Бір гетероатомды бесмүшелі гетероциклдер



бет1/3
Дата15.12.2023
өлшемі5,39 Mb.
#138655
  1   2   3
Байланысты:
Акбаян Елеусизова


С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: Елеусизова Ақбаян
Қабылдаған: Айгуль Кудайбергеновна
Алматы - 2023
Бір гетероатомды бес- және алтымушелі гетероциклді косылыстардын дәрілік препараттары. Фуран және 5-нитрофурантундылары.

Гетероциклді қосылыстар;


Жоспары
  • Гетероциклді қосылыстар;
  • Бір гетероатомды бес,алтымүшелі гетероциклдер ;
  • Бес мүшелі гетероциклді қосылыстар;
  • Фуран, пиррол;
  • Пиперидин құрылысы;
  • Фурациллин, фуразолидон, фуразонал, фурадонин синтезі;
  • Қорытынды;
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Гетероциклды қосылыстардың биологиялық активтілігін зерттеу нәтижесінде әртүрлі фармакологиялық қасиеті бар дәрілік заттар жасалды. Олардың синтетикалық аналогтарын зерттеу барысында көптеген жаңа дәрілік заттар синтезделді. Соңғы кездері дәрілік заттарды компьютерлік модельдеу программасы кең қолданылады.
Шығу тегі табиғи (алкалоидтар, дәрумендер, антибиотиктер, ферменттер) және синтетикалық дәрілік заттардың маңызды топтары гетероциклді қосылыстардан тұрады. Медицинада қолданылатын дәрілік заттардың 60% гетероциклдік қосылыстар құрайды. Гетероциклдік қосылыстар циклдегі атомдардың жалпы саны (үш-, төрт-, бес-, алты-, жеті мүшелі), гетероатомдар сипаты (азот-, оттек-, күкіртқұрамды) және олардың саны бойынша (бірден төртке дейін) ерекшеленеді.
Дәрілік заттардың негізін құрайтын ең көп таралған және маңызды қосылыстарға келесілер жатады:
Бір гетероатомды бесмүшелі гетероциклдер:
Бір гетероатомды алтымүшелі гетероциклдер:
Гетероциклдік қосылыстар молекуласындағы гетероатом есебінен тұрақсыздыққа бейім. Бұл қасиеті гетероатомдар саны көбейген сайын және басқа орынбасушылардың болуынан күшейеді. Гетероциклдер қатарындағы дәрілік заттарды алудың потенциалды көздері болып, құрамында алкалоидтар, дәрумендер, ферменттер бар өсімдіктер, таскөмір, ағаш шайырларын қайта өңдеуінің өнімдері және т.б. болып табылады.
Бесмүшелі гетероциклдерді (фуран, пиррол, тиофен) алудың жалпы әдісі бар, бұл әдіс бастапқы қосылыс ретінде дикарбон қышқылдарын және басқа да қанттардың тотығу өнімдерін қолдануға негізделген. Көптеген гетероциклдік дәрілік заттарды алифаттық, ароматтық қатардағы туындылардан және басқа гетероциклдерден синтетикалық жолмен алады. Конденсирленген гетероциклдік дәрілік заттарды ароматтық және гетероциклдік қосылыстарды конденсациялау жолымен алады.
Фуран (оксол, 1-оксациклопента-2,4-диен) – C4H4O формуласы бар органикалық қосылыс. Бір оттегі атомы бар бес мүшелі гетероцикл. Бұл хлороформды еске түсіретін өзіне тән иісі бар түссіз сұйықтық. Органикалық қосылыстардың үлкен тобының негізін қалаушы, олардың көпшілігі практикалық маңызы бар, мысалы, фурфурол, тетрагидрофуран, α-метилфуран.
Пиррол. C4H4NH — бес мүшелі азотты гетероциклді қосылыс:
Пиррол тас көмір шайырының құрамында болады, сондықтан одан фракциялық айдау арқылы алынады. Өндірісте фуран мен аммиакты әрекеттестіріп алады. Пиррол — түссіз сұйықтык, суда нашар ериді, ауада тез тотығып, қоңырайып кетеді. Пирролда екіншілік азот атомы (NH тобы) бар, екіншілік аминдерге ұқсас болғанымен, негіздік қасиеті әлсіз, қышқылдармен тұрақты түз түзбейді. Себебі, азот атомының жұп электроны ароматты-электронды жүйе құруға қатысады.
Пиперидин туындылары биологиялық және фармакологиялық белсенділіктің кең спектрі бар химиялық синтезделген заттар болып табылады. Бұл топтың ең белсенді қосылыстары азотты гетероциклді қосылыстармен ұсынылған, олардың құрылымында пиперидин бар [4].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет