туралы мерзімді басылым беттерінде
жарық көрген мақалалар
Жиырма төрт жыл ғана ғұмыр кешкен, жүз жылдығы
жақындаған жазушы Саттар Ерубаев
Қазақ елі, қазақ мемлекеті, қазақ әдебиеті үшін ақын, жазушы,
публицист, драматург Саттар Ерубаевтың жөні бөлек, жосығы
ерек. Бар болғаны жиырма төрт жыл ғана өмір сүрген жалынды
жас қаншама тірліктер тындырып үлгерді десеңізші!Сол жарық
жұлдызыңыз биылғы қазан айында жүз жасқа толады. 2014 жыл.
Саттар Ерубаевтың жүз жылдығы. Қазақ әдебиетіндегі баллада
дейтұғын бөлекше жанрдың бастау көзі – Саттар. Фантастикалық
новеллистиканың да тұңғыш қайнарларын Ерубаевтан табасыз.
Пародияңызды да бастап бергендердің бірегейі Ерубаев. Драмасы
тағы бар. Ал енді «Менің құрдастарым» романы нағыз
жаңашылдықтың үлгісі болды. Өз кезінде. Қазіргі күнде де
жаңашылдықты сезіндірер. Лев Толстойыңыздың сөзі бар:
«Ешқашан ескірмейтін жаңалық, ол – талант. Себебі, талант
әрқашан жарық жұлдыздай жарқырап тұрады». Әдебиетіңіздегі
жарық жұлдыздар дегенде ең біріншілердің қатарында Саттар
Ерубаевтың тұратынын ешкім де жоққа шығара алмайды.Саттар
Ерубаев туралы аз айтылған, аз жазылған дей алмаймыз. Зейін
Шашкин, Асқар Лекеров, Әбіш Байтанаев, Мырзай Алтынбекова,
Мұхаметжан Қаратаев, Әбділда Тәжібаев, Тұрсынбек Кәкішев,
Әдіһам Шілтерханов, Ғафу Қайырбеков, Бейбіт Қойшыбай, Фарида
Құжымова, Жарылқасын Боранбай, Сәрсенбек Сахабат… Бұлардың
ішінде тереңірек зерттеуге тырысқандар да, тиіп-қашып бір азырақ
пікір білдіргендер де бар, әрине.
Саттар ұрпақтармен бірге жасай берер. Ерубаев ешқашан
ескірмек емес. Алайда…Жауһар жазушы, парасаты биік қаламгер
Әдіһам Шілтерханов Саттар хақында неғұрлым жан-жақты
еңбектенген, кемел зерттеп, кенен зерделей сөз қозғаушылардың
қатарында. Сол Әдекең әдіптейді: «Саттар, әрине, Пушкин де,
Лермонтов та емес. Сөйтсе де, Саттар – Саттар ғой! Қазақтың
Саттары көп пе? Халқымызда қаншама талантты перзенттер бар.
Олардың саны арта береді. Бірақ оның бірі де Саттар бола
алмайды. Саттар қашанда да дара тұрған, көптеген ерекшелігімен
қайталанбайтын тұлға ғой!». В. Беседин дейтұғын орыстың ойшыл
ғалымы Саттар Ерубаевтың бір әңгімесін оқып қайран қалған.
Болашақ соғыс туралы фантастикалық әңгімесінде дарынды жас
жазушының өз кезеңінен қырық жыл кейін келетін жаңалықтарды
ғажайып көрегендікпен болжағанын дәлелдейді. Ол жаңалықтардың
ішінде «автожектор», «ракетоплан», «живой электрический
текст» сияқты кереметтер келтірілген.Біз бұл мақаламызда
Саттар Ерубаевтың кім екенін, Алаш жұрты, қазақ халқы, бүгінгі
және ертеңгі ұрпақ үшін қаншалықты қымбат та қасиетті тұлға
екенін, ешқашан ескірмейтін шығармалары асыл мұра болып қала
беретінін дәлелдегелі отырған жоқпыз.
Биыл, яки, 2014 жылы жүз жылдығы жақындап қалған Ерубаев
еленсе екен демекпіз.Ерубаевыңыз елдік деңгейде еленіп отырған
жоқ. Үкіметіңіз назар аудармаса болмайды-ау. Шымкент дейтұғын
шаһарыңызда Саттар Ерубаев атындағы мектеп бар. Оның
директоры – Ұлжалғас Әшімқызы Есім. Саттар Ерубаевтың немере
қарындасы. Ерубайдан Асқар. Асқардан Есім, Қасым, Саттархан,
Сапархан. Саттарханыңыз – Саттар. Есімнен Әшім. Әшімнен
Ұлжалғас. Көп жылдар бойы мектептерде басшы болып жүрген,
ізденімпаз, ізгілігі мол жан.Қазақтың қалаулы қызы. Тұрар Рысқұлов
атындағы мектепте де талай жыл тектілік танытқан. Рысқұлов
туралы ізденген. Шәкірттердің санасына сапа дарытқан. Енді, міне,
Ерубаев атындағы алтын ұяны да керемет көркейтіп отыр.
Саттар ағасына таза мыстан теңдесі жоқ ескерткіш орнатты.
Үлкен бір бөлмені Саттар музейіне айналдырды. Жарық
жұлдызыңыздың жалынды насихатшысы, ұлағатты ұстаз
Ұлжалғас ханыммен әңгімелесіп отырмыз. Саттар ағамыздың жүз
жылдығы мемлекеттік деңгейде, мерей тасытардай, жастар
санасын жаңғыртардай сапада аталып өтер деп ойлаушы едім, –
дейді аздап уайым ұялаған әдемі көздерін жанарынан жарқыл
шашқан талантты тұлғаның тұғырдағы мүсінінен алмаған күйде
күрсініп.
–
Әзірше
ондай
ықылас
онша
байқала
қоймайтындай…Жарық жұлдызыңыздың жүз жылдығы жақын.
Ұзын сөздің қысқасына – ұсыныстарға көшелікші. Біріншіден,
мектептеріңіздің «Қазақ әдебиеті» оқулықтарында Саттар
Ерубаевтың өзі туралы да, сөзі туралы да ештеңе болмауы қалай?!
«Менің құрдастарым» романы кез келген қоғамның жас буыны
үшін адамгершіліктің, адалдықтың, достық пен махаббаттың
көркем тәрбиелік кестесі емес пе? Новеллалары, балладалары,
өлеңдері, публицистикасы ше? Бұл – бір. Екіншіден, Саттардың
шығармалары осыдан он жылдан астам уақыт бұрын, 2003 жылы
«Атамұра» баспасынан бір том боп шығып еді. Содан бері тым-
тырыс, тып-тынышпыз. Жүз жылдығына арнап неге шығармасқа?
Үшіншіден, айбынымыз, ардағымыз, Астана қаласында Саттар
Ерубаев көшесі, Саттар Ерубаев мектебі немесе Саттар Ерубаев
кітапханасы болуы керек пе? Әлбетте! Төртіншіден, жалынды
жастық шағы өткен, Ленинград университетінен кейін еңбек еткен
Алматыда неге Саттардың көшесі жоқ? Сол Алматыңызда немесе
Астанаңызда жалынды жастықтың, достық пен махаббаттың
символындай Саттарға ескерткіш орнатылса, ол бүгінгі және
ертеңгі ұрпақтың, жас қайраттың бас қосатын, өнер мен өлеңді
қастерлеп мерекелейтін орнына айналса ше? Жарасады! Бесіншіден,
байтағыңыздағы үшінші үлкен қалаға айналып жатқан
Шымкентіңізді алайық. Жаңаша орталық салынуда. Жаңа «Оты-
рар» кітапханасы, жаңа драма театры, жаңа көрме залы, жаңа
әкімшілік үйі, жаңаша тұрғын үйлер… Сол жаңаша жерден
жаңашыл қаламгерге бір гүлзар немесе бульвар, әйтпесе әдемі көше
беріп, мүсінін қойса ше? Жарасқанда қандай! Кейінгі кездері осы
Шымкентіңізде өнердің өзгеше өрендерінен гөрі қатардағы, аудан,
кент басқарған шенеуніктерге көше беру көбейгені де рас-ау.Биылғы
мамыр айында Шымкенттегі облыстық ғылыми-әмбебап
кітапханада Саттарға арналған әдемі әдеби-саз кеші өтті. Сонда
«халық жауы», Қожанов пен Рысқұловтың «құйыршығы»,
жапонның «жансызы» атанып, Сұлтанбек пен Тұрардан кейін көп
кешікпей атылған Есім Асқаровтың немересі, Әшім Есімұлының
перзенті, Саттардың немере қарындасы Ұлжалғас Әшімқызы Есім
ханым да, өзге сөз алушылар да көкейкесті мәселелер қозғады.
Жоғарыда біз келтірген бес ұсыныс та − Оңтүстіктегі оқырман
көпшіліктің, зиялы қауымның, Саттар сүйер жұртшылықтың жиі-
жиі айтатын жағдаяттары.Жүз жылдығы жақындаған Ерубаев
еленсе екен деуіміздің мәнісі осы.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері,
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты,
Облыстық «Ырыс алды-ынтымақ» қоғамдық
Форумының хатшысы, белгілі қаламгер
Мархабат БАЙҒҰТ
Жиырма үш жыл-бір ғұмыр
Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім,
Өлім деген суық сөздің тілінде мен жүр едім.
Бұл Саттар өлеңі.Саттардың бар тіршілігін көз алдыңа
дөңгелетіп әкеліп, жас ғұмырдың бүкіл философиясын алдыңа
жайып тастай салып қос жол. Өмірдің сырына үңілем, жұмбағын
шешем деп жалған жарықтың жалына жастай жармасқан
арманшыл жанның өлім деген суық сөздің жазылмас дерт болып
жағасына жармасқаны да рас. Бәрі де рас! Алайда, жағасына
жармасып, қолқасына қол салған ажалмен айқаса, айықпас
сырқатпен жалғаса жүріп, түбітиек бала, әруағыңнан айналайын,
Қорқыт баба ізімен өлмеушілік сырын іздеді.
Өмір деген өксігімді баса алмаған жан едім,
Өнерімнің барлық гүлін аша алмаған жан едім.
Бәсе, қане, мәңгі жасау, өлмеушілік қайда екен?
Өте ұмытшақ уақытқа көнбеушілік қайда екен?
Содан бері көп іздедім өлмеушілік жасауды,
Мәңгілік етегінен мәңгі түрде ұстауды...
Өмір — тұңғиық. Адамзат баласы өмір құпиясын ашамыз деп
қанша ғұмырды сарп етті. Ашқанынан—ашпағаны, танығанынан—
танымағаны, тапқанынан—жоғалтқаны көп адам баласының. Өмір
сонысымен тылсым, сонысымен жұмбақ болар-ау, асылы. Саттар
соны өз өмірімен өзектес өріп, тіршілік философиясына қарай
сәтті айналдырып отыр?! Жиырманың биігіне көтерілер –
көтерілмес жастағы бозбала саналы өмірді тіршілік атты
тылсымға үңілуден бастапты-ау. Үңіле бастап, өмірдің тұңғиық
екенін таныған. Өмірдің өлім аталатын жансерігі бар екенін де
айнақатесіз таныған. Таныған, бірақ қаймықпаған. Жарық дүниеге
келген әрбәр пенденің өмірін күндіз түні бір қалғымай, өзімен бір
жүріп, бір тұрып, өлім аңдып жүр. Не істемек керек?
Саттар Ерубаевтың тапқаны – өмір жайлы ойды ірі ойлап,
өмірлік мақсатты ірі қоя білу. Ол – өз сөзімен айтсақ «өлмемушілік»,
«ұмытшақ уақытқа көнбеушілік», «мәңгілік етегінен ұстау» ... Мәңгі
жасауды кім қиялдамайды. Ал, Саттар ойы – бала жастың құрғақ
қиялы емес-ті. Жап-жас қалпында дүние – жиһан ғылым – білімін
меңгеріп, өмірдің қыр-сырына мейлінше терең бойлап таныған,
таныған сайын тағдырмен тайталасқа түскен әрі таңғажайып
романтик, әрі ғажайып реалист жанның қанатты қиялданып,
саналы әрекетке бастайтын – асқақ арманы еді.
Асылы, кісінің арманы асқақ болмай алда алар асуы, атында
қалдырары көз тоқтатып, көңіл тойдырарлық бола алмас, сірә.
Аз ғұмырды – мәз ғұмырға айналдырған, қысқа ғұмырды –
қыран ғұмырға айналдырған арда тұлға жайында ойланғанда бір сәт
осындай толғамға келесің.
Жамиғатқа мәлім, Саттар Ерубаев мынау жалғанда не бәрі 22-
23 жыл ғана ғұмыр кешті. Аз ғұмыр асқақ армандардан, ыстық-
ыстық армандаудан тұрады. Армандап ғұмыр кешті, армандап
еңбек етті. Тіпті ақтық демі таусылар соңғы сәттерге дейін арман
құшағына оранып, ұшқындап, жалындап жатқан болу керек. Сұм
ажал оны арман құшағынан бір сәтте аяусыздықпен суырып ала
жөнелді-ау... Егер-де ажалда ар болса – өмірге құштар бозбаланың
жүзіне үңіліп, арманшыл қалпын көріп райдан қайтса керек еді. Олай
болмады. Өйткені ажалда – ар қайдан болсын?! Болмайды. Ал,
Саттардың екінші аты – арман болып қала берді. Бәлкім,
арманшыл шығармаларымен ажалды жеңген де шығар!
Саттар Ерубаев жайында сөйлегенде толқымай-тебіренбей,
жайбарақат күй кешу мүмкін емес.Бар–бала ғұмыры романтикадан
тұратын ол өзінің өршіл,арманшыл шығармаларымен біздің
әрбіріміздің жүрегімізге романтикалық рух егіп кетті. Жалын атқан
жастың өз тағдыры жайында ойлағанда, соңына қалдырған
найзағай отына шарпысып жатқандай болып көрінетін шымыр
шығармалыры жөнінде толғағанда, таңала көгінен тұрып–таң
шапағына ұмтылғандай ұлы ұмтылыс–ізгі ой, ірі қарекет үстінде
жүретін
кейіпкерлері
хақында
қиялдағанда
әсерленбей,толқымай,тебіренбей
тұра
алмайсыз.Бей-жайлық
Саттарға жараспаған,оның оқырмандарына да жараспайды.
Мәңгілік өмір үшін майдандасып жүрген жап-жас Саттар бізге
халық үшін от ұрлаған Прометей сипатында елестейді.Ол
тұлғалаған жанды адамдар бір есептен әрі кеше болған,бүгінде
бар(арамызда жүр), ертең де болатын ғажап жандарға айналып көз
алдыңда тұра қалады. Бір есептен, Саттардың өзі де,кейіпкерлері
де басқа планетадан келген жандар секілді елестейді. Бұл–
қаламгердің өзі сүйіп оқыған Жюль Верннен желі тартып келе
жатқан романтикалық рух құдіреттілігі!
Жиырма үш жыл ғұмыр!
Шолтаң ете түскен үзік жіп секілді құрғырды ғұмыр деп
айтуға аузың да бармайды. Бала болып келіп, бала болып өткен
мына өмірден. Жоқ,жоқ. Бала болып келіп,дана болып өткен мына
өмірден. Әрі бала,әрі дана. Балалық уыз келбетінде даналық ұйып,
өршіл, өргек ойларымен оқырманын ізгілік, жақсылыққа ұйытып
өткен жанды одан басқа қалай айта аламыз?! Олай дейтініміз,
Саттар қаламынан туған лирика, баллада, сатира, новелла, роман,
сын–бәрі де жаңа. Лебі жаңа– лебізі бөлек, порымы жаңа–формасы
ерек, мазмұны тың–мәні терең, пәрмені тегеурінді. Жап-жас бала
қаламнан туған дүниелер кеше ғана емес,бүгінде солай, бүгінде
жаңалықты,қызықты,тағылымды. Тарих тіршіліктергі мансап,
беделге қармайды. Тарихқа жарарлық із қалдыру кім-кімге де оңай
емес.Сақал сату тарихқа жүрмейді. Азыңды азыр қанбас, көбіңе
алдарқамас тарих Саттардың аз сөзін азырқанбай құп
алып,қабылдады. Мәңгілік өмір іздеген Саттар тарихтың мәңгілік
кітабына кірді. Ол еңбектер қалай туды, ол кейіпкерлер қалай
тұлғаланды?
Ол бұлай толғанады:
«Ленинградта мен аурып қалдым. Мені ауруханаға салды.
Ыстығым қырық градус болды. Күн сайын менің халім ауырлай берді.
Сонда мен Бердәлінің бақыты туралы жаза бастадым.
-
Ғажап! –дейді науқастар. –Төрінен көрі жақын, сондада
ұзақты күнге жазуын бір коймайды!»
Әлгі біз таңданып отырған шығармаларын Саттар осылай
өлім мен өмір арасында,тіршілік үшін арпалысып жүріп жазды. Әлгі
біз тамсанып отырған шығармаларын Прометей сияқты
тұлғаларды Саттар осылай «Өлім деген суық сөздің тілінде» жүріп
сомдады. Сондықтан оның өз тағдары соншалық аянышты,
кейіпкерлерінің тағдыры соншалық қаяулы. Қаяулы көңілімен жүріп
аяулы кейіпкерлер сомдаған қаламгерлер халқына қашанда қадірлі!
Оның кейіпкерлкері жан тарсырғалы қиналып жатып та
күледі. Оның кейіпкерлкері өліп бара жатып та «Бақыттымын!»
деп айқайлап атып кетеді. Бұл–ғажап кісілік табиғат қой. Өмір –
күрдлі құбылыс. Шынтуайтында, адам өмірден жылап өтеді
емеспе?! Ал, Саттар кейіпкерлері өмірден күліп аттанады. Неге?
Бұл–аз өмірді мақсаткерлікке жұмсаған жанның күлкісі,өмірден өзін
тапқан адамның бақытты өлімі!
Әлгіндей ғажап кісілік танытып жүрген кейіпкерлер–Саттар
Ерубаевтың адамдық ғажап табиғаның жемісі.
Саттар өмірі–толы драма. Құлақтың баласы атанып, бойтаса
жасау үшін атасы Ерубай атына жазылудан бастап өмірінде
драмаға соқпас бір сәт жоқ. Жар сүйіп, соңына ұрпақ қалдармады.
Аспирантураны аяқтамады. « Менің құрдастарым» аяқталмады.
Жастық ғұмыр ауру-сырқаумен өтті. Бірақ күрсінген, күңіренген
қаламгерді көрмейсіз. Балаңдықтан болар? Жоқ. Байсалдылықтан.
Ойсыздықтан болар? Атамаңыз, өмірдің мәніне терең бойлаған
ойшылдықтан? Өмір – күрес деп түсінеді ол. Лев Толстой айтқан:
«Адам болып адал ғұмыр кешу – ұмтылу, тырысу, алысу-арпасысу,
қателесу, құлау, қолға алған ісіңде тастау, қайта бастау, дұрыс
болмаса қайта тастап, қайта бастау – талмай күресу, мәңгі
майдан кешу. Ал, бейғамдық – рухани азғындық» - деп. Бұл – тұп-
тура Саттарға арналған сөздер сынды. Саттардың өзі де,
кейіпкерлері де осындай өмір үшін қайтпай күресетін, тіршілік үшін
талмай арпалысатын жандар. Өзін өмірден қажымай-талмай
іздеген, қателескен, іздегенін тапқан жандар. Өз өмірі білте
шамның жарығындай өлусіреп өшіп бара жатқанын біле тұра,
қажымай, мұңаймай роман, әдеби сын, қулық жазып, жанталасып,
жатқан Саттар күш-қуаты, ерік-жігері кісіні қайран қалдырмас
па?! Бар байлығы қойнындағы дәмелісін, онан күтіп отырған
перзентін (ұрлаған) рахметке қиын сәтте кек қайтару орнына
кеңшілік беріп, операция жасап, аман алып қалатын Ықылас
Құлбеков ше?Саттар рухына жаралған, жаңаша ойлайтын, кісіге
ізгілік ойлаудан, жақсылық жасаудан бір талмайтын кейіпкер емес
пе?!
Кейіпкерлері дегеннен шығады, оның кейіпкерлерінің өмірі –
толы драма. Саттар шығармаларының қызық оқылатыны, қалып
қоймай өмірге жаңара қызмет ететін себебі де осы кейіпкерлері
тағдырының драмаға толы қоюлығында! Кейіпкерлер тағдырын
адастырып жіберіп, қайта қосып, шым-шытырық ететін,
романтикаға балап өркештендіріп, тосын шешімдерін тандандырып
беретін Саттар шығармаларының жаны – драма. Драма – жас
дарын шығармаларының әрін кіргізер нәрі. Бәлкім, Саттар феномені
осында шығар!
Саттар Ерубаев – әдебиеттегі ғажап құбылыс! Жас
талғамайды, талап таңдайды. Лашықта туған, жоқ-жітік
тіршілік кешкен қыршын дарын Шандор Петефи Мадяр халқының
рухани көсеміне айналды. Теңіз жағасында туған, жетімсіз күн
кешіп, ерте сөнген Исикава Такубаку – жапон халқының ұлы
ақынына айналды. Уақытша өкімет –халық қарғысын арқалаған
корольдер қудалаған Француа Вийон ше? Бәрі де аз жасаған, алайда
әрқайсысы әрбірхалықтың азаматтық тариханда – рухани ой-
дүниесінде ғажап із қалдырған дарындар, ұлы құбылыстар! Саттар
да – құбылыс! Құбылыс артына қалдырған әдеби мұраның аз-
көптігіне қарамайды, жаңалығына тарайды. Өмірде аз жасаған ,
әдебиетте аз жасаған (көлемі) Саттар – өмірде көп жасағандай
кексе, өнерде көп жасағандай керемет құбылыс! Құбылыс
болғандықтан да уақытпен бірге жаңарып алмасар жаңа ұрпақ
оралып соғып, өз сөзін айтып отырады ол туралы. Жаңа ұрпақ
оның шығармасын оқып рухтанып, өз әдеби әлемін ашады, дарын
рухы алдында бас иеді. Бүгін әдебиеттің жаңа буыны, оқырманның
жас ұрпағы Саттар Ерубаев шығармасын оқимыз да, оның рухы
алдында бас иеміз!
Қазақстанның Жазушылар
одағының басқарма мүшесі Ергөбек Құлбек
Жас жүрек жайып саусағын
Біздің қолымызға 100 жылдан кейін қолға іліккен құжаттар
Саттар Ерубаевтың 1914 жылы емес, одан бір жыл бұрын дүние
есігін ашқанын дәлелдейді. Соны ешқандай аудармасыз бергенді жөн
көрдік;
«Подтверждается дата поступления Саттара в ЛИЛИ -
именно 21 июня 1931 г. Далее - новые разночтения, С.Ерубаев
записан как студент отделения языковедения. А самое главное и
очень важное - годом рождения казахского публициста указывается
1913-
й, а не 1914-й, как повсеместно пишут его биографы.
Сохранился и лицевой счет студента 2 курса С.А. Ерубаева. На
стипендию он зачислен с 1 сентября 1931 г. (80 рублей). В декабре с
него удержано за питание в институтской столовой по талонам 25
руб. Другие расходы - подписка на заем и оплату комнаты в
общежитии.», (А.ЖАНГОЖИН. Караганда - Санкт-Петербург.
Индустриальная Караганда. -2005.-4 авг.-С.7)
Мұнан бөлек, Саттар Ерубаевтың «Мәңгілік өмір» дейтін
новелласында мынадай аса құнды дерек бар. «Бұл 1920 жылы
болатын. Онда мен 7-де едім», - деп жазады. Мұнда да сол 1913
жылды меңзейді.
Рас, біздің жыл санауымызға келің-кіремейтін, ай есебіне
негізделген хижра бойынша бір жыл әрлі-берлі сырғи береді.
Мәселен, адам бақилық болғанда курсақта болған 9 ай да қоса
есептеледі. Негізінде, Саттардың біресе 1913, екіншісінде 1914
болып жүруі осыдан болар деп есептейміз, әрі мұны әбестік деп
санамаймыз.
Саттар Ерубаевтың жатқан жері әзірге белгісіз күйінде қалып
отыр. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары қазіргі Алматы
қаласындағы Райымбек даңғылының бойында, батыр бабаның
сағанасының маңында мұсылмандар қорымы болушы еді. Кейіннен ол
орын тегістеліп, орнына Ақши, Қаскелең, Ұзынағаш сияқты
Алматының айна-ласындағы елді мекендерге қатынайтын автобус
бекеті тұрғызылды.
Саттар Ерубаевтың ғұмырбаянын хатқа түсірушілер
әлеуметтік жағдайы кедей еді дегенді көбірек айтады. Бұл, әрине,
сол кездің ұстанымына сай келеді. Шындығында, оның бабасы
Ерубай бай болған, елдің сөзін сөйлеген. Білегінде күші, ауызында сөзі
бар алғыр да шешен болыпты. Әділетсіздік жасаған шонжарлардан
жасқанбай, шындықты бетке айтқан. Сол кездегі шонжарлар
Ерубайды қарсылас ата жауларына шоқпар ретінде пайдаланбақ
болып, би сайлайды. Бірақ Ерубай би болғаннан кейін, елдің жай-
жапсарына қаныға жүріп, шамасынша әділ, парасатты болады.
Елінің жанашыр азаматы, халқының қалаулысы болып өмірінің
соңғы күніне дейін халық құрметіне бөленіп өтеді. Ерубай ердің
жасы елуінде қазіргі Шымкент облысы, Қызылқум (Отырар)
ауданының «Овцевод» совхозындағы Сумағар деген жерде дүние
салады. «Осы жерде әл-Фарабидің әкесі қызмет еткен, өзі де сонда
туды деген ғылыми тұжырым жасалып жүрген «Оқсыз» деген тебе
бар. Сүйегі сол Оқсызға қойылады.
Естеліктерде «партия қызметкері» деп жай ғана айтыла
салатын Ысмайылов Нұртаза ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовпен
тонның ішкі бауындай араласқан. Ұлы қаламгердің «Өскен өркен»
романының басты кейіпкерлерінің бірі. Сол кездегі Шаян ауданының
(романда «Ноян ауданы») 1-хатшысы болған. 1961 жылы Мұхтар
Әуезов Шаянға келгенде, кезінде «Шаян халық театры» Кремль
сахнасына қойған «Еңлік-Кебек» драмасын жазушының өзіне арнайы
көрсетіп, қойылымнан соң өз үйінде күткені белгілі. Ысмайылов
Нұртаза мен Мұхтар Әуезовтің соншалықты бір-біріне
жақындасып кетуіне себепші болған Саттар Ерубаев екен. Себебі,
Мұхтар Әуезов сол Саттар қайтыс болғанда қатты қайғырып,
«қазанамаға» қол қойғандардың бірі болса, Нұртаза Ысмайылов
Саттардың жақын туысы.
Саттар туралы сөз болғанда оның өз әкесі Асқар туралы аз
айтылады. Оның әрине, өз себеп-салдары бар болғандықтан арнайы
тоқталуды жөн көрдік. Арғы атасы Ерубай биден Асқар, Жүсіп,
Нақьш, Жақып, Бейсенбі деген бес ұл туады. Осы бес ағайынды
ұлдардың арасындағы Асқардан Саттар дүниеге келеді.
Ерубай биден туған Асқар да жасынан зерек өсті. Ұзын бойлы,
аққұба жанның орысша-қазақша сауаты болған. Түркістанның
теріскейіндегі Қаратау алабындағы Шоқытас Керімбек болыстың
қарамағында 30 жылдай старшын болыпты. Асқардың ақындығы
басқалардан алабөтен екен. Бірде ол үлкен отырыста бет біткенің
көріктісі, қос бұрымы төгілген аруға жолығады. Асқардың Пәтек
дейтін қызға үйленіп, одан Қасым, Есім сияқты ұлдарды сүйіп,
балалы-шағалы боп қойған кезі екен. («Шешесі Бапа орта бойлы,
қараторының реңдісі болатын») деп суреттелетін қыз баласы
Асқардың бойындағы ұйықтап қалған ойды оятады, қанды
қыздырады, сезімді сергітеді. Ата салтымен үйлене салған ол
кербұландай бұлғандаған қыздың қызуы оттай сөздерінен бас тарта
алмай қалады. Әрине, бізге олардың сол айтыста қалай сөз
қағыстырғаны белгісіз. Әйтсе де сол айтыстың аяғы ұлы
махаббатқа ұласып, дүниеге теңдесі жоқ қазақтың біртуар ұлы
Саттардың келгені анық.
Саттар фамилиясын өз әкесінің емес, бабасының атымен
атаған.
Саттардың ѳзі «Менің құрдастарым» атты жартылай
өмірбаяндық романында: «...1931 жылы Ленинградта оқып
жүргенімде «әкең ѳлді» деген телеграмма келді. Мен жылағам жоқ.
Бірақ неге екенін қайдам, жолдастарымның барлығын жинап алып,
«әкем өлді» деп айттым да, жүгіріп үйге кіріп кетіп қалдым. Кешке
біздің екінші курстағы барлық студенттер жиналып келіп, маған
көңіл айтты. Менің қайғыма ортақ екенін білдірді. Сонда грузин
баласы Сивадзе: «Қайғырма, біз екеуміз Совет өкіметі дейтін
өлмейтін әке тауып алғанымыз жоқ па?!» - деді. Сонда мен
қайғыдан емес, қуанғандықтан жылап жібердім», - деп жазған еді.
Саттардың әкесі 1931 жылы өліп, Түркістан қаласына қойылады».
Жұмай апай естелігінде: «Асқар ата Шойтөбе жағына қауын-
қарбыз егетін еді. Қауын-қарбыз піскен кезде алып келуге кейде
атпен Саттарды жіберетін. Біліп қалсам, мен де барам деп
артынан жүгіретін едім. Көңілімді қимаған Саттар атына
міңгестіріп алушы еді», - деп жазған.
Саттар қайда және қалай оқыды? Біз оны Нұртаза
Ысмайыловтың жазбаларынан табамыз: «Менің шешем Мәлике
(төркіндері Мәлеш деп атайтын) Асқардың өзіне тете інісі
Жүсіптің үлкен қызы еді. Біздер қазіргі Арыс қаласының
төңірегіндегі Қаражантақ, Қараспан деген жерлерде көшіп-қонып
жүретінбіз. Кейде Сырдария бойындағы Көксарай көлін жайланушы
едік. Шешемді ағайын-жұрт қатты сыйлайтын.Төркінінен алып
келген аяқ машинасы болатын. Ол кезде киім тігетін орын
болмағандықтан, ауыл арасында ағайындардың киімін де тігіп
беретін. Жас кезінде кейбір ауыл әйелдері мені «мәшинеші шешейдің
баласы» деп те атайтын. Әкесінің қалада тұрғандығынан ғой
деймін, шешемнің қалта сағаты болушы еді. Ораза айларында ауыз
бекіткенде, кейбір бұлтты күндері шыдамсыздау ағайындар біздің
үйге күннің батқанын анықтау үшін ат шаптыратын. Шешем
жылына бір мәрте Арыс станциясынан пойызға мініп, Түркістан
қаласына әкесінің үйіне төркіндеп баратын. Сол кезде көбіне мені
ала баратын».
Саттар Ерубаевтың қазіргі Отырар ауданының аумағында
дүниеге келгенін айтқанымызбен, оның өнегелі өміріне өрнек берген
Түркістан қаласы болды. Осы қалада оның балалық шағы өтті,
мектеп көрді, білім алды, қай кезде болмасын, қайда жүрмесін
Түркістанға оралып отырды, талмай жырлады.
«Нағашымның үйі сол кездегі тәртіп бойынша бастырмалатып
салынған болатын, - дейді Нұрғаза Ысмайылов. - Саттар мен
Өмірзақ екеуі бастырма астында аласа столға сүйеніп сабақ оқып
отырды. Мен соларды төңіректеп жүрдім. Шешемнің сіңлісі Бибін
апай (ол кезде бойжеткен қыз) Өмірзақтан да, Саттардан да көп
үлкен, теріс қарап өрмек тоқып отырды.
Бір кезде Өмірзақ стол астынан рогаткасын суырып алды да,
ылайдан арнайы жасалған кішкене домалақ кесекпен өрмек тоқып
отырған Бибін апайдың жон арқасын атып жібереді. Бибін апай
орнынан да тұрған жоқ, қатты тиген кесектің орнын алақанымен
басып жылап отырды.
Саттар Өмірзақтың бұл қылығына қатты налып, ұрысты,
ақыл айтты. Сонда менің аңғарғаным, Өмірзақпен жасы қатар
болса да, Саттар ерте есейіп өскен еді. Ол өзін сол кездерде үлкен
кісілердей ұстайтын еді.
Осыдан екі-үш күн өткен соң, Өмірзақ мені қалаға ертіп барды.
Қаланың орталығын аралатып, Саттар оқитын мектепке алып
келді. Біз келсек, шамасы, үзіліс уақыты болса керек, мектептің
ауласы ығы-жығы толған оқушылар екен. Көп баланың ішін аралап
жүріп Саттарды тауып алып, мені Саттарға тастап кетті.
Саттар мені қасына алып, оң жақтағы қатардың ең соңғы
партасына отырды. Сабақ үстінде оқушылар өте тәртіпті
отырды,
барлығы да мұғалиманың аузынан шыққан әрбір сөзді
қағып алатындай ықыласпен отырды. Сабақ беріп тұрған денесі
нәзік қана, реңді жас орыс әйелі сөзін тоқтатқан кезде, бәрі
қолдарын көтерді, шамасы, «мен айтамын, мен айтамын» дегендері-
ау деп ойлаймын. Саттар қоңыраудан кейін мені алып үйге қайтты.
Жол-жөнекей менен бір сағала не оқыдың, не түсіндің деп сұрады.
Мен ештеме түсінбедім деп басымды шайқадым. Саттар
мүғалімнің берген сабағын түсіну үшін жақсы оқитын болу керек
деп күлді. Саларды менің соңғы көргенім осы болды...»
Мұнан байқалып тұрғандай, «менің жасым алтылар
шамасында болу керек, әлі мектепте оқымаған кезім» дегеніне
қарағанда, бұл кез 1920 жылдарға келетіндей.
«Әлі есімде, 1925 жылы Түркістанда алғаш қазақ бастауыш
мектебін бітірген бір топ бала осы қуанышымыздың құрметіне
Қожа Ахмет Яссауи күмбезінің биігіне шығуды үйғардық. Әбді
Тұрсынбаевтың
бастауымен
Нұріллә
Әбілдаев,
Ысмайыл
Нышанбаев, Иса Алтынбеков, Саттар Ерубаев және мен соншалық
қуанышымыздан алып- ұшып, сан жетпес басқышпен жоғары
тырмысып бара жатырмыз. Бір уақытта кілт тоқтай қалған ұзын
Әбді:
-
Қожа Ахмет Яссауи әулиенің әруағына сүйеніп, төбесіне шығып,
сыйынып көрелікші, мүмкін сол кісінің қасиетімен үлкен ғалым боп
шығармыз,
-
деп еді, тізбектің ең соңында кіп-кішкене боп келе жатқан Саттар
сәл еңкейіп алға үмтылған қалпы:
Қожа Ахмет Яссауи оқымысты ақын, оның өз алдына ұстаған
жолы болған, - дегені.
Бәріміз тоқтай қалысып, танданыстық. Біздің алдымызда күнде
көріп жүрген Саттарымыз емес мынау, Яссауидің құдіретімен бір
жақтан келе қалған бір ғұлама сияқты.
Әбді оған қадалып:
-
Оны қайдан білесің? - деп сұрады.
-
Білем, - деді Саттар.
-
Дұрыс біліп тұрсың. Мен саған оны қайдан білесің деп тұрмын ғой,
-
деді.
-
Кітаптағы тарихтан, - деді Саттар әдетінше қасын кере әнтек
ойлана қалып.
-
Оу, «Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс» дегендей, пошымың
мен тұрысың мынау, сонша үлкен білімді қалай таптың?
-
Көкем Ташкент кітапханасынан кітап әкелген екен, содан
оқыдым.
-
«Кітапхана» деген не? Сарай ма, кітап жинайтын, жоқ магазин
бе?
