Биотехнология


Биокатализаторды дайындау



бет6/6
Дата17.01.2023
өлшемі138,16 Kb.
#61686
1   2   3   4   5   6
Биокатализаторды дайындау. Биотрансформация немесе биокатализ процестері үшін алдын ала биокатализаторды – бос немесе тасымалдағышқа бекітілген фермент немесе алдын ала ферментативті белсенділік пайда болғанға дейін өсірілген микроорганизмдердің биомассасын даярлау керек.
Шикізатты алдын ала өңдеу. Биотехнологиялық процеске жарамсыз күйде келген шикізатты алдын ала дайындайды. Мысалы спиртті алғанда бидайды алдын ала ұнтақтайды, содан кейін ферментативті процеске
«тəттілеуге» кіріседі, содан соң қантталған суслоны биотехнологиялық стадияда ферментация жолымен спиртке айналдырады.
Биотехнологиялық стадия.
Биотехнологиялық стадияның негізгі мəселесі белгілі органикалық затты алу. Бірақ биотехнологиялық стадия тек қана органикалық заттардың синтезін ғана емес, басқа да биотехнологиялық процестерден тұрады.
Ферментация. Ол көбіне үлкен ферментаторларда жүреді. Аппаратты ортамен толтыру алдында оның герметикалық күйін тексеріп ыстық бумен стерилиздейді. Осыдан кейін оны суытылған стерильді қоректік ортамен толтырады. Ферментатордағы ортаның мөлшері жалпы көлемнің 70%-нан аспауы керек. Ферментация кезінде ортаның температурасы мен рН-ы автоматты түрде реттеледі. Белсенді заттарды периодты ферментация тəсілімен алған кезде екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде қорек ортаның компоненті энергия алу жəне құрылымдық алмасу үшін пайдаланылады. Екінші кезеңде қажет метаболизмнің интенсивті синтезі жүреді, клеткалардың ескіруі байқалады. Ферментацияны қажет өнімнің максималды мөлшері жиналған кезде тоқтатады. Ферментацияның соңын микробиологиялық жолмен де продуцент клеткаларының морфологиялық өзгерістерінен де айқындауға болады.
Биотрансформация- дайын ферменттер немесе микроорганизмдер клеткаларының ферментативті белсенділік əсерінен заттың химиялық құрылымының өзгеру процесі. Бұл химиялық құрылымы аса өзгермейді. Зат негізінде дайын болған кезінде биотрансформация оның химиялық модификациясын жасайды: Радикалдарды, гидроксилді иондарды қосады немесе алады.
Биокатализ – биокатализатор – ферменттерді пайдаланып жүретін заттардың химиялық айналуы.
Биоқышқылдану – микроорганизмдер немесе аэробты жағдайдағы микроорганизмдер ассоцияциясы арқылы ластандыратын заттарды жұту.
Биосорбция арнайы қатты тасымалдағышқа бекітілген микроорганизмдер сұйықтар немесе газдардан зиянды заттардысіңіру.
Бактериалды сілтілеу – суда ерімейтін металдар қосындыларын арнайы микроорганизмдер əсерінен еріген күйіне айналдыру процесі.
Қазіргі заманғы биотехнологиялық өндірістерде əр түрлі препараттар өндірілуде жəне олардың əрқайсысының өзіне тəн технологиясы құрылған. Бірақ барлық биотехнологиялық өндірістер де микроорганизмдердің тіршілік əрекетіне негізделген жəне жалпы сатылары бірдей. Сондықтан биотехнологиялық синтездің принципиальды схемасы құрастырылған. Барлық биотехнологиялық өндірістердің сатысында жалпы жəне міндетті түрде жүретін процестер бар. Биотехнологиялық процестің негізгі сатылары мыналар:



Микробиологиялық өндіріс заводтарында технологиялық процестің жоғарыда аталған сатылары арнайы цехтар мен бөлімдерде жүргізіледі. Биотехнологиялық процесстердің сатыларын 3-суреттегі схема түрінде көрсетуге болады.



  1. сурет . Биотехнологиялық процесстердің сатылары.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет