153
Микроорганизмдердің циклоалкандарда өсуі туралы бір
қатар авторлардың зерттеулерінде келтірілген. Жер асты сула-
рында тіршілік ететін микроорганизмдер мұнай құрамына кіретін
көмірсутектерді: сызықты жэне тармақталған тізбекті алкандарды,
алкендерді, ациклді жэне ароматты көмірсутектерді ыдыратуға
қабілетті.
Көмірсутектерді
микроорганизмдердің
қолдануы
эртүрлі дэрежеде жүреді. Бактериялармен ең жақсы н-парафиндер
қолданылатыны анықталған. Ашытқылар С]0-С,6 көміртекті н-ал-
кандарды энергия мен көміртектің жалгыз көзі ретінде тұтынуы
жайлы көптеген авторлардың зерттеулерінде келтірілген.
Көптеген микроорганизмдер тетрадекан, гексадекан, до-
декан жэне парафинді майларды, әлсіз циклды жэне аро
матты көмірсутектерді жақсы қолданады. Мұнайдың аро
матты көмірсутектерінде фенол жэне ксилол тотықтырушы
микроорганизмдердің
өсуінің
ауксанографиялық
анализі
жүргізілді. Онда бұл микроорганизмдер активтілігі жогарлап, аро
матты көмірсутектердің деструкциясы байқалган.
Декалинді тотықтыратын
Pseudomonas
жэне
Mycobacterium
туыстарының бактериялары көбінесе циклды көмірсутектерде
аралас дақыл түрінде жақсы дамиды.
Мұнай жэне мұнай өнімдерінен қоршаган ортаны тазартуда
«микроорганизмдер» термині пайдаланылганмен негізінен мұнай
тотықтыратын бактериялар жайында айтылады. Көмірсутектердің
деструкциялауда негізінен бактериялар жүргізгенімен қоршаган
ортада кең таралган комірсутектерді тотықтьфуга қабілетгі, со
нымен қатар мұнайдың жогары концентрациясьша шыдамды
ашытқылар да кездеседі.
/ '
Қара теңізден болініп алынган микромицеттердің эртүрлі
мұнай мен мұнай өнімдерінде өсу қабілеттілігі зерттелін-
ді.
Ашытқылардың ароматты жэне тармақталган тізбекті
көмірсутектерді утилизациялау қабілеттілігін зерттеуде
Candida
lipolitica
дақылының жогары қабілеттілігі болган, кейбір С.
lipolitica
мен С.
maltosa
дақылдары калыпты алкандары бар сорпадагы аро
матты жэне тармақталган тізбекті көмірсутектерді пайдаланаты-
ны анықталган. Көмірсутектердің, соның ішінде парафиндерді
ашытқы клеткалары пайдалануының бірінші кезеңінде клетканың
бетінде көмірсутектердің сорбциясы, клетка қабыргасымен оның
диффузиясы жэне цитоплазмалық мембрананың липидтерінде
еруі жүреді.
54
Қазіргі таңда ашытқыларды мұнай көмірсутектерін ыдырату-
да пайдаланудың болашағы зор. Кейбір авторлардың мәліметтері
бойынша
Candida
жэне
Torulopsis
ашытқылары энергия мен
ашьгкқылардың жалғыз көзі ретінде н-парафиндерді пайдаланады
жэне ароматты көмірсутектерде өспейді. Соңғы кездегі зерттеулер-
де бұл ашытқылардың ароматты көмірсутектерде өсуінің жоғары
катаболиттік белсендіпігі анықталды.
Микроорганизмдердің эртүрлі систематикалық топтарының
көмірсутектер есебінДе өсу қабілеттілігі жөніндегі қазіргі
көзқарастар
ауқымы
кеңейді.
Көмірсутектердің
эртүрлі
құрылымын тұтынуға қабілетті микробтық әлемнің жаңа өкілдері
анықталуда. Микробтық қауымдастықтың арасынан ферментатив-
ті жүйенің әмбебап жиынтығынан тұратын бактериалды клеткалар
ерекшеленеді. Ферментативті жүйелер өнеркәсіптің қарқынды да-
муы нәтижесінде жиналатын улы химиялық заттарды утилизация-
лайтын химиялық реакцияларды жүргізеді.
Әрдайым мұнай өнімдерімен ластанатын экожүйелерде
Pseudomonas,_Rhodococcus'>Pseudomonas, Rhodococcus
туыстарының бактериялары кең
таралған жэне олар көмірсутектердің белсенді деструторла-
рына жатады. Сонымен қатар
Bacillus, Micrococcus, Bacterium
туыстарының бактериялары мұнаймен ластанган аймақтардың
өздігінен тазалануы кезінде белсенді дамитыны байқалған.
Pseudomonas
окілдері басқа микроорганизмдерге қарағанда,
көмірсутектердің көпшілігін пайдаланатын болғандықтан, жақсы
зерттелген. Е.И. Квасников авторлармен бірге, мұнай кэсіпорын-
дарынан, нафталинді белсенді тотықтыратын
Pseudomonas
туысының бірнеше өкілдерін бөліп алды. Басқа да зерттеушілер,
жер асты мұнай-газ кен орындарынан нафталинді тотықтырушы
Р.
сеи/г//і^<тужәне/, 6огео/ю/«'бактерияларыныңтаралуынбайкаған.
P. fluerescens
метанды тотықтыратыны,
Pseudomonas
-тың 6 түрі
гептанды,
P. aeruginosa
нафталинді пайдаланатыны анықталды.
Псевдомонадтар С2-С4 көміртекті, газ тэрізді көмірсутектерді
қолданады, ал метанды қолданбайды.
P. aeruginosa
қалыпты,
тармақталған және ациклды көмірсутектердің гидроксилін іске
асыратын гидролазалардың жүйесіне ие. Мысалы,
P. denitrificans
күрделі алкандарды, ал
Р aeruginosa
жай алкандарды ыдыратады.
Бұл қасиеттер генетикалық бекітілген. Кең спектрлі ферменттер
жүйесіне ие псевдоманадалар пестицидтерді, эртүрлі полимерлер-
55
ді жэне беттік белсенді қосылыстарды ыдыратуға кабілетті. Кей-
бір псевдоманадалар дезинфектанттарға төзімді, ал олардың гли-
козидаза ферменттері олиго- жэне полисахаридтерді пайдалануға
мүмкіндік береді. Бұл органикалық косылыстардың биодеградаци-
ясына жэне клетканың тіршілігіне қажет компонеттердің биосин-
тезін іске асырудың бірден бір жолы.
P. aeruginosa
микобактериялармен аралас дақылда да жақсы
өседі. Бұл кезде микобактериялардың беткі қабатына байланысты
ортада көмірсутектердің эмулденуі жүреді. Липофилді қабығы
жоқ псевдоманадалар үшін бұл өте маңызды, яғни гидрофилді суб-
стратпен әрекеттесуі жеңілденеді.
Келтірілген мәліметтер псевдоманадалардың жоғары метабо-
литтік потенциалын жэне оның реттелуінің спецификалық ерек-
шеліктерін дэлелдей түседі.
<
Көмірсутектерді энергия мен көміртектің жалғыз көзі
ретінде қолданатын
Rhodococcus
бактериялары табиғатта кең
таралған. Олардың клеткалары н-алкандарды қалың липофилді
клетка қабырғасы арқылы пассивті диффузия жолымен сіңіреді.
Қоршаған ортаны тазалауға арналған көптеген биопрепараттардың
құрамына
Rhodococcus
штамдары кіреді. Мұндай препараттарды
пайдаланылғаннан кейін жиналған микроорганизмдердің бай мас-
сасы өсімдіктермен жеңіл ыдырайтын органикалық заттарға ай-
налады. Бұл құрамына родококкалар кіретін биопрепараттардың
экологиялық қауіпсіз және қоршаған ортаны мұнай мен мұнай
өнімдерінен тазалауда тиімді болып табылатынын білдіреді.
Квасников қызеткерлерімен бірге мұнаймен ластанган орта-
дан 45°С-65°С оптималды температурада өсетін аэробты спора
түзуші бөліп алды. Олар Сп-С]6 көміртек атомдары бар алкандар-
ды утилизациялауға қабілетті
Bacillus subtilus, Вас. brevis, Вас.
coagulans thermophilus
бактерияларын бөліп алды.
Вас. subtilus
термофилді өкілдерінің ингибиторлары С6-С]0 көміртек атомдары
бар н-алкандар болып табылады. 60°С-та
Bas.circulans thermophilu
штамдарының өсуі тежеледі. Авторлар мұны температураның
жоғарлауынан алкандар буы қысымының күшеюімен байланысты-
рады. Бірак кейбір термофилді бактериялардың тіпті 50°С темпера
турада С6-С|0 қаныққан көмірсутектерді пайдалатыны аныкталды.
Кейбір көмірсутектердің арнайы емес бактериялармен де
ыдырауы жүреді. Мысалы
Bacterium flurorescens
пептонды, гек-
156
санды жэне бірқатар жогары парафиндерді тотықтырады. Жеңіл
парафиндердің жеңіл тотығуы аз зерттелінген. Оларды көбіне
Pseudomonas JKsneNocardia
туысыньщ бактериялары тотықтырады.
ТөЛен
денгейде
қайнайтын
н-алкандар
цитоплазмалық
мембраналардың қабыктануын тудырады. Бұл сұйық жеңіл
кайнатылатын көмірсутектер бактериялық клеткалардың липид-
терін ерітетінімен түсіндіріледі.
Микроорганизмдермен көмірсутектерді клетка ішілік пай-
далануы басым* келеді. Мұнай көмірсутектерінің ыдырауы жүру
үшін олардың микроорганизмдермен тікелеи жанасуы керек, ал
гидрофобты заттарды пайдалану үшін клетка липофилді клетка
қабықшасына ие болу қажет. Родококкалардың клеткалары н-ал-
кандарды қалың липофидті клеткалык қабырғасында ерітіп, пас-
сивті диффузия жолымен сіңіреді. Клетканың ішіне цитоплазмалык
мембрана аркылы өтетін комірсутектер клеткалық құрылыммен
байланысады жэне оның бұзылуынан кейін жойылуы мүмкін.
Қазіргі кезде көмірсутек тотыктыратын микроорганизмдердің
аралас дақылдарын пайдалану алға койылған. Таза дақылдармен
салыстьфғанда аралас дақылдарда тотығу дәрежесінің жогары бо
луы әртүрлі косылыстардың қосарлана тотығуымен түсіндіріледі.
Бірақ мүнай көмірсутектерінің аралас дакылдармен қолданылуы
табиғи жағдайда деструкцияны зерттеуде қиындық туғызады.
Алайда коршаған ортада көмірсутектердің ыдырау процесі же-
ке түрлермен емес, бір-бірімен күрделі қарым-қатынасқа түсетін
микроорганизмдер ассоциациясымен іске асады. Олардың ішін-
дегі белсенділері күрделі қосылыстарды ыдыратып, мүнаидың де
струкция процесін басқаларга жалгастыруга мүмкіндік береді.
Қоршаган ортаны қалпына келтіруде микроорганизмдердің
негізінде жасалынган «Путидоил», «Биодеструктор», «Noggies»
секілді биопрепараттар нәтижелі қолданылады. Қазақстандық
зерттеушілермен де мүнай жэне мүнай өнімдерін 31-36% ыдыра-
татын «Мунайбак» биопрепараты жасалынды .
5.3.3.
Көмірсутек тотықтьфатын микроорганизмдердің
белсенділігіне эсер ететін факторлар
Қоршаган ортаның ластаушы көздерінің бірі мұнай жэне
мұнай
өнімдерін
микроорганизмдердің толықтай
ыдырату
157
жылдамдылығы эртүрлі факторларға байланысты. Көмірсутек
тотықтыратын микроорганизмдерге қолаилы жағдаи туғанда
олардың деструктивті белсенділігі жоғарлайды. Қазіргі кезде
табиғи жағдайдағы мұнай жэне мұнай өнімдерінің деструкциясы-
на эсер етуші факторлардың салдары бойынша көптеген зерттеу
жұмыстары жүргізілуде. Бұл сұрактарга жауап қайтару, бізге автох-
тонды микрофлораның ластану салдарынан сандық жэне сапалық
өзгерістерін, ал ең бастысы, осы микроорганизмдердің мұнаймен
ластануының потенциалын білуге мүмкіндік береді.
О ртаны ң белсенді кы ш қы лды лы ғы . Микроорганизмдер
ортаның 1 ден 11 -ге дейінгі pH мэнінде кең таралған. Теңіз суының
pH мэнінің максималды диапазоны 2 бірлікке ауытқиды. Тәжірибие
ч_/
жағдаиларында көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдер
6,0-7,5 pH аралығында белсенді өсетіні анықталған. Зерттелген
дақылдардьщ 50%
(P. liquida, P. liquefaciens maidis, P. nebulosum,
bacterium jophagum
жэне басқалары) осы pH мәнде мұнайды
максималды пайдалануы - 200 мг мұнайдың 177 мг мөлшерін
ыдыратқаны байқалған. Кейбір түрлердің
(Вас. aliphaticum, Вас.
aliphaticum liquefaciens, Вас. formosum)
өсуі мен мұнайды ыдырату
максимумы pH-тын эртүрлі мэнінде жүрген. Бұл бактериялардың
мұнайды ыдырату қарқындьшығы рН5 ортада жоғары болды, бірақ
олардың суспензияларының тығыздығы орта pH 5-7 болғанда
өзгеріссіз қалган. Микроорганизмдердің өсуі pH 4 ортада томен
болды, осындай жагдайда судың тазаруы ортаның pH 6 жэне 7
мәндері кезіндегі көрсеткіштен элдеқайда төмен екені байқалган.
Зерттелген бактериялар 20°С температурада жэне ортаның сіл-
тілі реакциясьшда (рН-9) мұнайды пайдалану белсенділігі мен
жылдамдыгы төмендеген.
'
v
Н Н В
н
Р
О.Г. Миронов қызметкерлерімен бірге теңіз суындагы
көмірсутектердің биодеструкциясына биогенді қосьшыстардың
әсерін зерттеген. Азот пен фосфор косылыстарын қосқанда судагы
мұнайдың биодеградациясы жогарлаган.
Микроорганизмдер
бұл қосылыстарды бір жагынан биогенді қосылыстар көзі ретін-
%**
де паидаланады, екінші жагынан осы қосылыстар мұнаидын
тотыгуына қажет ерітіндінің pH тұрақтылыгын қамтамасыз ететін
буфер кызметін атқарады. Мысалы, фосфор қышқылды калийдің
эртүрлі молшері теңіз суының қышқылдануын тугызады. Ері-
ген тұздары бар су фазасы микроорганизмдердің дамуына қажет
58
жағдай туғызады. Қабаттық судың құрамы микробиологиялық
процестердің эртүрлі дэрежеде жүруіне себеп болады. Тәжірибие
соңында ортаның реакциясы бастапқыға қарағанда сілтілі ортаға
карай өзгерген. Бұл құбылыс микроорганизмдердің орта реакция-
сын өздеріне қолайлы жағдайға өзгертуімен түсіндіріледі.
Температура.
Су қоймаларындағы мұнай жэне оның
көмірсутектерінің биодеградация бағыты мен жылдамдығы
көп жағдайда температураға тэуелді.
Мұнай ыдыратушы
бактериялардың дамуы жэне суды мұнайдан тазалау процестерінің
қарқындылығы мезофилді (20-28°С) жағдайда белсенді жүреді.
Температура 6-15°С кезінде мұнайдың трансформациялану
қаркындылығы 2,4 - 4 есе төмендейді, ал 37°С бактериялардың
өсуі шектеліп, процесс баяулайды. Ал 45°С микроорганизмдердің
дамуы минималды шегіне жетеді.
О.Г. Миронов зерттеулері бойынша теңіз суынан бөлініп
алынған
микроорганизмдер 20-30°С температурада жақсы
дамыған, бірақ 0-60°С температура аралығында да көмірсутек
тотықтыратын микроорганизмдер байқалған.
Бактериялардың белсенді өсуіне белгілі температураның мэні
жоқ. Мысалы, көптеген микроорганизмдер 20°С-та белсенді бола
ды, кейбір теңіз микроорганизмдері -7,5°С температурада жақсы
д амиды.
Т.К. Цобелл температурасы 3°С-қа тең мұхит түбінен мұнай
тотықтыратын микроорганизмдерді бөліп алган. Оларды 30°С тем
пературада өсіргенде микроорганизмдердің дамуы байқалмаган,
бірак 3°С температурада тоңазытқышта белсенді өскен.
Аэрация
немесе
оттегінің
қажеттілігі.
Көмірсутек
тотыкгырушы микрооргнаизмдерге қолайлы температура мен ор
та реакциясында тотыгуы жүру үшін оттегі өте қажетті. Судың
оттегімен қаныққандыгы берілген процестің тереңдігі мен
каркындылыгы аныкталады.
Орталық Каспийдегі қыстық маусымдагы оттегінің мөлшері
солтүстіктен оңтүске қарай 8,03 мл/л — 7,31 мл/л аралыгында
төмендейді.
Орталық
Каспийдегі
көктемдегі
оттегінің
таралуы
төмендегідей сипатталады: 0-25 м тереңдіктегі аймақта оттегі
қаркынды жүретін фотосинтез есебінен жинақталады, судың от-
тегімен қаныгуы жогары болады. Томен карай судың вертикалды
159
айналымы нәтижесінде салқын солтүстік сумен түсетін оттегшщ
коры сақталады.
Жаздық маусымда судағы оттегінің кұрамы барлық аймақтарда
аз болады. Жаз мезгіліндегі оттегі құрамының төмендеуі су
қабатының қызуымен жэне жылдың жылы мезгілінде жүретін
биохимиялық процестердің нэтижесінде қарқынды пайдаланумен
байланысты.
iV,v ’
Оттегінің көктемдегі таралуы температура режимімен
анықталады. Ауаның салқындауына байланысты судағы оттегінің
абсолютті мөлшері жоғарылайды. Бұл эсіресе Мангышлак түбегі
жағалауында анық байқалады, өйткені онда судың салқындауы ер-
те түсіп, фотосинтез тоқтайды.
5.3.4
М ү н ай
және мүнай өнімдерімен ластанган экожүйе-
лерді
бнотехнологиялық тазартуда микроорганизмдердін рөлі
Мұнай
жэне
мұнай
өнімдері
қоршаған
ортаньщ
ластағыштарының бірі болып есептеледі. Оларды өндіру, тасымал-
дау, өндеу жэне қолдану кезінде жылына шамамен 50 млн. т. мұнай
қалдықтары қоршаған ортаға түседі. Мұнайлы ластағыштардың
табиғи ыдырау процестері өте ұзақ жүреді, ал механикалық жэне
физикалық-химиялық эдістер мұнай жэне мұнай өнімдерінің ыды-
рауын тездеткенімен, табиғи экожүйелерде оларды толығымен
жоюды қамтамасыз ете алмайды. Мұнайды биодеградациялауда
мұнай комірсутектерін пайдалануға қабілетгі арнайы микроорга
низмдер - деструкторларды қолдану тиімді болып табылады.
Микроорганизмдер жэне олардың негізінде құрылган
биотехнологиялық әдістер мұнай жэне мұнай өнімдерімен
ластанган топырақ, су көздерін тазалауда тиімді екені белгілі.
Табиги экожүйелердің мұнай жэне мұнай өнімдерінен тазалаудың
биотехнологиялық эдістерінің бірі көмірсутектердің микроорга-
низмдер-деструкторларынан тұратын микробты препараттарды
пайдалану болып табылады. Өйткені көмірсутек тотықгыратын
микроорганизмдер топырақ жэне су биоценоздарының тұракты
компоненті болып табылады жэне мұнаймен ластанган табиги
субстраттарды тазалау үшін олардың катаболиттік белсенділігін
пайдаланудың табиги ұмтылысы пайда болады. Бұл процесті
микроорганизмдердің метаболиттік белсенділігін арттыру үшін
160
ортаның физикалық-химиялық жағдайын сәйкесінше өзгерту
немесе мұнаимен ластанған топыраққа, суға арнаиы іріктелініп
алынған белсенді мұнай тотықтырушы микроорганизмдерді қосу
арқылы тездетуге болады.
Соңғы эдіс тиімді жэне маңызды болып табылады, өйткені
белсенді комірсутек тотықтыратын микроорганизмдер негізіндегі
биопрепараттарды пайдалану мұнаймен ластанган аймактың коп
бөлігін өңдеуге мүмкіндік береді.
Жағымсыз климаттық жағдайларда микроорганизм-деструк-
торларды мұнаимен ластанган орталарды тазалау үшін паидала-
ну кажетті болып келеді, мысалы солтүстік аймақтарда қолайлы
жагдайда да табиги микрофлора негізіндегі жинақтық дақылдың
қалыптасуы жүретін су акваторияларына мұнаидың түсуі кезінде
немесе мерзімді ветациялық кезеңнің жалгасу кезінде қажетті.
Еуропада жэне АҚШ-та мүнай өңдеу зауыттарының агынды
суларын тазалауда екі бактериалды препараттары қолданады. Олар
табиги штамдарды бейімдеу арқылы алган
Phenobac
жэне
Petrobac
биопрепараттар. Олар табиги популяциялы белсенділілітен жогары
түсетш және эртүрлі орта жағдаиында қасиеттерін сақтаи алатын
көмірсутек тотықтыратын бактериялардың аралас дақылдарынан
тұрады.
Мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттарының ағынды
суларында мүнаи жэне мүнаи өнімдері эмульсия, коллоидты
ерітінді түрінде жэне еріген күйівде болады. Агынды суларды
мұнай өнімдерінен тазалауда белсенді түнба кең қолданылады.
Ол көмірсутектерді пайдалануга жақсы бейімделген микроорга-
низмдерге бай келеді. Процестің белсенділігі қоректік заттарды
косу жэне аэрацияны қолданумен іске асады. Ластанган аймаққа
азот, фосфор жэне калийді косу арқылы мүнайдың биодеградация-
лану процесінің тиімді жүретінін Изъюрова да (1955) ескерген. Бүл
элементтер жоқ суларда мүнай өнімдерінің тотьпуы байқалмаган.
Автор коректік заттардың жеткілікті мөлшерінде бактериалды
тотыгу үрдісі сэтті жүретінін жэне 2 мм қалындықты мүнай қабаты
бар су беті 1 -2 айда тазаланатынын байқаган. Сонымен бірге, үлгі
ретінде жасалган теңіз суын фосфат, нитрат жэне аммониймен
байытқан кезде мүнайдың биодеградациясы жеделдетілген.
Соңгы жылдары су қоймаларының кеме суларымен мүнай
жэне мүнай өнімдерімен ластануына ерекше көңіл бөлінуде.
161
Ондай сулар кеме сыйымдылығының тығыздалуынан жанармай
аппараттарын жуу кезінде жэне тағы баска процестер кезінде
түзілетін мұнай жэне мұнай өнімдерімен ластанган сулар. Кеме
суларын тазалау процестеріне бактериялардың аралас дакылдарын
пайдалану Г.Ф. Смирнов, С.Л. Куберский жэне басқалардың
жұмыстарында келтірілген. Белсенді ассоциациялардың бірі
Rhodococcus
жэне
Pseudomonas
туыстарының өкілдерінен тұрады.
Тэжірибелік мәліметтер көрсеткендей биодеградацияның
тиімділігін арттыру үшін екі немесе одан да көп микроорга-
низмдерден тұратын аралас дақылдарды пайдалану тиімділігі бел-
гіленген.
. >
rf,
Г.Г. Ягафаров жэне эріптестері
Rhodococcus erythropolis AC
1339 D, Вас. subtilis 1742 D (16)
жэне
P. putida BKM-1301 (1:1:1
қатынасында) бактерияларынан тұратын микроорганизмдер ас-
социациясы арқылы полимерлі реагенттер мен мұнай өндірісі
қалдықтарынан тазалаудың биотехнологиялық әдісін ұсынды. Бак
териялар полиакриламидтің (ПАА), карбоксиметилцеллюлозаның
(КМЦ) жэне мұнайдың биологиялык деградациясын белгілі
мөлшерде тездеткен. Мысалы, 24 сагат ішінде мұнай жэне мұнай
онімдерінен тазалану деңгейі 90%, КМЦ - 40% құрады, ПАА дег-
радациясы соңынан жүре бастады.
Көмірқышқыл газы сулы ортада бос күйде, бикорбонатты
(Н С 03) жэне карбонатты (СОэ) иондар күйінде кедеседі. Бұл
қосылыстардың концентрациялар қатынасы козгалысты тепе-
теңдігінде карбонатты жүйемен белгіленеді.
С 0 2
С 0 2
* = = *
Н2С 0 3
Н+ + Н С 03
Н+ С 0 3-
Хлорелланың бос С 0 2, карбонатты жэне бикарбонат иондарын
сіңіруі зерттелді. Хлорелла суспензиясының көміртегінің еріген
түрлерін пайдалану мүмкіншілігі дақылдың жасына жэне
клеткалар тыгыздығына тәуелді болады. Бір клеткалы
Chlorella
pyrenoidosa-
123 балдыры ең алдымен бос СО, шыгындалганнан
кейін бикарбонат иондарын сіңіреді.
Бақылау сұрақтары
1.
Биотехнологияның топыракты қалпына келтіру немесе
биоремедиацияга үлесі қандай?
162
2.
Өндіріс қалдықтарын тазалаудағы микроорганизмдердің
маңызы қандай?
\ 3. Сульфатредукциялаушы бактериялардыц маңызы неде?
4. Сульфатредукциялаушы бактериялардыц табиғатта тара-
луы .\
5. Сульфаттарды тотықсыздандыратын бактериялар қандай
туыстарға бөлінеді?
6. Органикалық заттарды тотықтыру деңгейіне қарай суль
фатредукциялаушы бактериялар қандай топтарға бөлінеді?
7. Ағын
суды
металдардан
тазартудыц
қандай
микробиологиялық процесстері бар?
8. Металдарды бактериялар түзетін күкіртсутекпен тұндыру
технологиясы қандай?
9. Сульфидті минералдардыц бактериалды тотығу химиясыи
айтыңыз?
10. Пириттіц тотьпуын жазып беріціз.
11. Мыс пен цинк тотьну тендеуін жазып беріңіз.
12.
Desulfovibrio
немесе
Disulfotomaculum
туысының микро
организмдер! туралы не білесіз?
13. Мұнай, мұнай өнімдерімен ластанған топырақ, су
экожүйелерін тазартуда қандай микроорганизмдер қатысады?
14. Мұнай өндірісінің су жэне топырақ микрофлорасына
эсері қандай?
15. Микроорганизмдер - органикалық қосылыстардың де-
структорлары дегенді қалай түсінесіздер?
16. Көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдердің белсен-
ділігіне эсер ететін факторларды атаңыз.
163
|