Биотехнология



бет1/6
Дата17.01.2023
өлшемі138,16 Kb.
#61686
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Халы шаруашылы ына ж не адамны іс рекетіні р т рлі салалары


Дәріс-14

Биотехнология – халық шаруашылығына жəне адамның іс əрекетінің əр түрлі салаларына бағытталған, микроорганизмдердің, изоляцияланған клеткалардың жəне оның құраушыларының биохимиялық іс- əрекетін пайдалану арқылы бағалы өнімдерді алу.


Биотехнология – бұл белгілі өнім алуға бағытталған адаммен ұйымдастырылған микроорганизмдердің іс-əрекеті.
Биотехнологиялық процестер халық шаруашылығының əр түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Биология жəне инженерлік ғылымдардың жетістіктері өнімділігі жоғары, өндірістік əдістермен басқарылатын тамақ, дəрі- дəрмек, органикалық заттар жəне т.б. заттардың биотехнологиялық өндірістерінің процестерін жүргізуге мүмкіндік береді.
Биотехнодогияда микрообъектілердің биотехнологиялық əрекетінің қандай түрлерін пайдаланады?
-өнім болатын клеткалық массаны өсіру. Технологияның мұндай класына вакциналарды, нан ашытқыларын алу процесі жатады.
-Бағалы биохимиялық өнімдердің биосинтезі, олардың кейбіреуі ортаға бөлініп шығады (клетканың сыртындағы өнімдер), кейбіреуі биомассада жинақталады (клетканың ішіндегі өнімдер).
-Биотрансформация нəтижесінде микроорганизмдердің немесе ферменттердің биологиялық іс-əрекеті əсерінен бастапқы химиялық заттың химиялық құрылымының өзгерісі болады, бірақ биосинтезден айырмашылығы

заттың химиялық құрылысында салыстырмалы аз өзгеріс болады.Мысалы глюкоизомераза ферментінің əсерінен глюкозаның фруктозаға айналуы.
-микроорганизмдердің сұйық ортадан керексіз қоспалармен қоректенуі. Мұнда микроорганизмдер биомассасы ағынды суларды тазарту үшін қолданылады.
Биотехнологиялық процестердің артықшылығы.
Химиялық технологиялармен салыстырғанда биотехнологияның келесі негізгі артықшылығы бар:

  • химиялық синтез арқылы алынбаған ДНҚ, белоктар сияқты спецификалық жəне ерекше табиғи заттарды алумүмкіншілігі;

  • биотехнологиялық процестердің төменгі температура мен қысымда жүргізілуі;

  • басқа организмдермен салыстырғанда микроорганизмдер өте жоғары өсу жəне клеткалық массаның жинақталу жылдамдықтарынаие;

  • Шикізат ретінде биотехнология процестерінде өнеркəсіп пен ауыл шаруашылық арзан қалдықтарын пайдалануға болады;

  • Химиялық процетермен салыстырғанда биотехнологиялық процестер экологиялық таза, қалдықтар аз, табиғатта жүретін табиғи процестерге жақын;

  • Биотехнологиялық өндірістегі технология мен аппаратура арзан жəне күрделі емес.

Биотехнологияның даму тарихы.
Биотехнология ежелгі заманнан басталды. Биотехнологияның даму тарихы негізгі бес кезеңге бөлінеді:

  1. Пастер эрасына дейінгі (1865 жылға дейін). Бұл периодта биотехнолгиялық

тəсілмен вино, қымыз, нан, айран, қатық сияқты ферментативті тағамдар жасалған.

  1. Пастер эрасы (1865-1940ж.ж). Продуцент микроорганизмдері белгілі болып этанол, бутанол, ацетон, глицерин, лимон қышқылы, вакциналардың өндірісін жүргізуге, ағынды суларды аэробты микроорганизмдер арқылы биологиялық тазарту процестерін ұйымдастыруға мүмкіндік туды.

  2. Антибиотиктер эрасы(1940-1960ж.ж).Пеницилин, стрептомицин жəне т.б. антибиотиктер ашылып, жануарлардың клеткаларын культивациялау технологиясы тағайындалып вирустық вакциналар алынды жəне стероидты гормондардың биотрансформация технологиясы ашылды.

  3. Постантибиотикалық эра (1960-1975ж.ж). Аминоқышқылдардың, микробиологиялық белокты мұнай парафиндерін алу, кір жуатын ұнтақтарда пайдаланылатын ферменттердің технологиялары ашылды. Глюко-жемістік сироптарды алу үшін ферменттерді алып, оларды тасымалдаушыларға бекіту технологиясы тағайындалған. Ағынды суларды аэробты өңдеу, биогаз алу, қатты қалдықтарды анаэробты өңдеу ашылды. В2 жəне В12 витаминдерін, сонымен қатар етті айырбастай алатын микроскопиялық саңырауқұлақты микробиологиялық алыну тəсілі ашылды. Осы периодта биометаллургия- рудалардан цинк пен мысты бактериалды сілтілеу туды.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет