Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы



бет5/7
Дата19.10.2023
өлшемі346,5 Kb.
#119656
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Методичка 6 сабақ

Өндіріс қалдықтары – өнім өндіру үдерісінде түзілетін аздап немесе толығымен өзінің сапасын жоғалтқан жəне стандартқа сəйкес келмейтін шикізат қалдығын, жартылай өнімдерді, материалдарды айтады. Химиялық жəне мұнай өндейтін өнеркəсіптің қалдықтарын құрамы мен қасиетіне байланысты үш топқа бөледі: бастапқы шикізатқа жақын, мақсатты өнімге жақын, басқа өндіріс немесе салалардың шикізаты. Бірінші топ қалдықтарына əрекеттеспеген шикізатты немесе аралық өнімдерді бөліп, регенерациялаудан кейін қайтадан циклге жіберуге болатын қалдықтар, екінші топқа кейбір операциялармен тауарлы өнімге айналдыруға болатын қалдықтар, үшінші топқа басқа салалар-да өндеуге болатын қалдықтар жатады. Атмосфераға, қоршаған ортаға тікелей шығаруға, жерге көмуге немесе теңіз, мұхит суларына жіберуге болатын зиянсыз немесе толық залалсыздандырылған қалдықтар ерекше топты құрайды.
Тұтыну қалдықтары – қайта қалпына келтіру экономикалық тиімсіз тұтынылған əртүрлі бұйымдар мен заттар. Мысалы, толық пайдаланылған істен шыққан машиналар, шыныдан жасалынған өндірістік бұйымдар, резиналар мен пластмассалар, жұмсалған реактивтер, катализаторлар жəне т.б. (өнеркəсіптік тұтыну қалдықтары) немесе жеке жəне тұрмыста қолданылып жарамсыз күйге келген қалдықтар (тұрмыстық тұтыну қалдықтары).
Қосымша өнімдер өндірістік үдерістің мақсатты өнімі болып табылмайды, бірақ өндірістің негізгі өнімдерімен қатар шикізатты өңдеу үдерісінде түзіледі. Бірақ қосымша өнімдер сапалы дайын өнімдер ретінде қолданылуы мүмкін. Олар көбінесе, мемлекеттік немесе салалық стандарттар мен техникалық жағдайларға сəйкес келетін тауар түрінде болады. Негізгі шикізатты өндіру немесе байыту кезінде алынатын қосымша өнімдерді жолай (серік) өнімдер (мысалы, мұнайға серік газдар) деп атайды. Қосымша жəне сол үдерістің жолай өнімдері басқа өндіріс үшін мақсатты өнімдер болып табылады.


Шикізатты өңдеуге дайындау

Шикізаттың агрегаттық күйі негізінен оның тасымалдану жəне өңдеуге дайындау əдістерін анықтайды. Жер қыртысынан өндірілетін шикізат құрамында мақсатты компоненттен басқа пайдасыз (бос жы-ныс) жəне зиянды бөгде заттар болады. Көптеген жағдайда зиянды бөгде заттардың мөлшері жоғары болғандықтан, шикізатты байыту үдерісі жүргізіледі. Байыту операциясы – шикізатты өңдеуге жұмсалатын шығынды азайту, өнімнің сапасын жақсарту жəне шикізатты өндіріске тасымалдауға жұмсалатын шығынды азайту үшін қажет. Шикізатты байыту жəне дайындаудың негізгі əдістері төмендегідей.


Шикізатты өңдеуге дайындаудың маңызды əдістерінің бірі – оны байыту. Шикізатты байыту – концентраттағы негізгі компоненттің мөлшерін арттыру жəне бос жынысты бөлу үшін минералды шикізатты өңдеудің физикалық жəне физикалық-химиялық əдістердің жиынтығы. Байыту нəтижесінде құрамында пайдалы заттардың мөлшері аз шикізаттың орнына концентрленген шикізат алынады. Байытылған шикізатты қолдану барысында шикізаттың химиялық өзгеру жылдамдығы жоғарылау нəтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді, сапасы, техникалық үдерістердің интенсивтілігі артады, отын шығыны төмендейді.
Байытуға қатты материалдар – əртүрлі тау жыныстары; сұйық материалдар – ерітінділер; газдар ұшырайды. Олар шикізат компонентінің физикалық, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттерінің əртүрлігіне негізделген.
Қатты материал пайдалы құрам бөлікпен байытылса, концентрат, ал құрамында бос жынысы бар қалдықтарды «құйыршық» деп атайды. Қатты минералды шикізат – қандай да бір таза түріндегі минерал емес. Жиі оның құрамына əртүрлі минералдар кіреді. Шикізаттың пайдалы құрам бөлігі жəне бос жыныс бір-бірінен физикалық, физикалық-химиялық немесе химиялық қасиеттерімен (тығыздығы, қаттылығы, ерігіштігі, жеке сұйықтармен сулануы, балқу температурасы жəне т.б.) ерекшеленеді. Осы қасиеттердің ерекшелігімен күрделі минералды шикізат концентрат жəне «құйыршық» болып бөлінеді.
Əдістердің көптеген тобы қатты материалдарды байытуға арналған.
Шикізатты байыту əдістері – олардың фазалық күйіне тəуелді.
Гравитациялық байыту (ылғалды жəне құрғақ) ауа немесе сұйық ор-тада ұсатылған заттардың бөлшектерінің төмен түсу жылдамдығының бөлшек тығыздығына немесе бөлшек мөлшеріне тəуелділігіне негізделген. Бұл əдіспен негізінен қаттылығы немесе тығыздығы əртүрлі минералдарды бөледі. Көбінесе, ылғалды байыту сулы ортада орындалады. Сулы ортада пульпа үш камераға бөлінген су классифи-каттарына келіп тұнады: (1)-камерада ірі ауыр бөлшектер, ұсақталған шикізат сумен (1) бакта араластырылады (қойыртпақ); (2)-камерада ор-таша жəне (3)-камерада ұсақ жəне жеңіл бөлшектер тұнады, тым ұсақ бөлшектер (бос жыныстар) су ағынымен кетеді (1-сурет).
Гравитациялық (ылғалды) байытуға гидроциклон аппараттарын қолданылады.
Бұл əдіс негізінен силикат материалдар минералдық тұз жəне метал-лургия өндірістерінде шикізатты байытуға кеңінен қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет