Байланысты: Халы шаруашылы ына ж не адамны іс рекетіні р т рлі салалары
Егу материалдарын дайындау. Микроорганизмдер – зат продуценттері культурасын зауыттыр институттардан таза культура түрінде консервіленген қиғаш агардағы пробиркаларда немесе ампулаларда алады. Əр культура морфология, физиологиясының толық жазбасы, культураны сақтау жəне культивациялау ортасының мінездемесі бар паспортына ие болады. Культураның қасиетін сақтау үшін, оны сəйкес жағдайларда сақтау қажет. Сақтау негізінде суыту, мұздату жəне кептіру жатады.
Технологиялық процестің алдында культураны лабораторияда стерильді жағдайда ортаның оптимальді құрамында жəне режимінде (рН, температура, уақыт) көбейтеді. Қиғаш агардың бетімен культураны стерильді 100-200 мл
көлемді колбаға ауыстырып термостатта инкубациялайды. Колба ішіндегі затты инокуляция уақыты 2-4 тəулік болатын таза культураны цехтің бірінші инокуляторы үшін посевтік материал ретінде пайдаланады. Егу материалын
дайындаған кезде аппараттарда культивациялаудың оптимальді режимінің болуын қадағалау керек. Басты ферментация үшін посев материалын пайдаланып отырған қорек ортаның 5-20 % көлемі мөлшерінде дайындау керек.
Егу материалдарын дайындау деп – микроорганизм-продуцентінің таза культурасын өндіріс аппаратына қажетті көлемге дейін көбейтіп дайындап алуды айтамыз.
Егу материалдарын алу үшін заводтың орталық зертханасында сақталған бастапқы культура- продуценті қолданылады.
Биологиялық препараттар өндірісі үшін микроорганизмдер штаммасы ампулаларда консервленген таза культура түрінде əкелінеді. Əр культураның өзінің паспорты болады, онда микроорганизмдердің культуралық- морфологиялық, биохимиялық жəне биологиялық қасиеттері, ортаның сипаттамасы, өсіру, сақтау мерзімі мен жағдайлары, тасымалдау сипатталған.
Культураны сақтаудың негізіне салқындату, мұздату немесе сусыздандыру жатады. Барлық жағдайларда да клеткалық зат алмасу күрт қысқартылуы немесе толық тоқтатылуы тиіс.
Практикада штаммалар культурасын төмендегі негізгі əдістерді қолдана отырып сақтайды:
-1 – -50С температурада қиғаш агарда сақтау;
стабилизатормен мұздату жəне – 200С төмен температурада сақтау.
Бірнеше рет ерітіп жəне қайтадан мұздатуға болмайды;
культураны леофилизациялау жəне ампулаларда бірнеше жыл бойы сақтау.
Əрбір сақтау əдісіне оптимальды белгілі бір уақыттан кейін, культураны қайтадан егеді.
Технологиялық процестерді бастар алдында культураны стерильді жағдайда көбейтеді. Бактериальды штамманың егу материалдарын дайындау схемасы 2-суретте көрсетілген.
сурет. Егу материалын дайындау схемасы. 1- консервлеген штамм; 2 – қиғаш агарда өсіру; 3 – тығыз қоректік ортада өсіру; 3а, 3б – сұйық қоректік ортада өсіру; 4 – инокулятор; 5 жəне 6 - өндірістік биореакторлар.
Егу материалын дайындау үшін толық құнды орта пайдаланылады. Инокулятордағы жəне биореактордағы қоректік ортаның мөлшері жалпы көлемнің 70 пайызынан аспауы тиіс. Егер культураны инокуляторға колбадан енгізетін болса, онда егу материалының мөлшері қоректік ортаның шамамен 0,1% құрайды.
Өндірістік биореакторлар үшін əдетте инокулянттың 6 - 10% -ін пайдаланады. Тығыз қоректік ортада өскен культураны стерильді қоректік ортамен немесе физерітіндімен шайады жəне сұйық ортадағыдай мөлшерде инокуляторға енгізеді.
Продуцент културасының қасиеттерін өзгермей қалу үшін, оны қолайлы ортада сақтау қажет.
Егу материалын дайындау микроорганизм-продуцент түріне байланысты, оның физиологиялық-биохимиялық ерекшеліктері бірнеше тізбектелген сатылардан тұрады.
Пробиркада бастапқы культура қиғаш агарланған қоректік ортада өсірілген колбада тербелмелі шайқағышта өсу мерзімі 18-36 сағатқа созылады. Бұл сатыда микроорганизмдер морфологиясы бойынша микрорганизмдердің өсуін бақылайды.
Логарифмдік өсу фазасының соңында культураның физиологиясы жағынан жетілген сатысы нəтижелі болады. Екінші сатыда егу материалының дайын культурасын өсіру деп, колбадан егу аппаратына (инокуляторға) залалсыздандырылған күйде ауыстыруды айтады, осыған қайта-қайта минералды тұздарды біраз мөлшерде қосып отырады. Егу аппараты араластырғышпен, аэрациялаушы қондырғымен, сонымен қатар температурасын, рН-ын бақылаушы өлшегіш аппаратпен, көбік деңгейін реттеуішпен жəне басқа да қондырғылармен жабдықталады. Аппараттағы қоректік ортаның деңгейі жалпы аппараттың көлемінің 60 –нен аспауы керек. Егу материалын дайындау кезінде аппаратта культивирлеу режимін оптимальды ұстау қажет. Процесті бақылау жасау үшін қайта-қайта сынамалар алынып, оған микробиологиялық жəне биохимиялық анализдер жасалады.
Ашытқы қоректік ортада 14-20 г/л (есеп бойынша құрғақ массада) жиналғанша культивирлеу процесі жалғаса береді. Культивирлеу процесі 12-14 сағатта аяқталады.
Үшінші сатыда көлемі 3,2 м3 болатын егу аппаратында егу материалдарын культивирлеу процесі жүргізіледі. Ол үшін кіші инокулятордағы массаның барлық құрам бөлігін үлкен көлемді егу аппаратына айдайды, ол жерде залалсыздандырылған қоректік орта бар. Микроорганизмдерді култивирлеу процесі 12-14 сағатқа созылады.
Төртінші саты көлемі 50 м3 болатын аппаратта жүргізіледі. Ашытқы суспензияларын алдыңғы сатыдан қабылдап алу алдында, қоректік ортаны аппаратта дайындау үшін парафинді, қоректік тұздардың ерітіндісін жəне микроэлементтерді аппаратқа жібереді. Ортаны қажетті рН-режиміне, температурасына жеткізеді, егу ашытқысын келесі сатыға жібереді. Үздіксіз аэрациялау мен араластырудың арқасында микроорганизмдерді өсіру процесі жүргізіледі. Ашытқының жиналу процесі 10-12 сағатқа созылады. Құрғақ ашытқының абсолютті концентрациясы ортада 14-17 г/л құралғанда, ашытқы суспензиясы өндіріс ферментерлеріне жіберіледі. Алынған егу материалына микробиологиялық жəне биохимиялық анализ жасалады.