-
Үлкен қалаларда оқып шығып, қайтып беруге болатын кітаптар
жинайтын үй болады екен ғой. Ол бізде жоқ. Қожа Ахмет мынау
жақын жердегі Сайрамда өскен. Әкесімен бітімдесе алмай өзі үлкен
ғұлама болған соң, мынау үлкен шаһар Түркістанға келіп, ақындық
дәурен сүріпті. Түркістан күнде базарлы, үлкен қала болған соң оның
күнделікті келетін жолаушылары бір қаладай болады екен. Ол кісі
сол қалың халықпен араласыпты. Бұл мешілі сол кісінің құрметіне
Ақсақ Темір салдырған екен, - деп бізді таң- тамаша елі жас
білімпаз. Біз бір сәт аңырап тұрдық та, Әбдінің сілтеуімен жүріп
келік.
Ол:
-
Мейлі, не де болса әйтеуір сол адамның әруағы қолдап, ғалым
болсақ екен, - деді.
-
«Ғұламалық» дегенге әлденеше жылдар мектепте оқып, сандаған
кітап аударып, бойға сіңіріп барып қана қол жеткізеді, немесе
жайдан-жай дари салмайды, - деді Саттар тағы да. Әбді тағы да
оған:
-
Оны да сол кітаптан оқыдың ба? - деді.
-
Жоқ, басқа кітаптан оқыдым. Содан кейін ағам айтты, - деді
Саттар тура молданың алдында тұрғандай, екі қолын алдына
ұстап.
-
Өзің құртақандай бола тұрып,
бізге ақыл үйретуден қаймығатын емессің ғой, - деді Әбді
ренжігендей.
-
Сөз тура келген соң айтып тұрғаным, - деп басын төмен салды ол.
Біз өз кішілігін көрсетіп, әдептілік ілтипат еткен Саттарға
елжірей қарадық.
Яссауи мұнарасының басында тұрып, біздің аяғымыздың
астында сан үйлердің кұмырсқа илеуіндей жыпырлағанына
таңырқастық...» .
Саттар Ерубаевтың бар болғаны 23 жыл ғұмыр сүргенін
ескерсек, оның ақындығы ертерек басталғанына ден қоямыз. Оған
әкесі Асқардың, анасы Бапаның үлкен әсері болған.
Үстінен теміржол өтетін Түркістан қаласы дәл сол уақытта
білім-ғылым шоғырланған орталық болғаны анық. Осы білім мен
ынтаның арқасында 1931 маусым айының 21 жұлдызында бірден
Ленинградтың тарих-философия- лингвистика институтының 2-
курсына қабылданады. Оған дейін Түркістан қалалық комсомол
комитетінде жұмыс істепті. 1933 жылы оқуды бітіргенде «Орыс
неоромантизмі және қазақтың ұлттық әдебиеті» тақырыбында
диплом жұмысын жазып, жақсы қорғайды. Бұл туралы жаңадан
табылған деректерге назар салып көрелік:
К Саттару Ерубаеву, окончившему Ленинградский институт
философии, лингвистики, литературы и истории (ЛИФЛИ) в 1933 г.,
судьба была скорее сурова, чем благосклонна. Он прожил короткую
(1914-
1937 л.), но удивительно наполненную жизнь.
Уже после смерти С.Ерубаев стал первым лауреатом премии
Ленинского комсомола в Казахстане (1966 г.), был удостоен премии
имени Николая Островского в честь 50-летия комсомола (1968 г.).
Его имя увековечено на Всесоюзной доске памяти. В честь С.
Ерубаева в г. Караганде названа улица, в г. Туркестане - школа-
интернат, где осенью 2004 г. был открыт и памятник.
Другой ценный для биографии С.Ерубаева документ находится
в деле, содержащем списки студентов за 1931 г. Подтверждается
дата поступления Саттара в Ленинградский институт лингвистики
и истории - именно 21 июня 1931 г. По приказу №85 от 13 августа
1933
г. Считать окончившим институт. Ерубаев вернулся в
Казахстан, где работал в редакциях газет «Лениншіл жас» и
«Ленинская смена», публиковался в республиканской газете
«Социалды Қазақстан». Он стал одним из первых лекторов,
читающих лекции по вопросам марксизма-ленинизма и философии на
русском и казахском языках. В феврале 1934 г. С.Ерубаева привлекли
в ряды составителей и переводчиков учебных пособий для начальных
и средних школ.Но его душа тянулась к музыкальной культуре,
народному творчеству, что едва не привело Саттара на должность
директора казахского театра.
С июля 1934-го по май 1935 года С.Ерубаев в Караганде.
Работает заместителем ответредактора городской газеты
«Караганды пролетариата», печатается в «Большевистской
кочегарке». В Караганде Ерубаев задумал киносценарий о шахтерах,
начал главный труд своей короткой жизни - роман «Мои ровесники»,
который впоследствии неоднократно выходил в русском переводе.
Творческий потенциал Саттара Ерубаева особенно раскрылся в
1933-
1937 гг. В этот период появились 10 его. Cтихотворений, 5
очерков, 15 сатирических зарисовок, 8-новелл и баллад. Он принимал
активное участие в подготовке и проведении I съезда писателей
Казахстана (1934 г.) и стал членом Союза писателей СССР. В
сентябре 1935 г. Ерубаев поступил в аспирантуру ЛИФЛИ. Вскоре
после начала занятий в аспирантуре Саттар заболел, около месяца
пролежал в больнице на Васильевском острове. Врачи посоветовали
ему сменить климат, вернуться на родину.
В Алма-Ате, несмотря на болезнь, Саттар старался вести
активную жизнь. Был утвержден доцентом кафедры казахской
литературы Казахского педагогического института, руководил
литкружком факультета. В соавторстве с М.Жангалиным
подготовил «Литературную хрестоматию» для казахских школ. 2
июня 1937 г. Саттар Ерубаев скончался в алма-атинском
тубдиспансере. Через два года был издан его неоконченный роман
«Мои ровесники» на казахском языке.
Ол қысқа ғұмырында әдебиет, мәдениет, ғылым, өнер
салаларына жанын сала кұлшына әрі ѳнімді еңбек етті. Ол - өмірге
деген,
айналасындағы
адамзат
баласына
деген
шексіз
сүйіспеншілігін, достарына деген сезімін көзі тірісінде айтып
үлгерген ақын. Оның дос туралы:
Мен білмеймін шекарасын солтүстік пен түстікгің,
Мен білмеймін шекарасын жолдастық пен достықтың,
-
деп тебіренгені ешкімді де бейжай қалдырмайды.
Кезінде жан досы жазушы Зейін Шашкиннің өзі куәгер болған,
соңы мұңлы махаббатқа ауысқан Меруерт сұлуға арналған
«Меруерт алқа» өлеңімен қазақ совет әдебиетіндегі махаббат
лирикасын да Саттар Ерубаев алғаш бастады деуге негіз бар.
Аспандағы күміс айдай, жас
ақынның жары бар,
Аспандағы күміс айдай, құралайдай жаны бар.
Құралайды, күміс айды, тура қарап көріп өт,
Көздері бар күлімдеген, күлкісі бар меруерт...
Ол қазақ әдебиетінде пародия жанрына алғашқылардың бірі
болып өз қолтаңбасын қалдырып та үлгерді. «Өз пародияларым
туралы» атты мақаласында ол: «Әдетте мені пародия жазушы деп
атайды. Расында да, менің мұндай атаққа ие болуыма әлі ертерек,
бірақ та мен қазақ әдебиетінде пародия жанрын бірінші жаза
бастадым.
Әуезовтің, Мүсіреповтің, Әбдіқадыровтың шығармаларына,
Тұрманжанов және басқалардың өлендеріне пародия жаздым», -
дейді.
Мұхтарға:
Ала қалың, ала қалың,
Шықпай жаңа кітаптарым. Политотдел, комсомолдан,
Геройлардың жидым бәрін.
Ғабитке:
Қарындашын құшақтап,
Ғабит отыр қалада.
Бізге қашан келеді деп,
Колхоз күтеді далада.
Ал оның «Менің құрдастарым» атты романы қазақ совет
әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған Ғабиден Мұстафиннің
«Қарағанды», Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» сияқты
романдардың алдыңғы легінде тұрды.
Жақында «Қазақ әдебиеті» газетінде белгілі қаламгер Ғаббас
Қабышевтің Олжас Сүлейменовке жазған хаты жарияланды.
Ондағы айтылатын мәселенің мәнісі сол, Олжекең қазақ
журналистикасының «жарық жұлдыздарына» арнайы сыйлық
тағайындап, оған Г.Толмачев дегеннің атын бермекші болған екен.
Осыны білген Ғ.Қабышев ағамыз: «Саттар Ерубаевтан артық кім
бар? Қазақ журналистикасын 30-жылдары биікке көтерген сол емес
пе еді?» деп ақыл қосады. Біз де, әрине, бұған бейілдар екенімізді
білдіреміз.
Болашақ ұрпақ, оның ішінде саттартанушылар оның
«соцреализм» әдісінің негізін қалаған «Орыс неоромантизмі және
қазақтың үлттық әдебиеті» тақырыбындағы диплом жұмысына
назар аударса болар еді деп ойлаймыз.
Саттар Ерубаев тұңғыш директор болған Алматы
қаласындағы Опера және балет театрына ескерткіш тақта
орнатылар уақыт жеткен жоқ па?
Ѳмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім,
Ѳлім деген суық сөздің тілінде мен жүр едім.
Ѳмір деген ѳксігімді баса алмастан жүр едім,
Бір жабыққан көңілімді аша алмастан жүр едім,
-
деп жырлаған Саттар баржоғы 23 жыл ғұмырында қазақ
кѳгінен мезгілсіз ағып түскен жарқын да жарық жұлдыздардың бірі
болғанын мәңгілікке дәлелдеп кетті. Саттардың мезгілсіз қазасына
байланысты «Қазақ әдебиеті» газетінің 1937 жылы 5 июньдегі
санында мынадай мәтіндегі некролог басылды.
«Жолдас Ерубаев барлық білімін, мәдениетін көркем әдебиет
майданына жұмсаудан шаршап, жалықпайтын еді. Соңғы екі
жылда,
жұмыстарының
көптігіне
қарамастан
Ленин
комсомолының бақытты, қызықты өміріне арналған «Менің
кұрдастарым» атты үлкен романын жазып бітіруге бар күшін
жұмсады. Бірақ мезгілсіз ажал 23 жасқа жаңа жеткен, жаңа
гүлденіп келе жатқан жас жолдасты, тым болмаса оның соңғы
романын бітіртпестен де ортамыздан жұлып әкетті.
Біз, оның жасы үлкен ағалары, әдебиет майданындағы
замандастары қымбатты жолдастың туған-туысқандарына көңіл
айтып, жалғызынан айрылған қарт шешесінің қолын қысамыз».
Мұқанов, Әуезов, Қаратаев, Тәжібаев, Жароков, Тұрманжанов,
Орманов, Сыздықов, Хасенов.
Міне, бұл күндері оның өмірге келгеніне жүз жылға жуық
уақыт өтсе де, мәңгі жас, мәңгі албырт, тірі тіршілікке мәңгі
ғашық болып өткен Саттар Ерубаевтың шығармашылығы да, бізге
жеткен сирек суреттеріндегі балғын жүзі де баяғыдай болып
көрінеді. Өйткені оның шығармалары бізді әнтек әсершіл, сезімтал,
ерекше шаттық билеген іңкәр әлемге жетектейді. Оның «Бақыт
туралы балладасын» оқып , шығып, БАҚЫТ туралы ұғымның
соншалықты күрделі әрі тым қарапайым екендігін түсінесің. Ол
жансебіл еңбек пен тасқындаған шабыттың мәңгілік өмірмен
астасқандағы шексіздігін ғана шын «Бақыт» деп сол кездің өзінде
түсіне білген жан. Бақыт ұғымының жас мөлшеріне қатыссыз
екенін дәлелдеп кеткен бірден-бір дарабоз талант. Оның
шығармаларын оқып отырып, өмірден ертең өтерін біліп отырған
қыршын таланттың жеке басына қатысты пессимизмге берілген
бей-жай көңілін байқай алмайсың. Керісінше, онымен бірге
шаттана, қуаныш құйынына ере отырып, ерекше шабыттана
түсесің. Осындайда ұлы Абайдың:
Жас жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс.., -
деген өлең жолдары ойға еріксіз орала береді.
Иә, ол сол кездердегі буырқанған қазақ қауымының ортасына
тым жас кезінде келді, өте жас кетті және біздің санамызда да
мәңгі жас қалпында қалып қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |