық өнімдер алынады. Мысалы, бір мезетте мыс, мырыш, никель өндірумен қатар күкірт қышқылын да өндіруге болады.
Кендік емес минералды шикізат химиялық, құрылыс жəне басқа бейметалдық материалдар алу өндірісінде қолданылатын тау жыныстары. Бұл шикізат түрлерінен əртүрлі химиялық өнімдер алуға болады. Кейбір кендік емес шикізаттың қолданылуы келесі суреттерде берілген.
Өсімдік жəне жануартекті шикізат қолданылуына байланысты тағамдық жəне техникалық болып бөлінеді. Тағамдық шикізат– ауыл, орман, балық шаруашылықтарының өнімдері (картоп, қант қызылшасы, тағамдық майлар, сүт т.б.). Тамақ өнеркəсібіне жарамсыз, бірақ тұрмыстық немесе өнеркəсіптік тұтынуға қажетті өнімдерге өнделетін материалдарды техникалық өсімдік, жануартекті шикізат деп атайды. Мұндай шикізатқа мақта, ағаш, зығыр, сабан, былғары, жүн, жануар сүйектері, кит жəне треск майлары жатады.
Екіншілік материалды ресурстар. Екіншілік материалдық ресурстар – химиялық шикізаттың негізгі көзі болып табылады. Оларға өндіріс қалдықтары, тұтынудан қалған қалдықтар, жəне қосымша өнімдер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет