Жарылқасын БОРАНБАЕВ
Бақыттылар туралы роман
Бір ескі досым бұл жазушыны еске алғанда жүрегінің ең
түкпірінен ақық, асыл сөз теруге тырысатын. Саттар Ерубаевты
көп оқыған жанмын. Бақыттың суретін жасаған одан басқа
жазушы бар ма? Әй, білмедім... Жазып үлгергені айналасы бір-ақ
кітап. «Менің құрдастарым» романы. Сол романды, не сиқыры
барын, әлі күнге оқығым кеп, ынтам ауып тұрады... Тауып
айтылған сөзге мен де қуана қосыламын. Романы жас болса да, хас
шебердің қолынан туған деймін. Шамасы үш-төрт жыл бұрын болу
керек, Қазақстан Жазушылар одағынан телефон шалып,
анықтамалық кітап үшін өзім туралы анкета толтырып жіберуімді
өтінді. Бұрын өмірбаянымды және жазу-сызуларымның аталымын
ғана сұратушы еді, бұл жолы оған қоса дағдыдан тыс, өзіңнен бір
сыр тартқандай орыс тілінде сауал қойыпты. Жауабымды мен де
орысша қайтардым.
–
Прогноз будущего Казахстана?
–
Страна Жер Ұйық – Обетованная земля.
–
Ваш хобби?
–
Книги.
–
Литературные пристрастия?
–
Саттар Ерубаев.
«Пристрастиенің» қазақша баламасы – әуестік, құмарлық қой.
«Менің құрдастарым» романына құмартатыным, оқи бастасам-ақ
айнала дүниенің бәрі сәулеленіп, ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекет
дертінен табанда арылғандай сезініп, жеңілейіп қаламын.
...Ол тым ерте көз жұмды. Енді ғана қанат жайып, дүние төрін
емін-еркін жайлауға кіріскен жиырма үштегі өрімдей жас қыршын
кетті. Есесіне есімі, міне, енді 100 жыл өтті, әлі күнге ел көгінде
жарық жұлдыздайын жарқырап тұр. «Менің құрдастарым» романы
жастық мастығын әнге салатын асқақ, ойлы шығарма. Айтты-
айтпады, бақыттылар жыры. Іші-сырты сай келген көркем дүниеге
өлім жоқ. Заман ауысқанның өзінде де. Күлге айналып, қайта
тірілетін Феникстей. «Менің құрдастарым» романына бүгінгі
тәуелсіздік биігінен қарағаныңда, қазіргі бірсыпыра ұғымыңа қайшы
келетін жағдаяттар кездеспейді емес. Бұл шығарманың замана
жырын жырлағанда не құбылыс атаулыны саясатқа бөлейтінін
жоққа шығара алмайсың. Большевиктердің жалынды трибуны
С.М.Кировтың қазасына байланысты қарт жұмысшының сандықта
жатқан қаруын алып майлап, түні бойы ұйықтамағанын Саттар
Ерубаев жаңа сезімнің нақтылы мысалына балап суреттейді. Көсем
кеудесіне тағылған гүлді – бақыттың шырқау биігі санап
жырлайды. Адамзатты оятар, бағыт сілтер кітаптардан Анри
Барбюс, Максим Горькийдің тиісінше «От», «Ана» атты
романдарын бөліп атайды. Ал, Маркс, Ленин кітаптарын өлмеушілік
әкелетін зертке балайды. Сол кітаптарды ауылына әкеле жатып,
тап жауларының қолынан қаза тапқан мәңгілік «жаралы жанды»
жоқтап күңіренеді... Солайы солай. Дей тұрғанмен, тағы бір ойың
айтады: Совет заманының бәр-бәр құбылыстарын бүгінгі
либерализмше даттай беруге бола ма? Кеңес Одағының мирас-
мұрасында мақтаныш тұтар нәрсе аз ба? Күні ертең жетпіс
жылдығын тойлағалы отырған Ұлы Жеңісті айтпағанның өзінде.
Саттар Ерубаев романында суреттелетін уақыт бедері ол кезде
жасөспірім бала болсам да жүрегімде мықтап өрнектеліп қалыпты.
1937 жылдың зауалына дейін халық, менің түсінігімде, Кеңеске әй
кет әрі емес-ті. Шығыс Қазақстанның Жанама руднигінде тұра-
тынбыз. Мереке болды, халық, орыс-қазағы бар, бірін-бірі
меймандыққа шақырысып, көшеге шығып әндетіп, кернейлетіп-
сырнайлатып мәре-сәре болатын. Осының бәрі, әттегене, 1937
жылдан соң сап тыйылды. Рас, бертіндер ел-жұрт міндетті түрде
колонна-колонна боп сапқа тұрып, Ленин, Сталин портреттерін
көтеріп, Үкімет трибунасының алдынан өтетінбіз. Газет, радио
атаулы мерекені «совет халқы зор саяси және еңбек өрлеуі үстінде
қарсы алды» деп улап-шулап жатады. Жасанды сөз жүрекке
жетпейді. Мерекелік сапқа тұрып, Үкімет трибунасының алдынан
өтетін
уақытты
асыға
күтіп,
әлсін-әлі
сағатымызға
қарағыштаймыз. Тек бір адам, атақты жазушы Иван Петрович
Шухов самарқаулықтан ада сияқты. Жайбарақат. Біздей
аптықпайды. «Шөл» қысып бара жатса, фляжөгі бар, аузына тоса
қояды. Мұны көзі шалып қалған Ғафекең, Ғафу ақын табанда өлең
шығарсын.
Иван Шухов дегенің мына кісі,
Артында салбыраған флягісі.
Өзі ішіп, өзгелерге бермеген соң,
Адамның келеді екен жылағысы!
Бейжай жүзіміз жадырап, біраз күлісіп алдық. Осындай
аумалы-төкпелі Кеңес заманының мақтауын алабөтен асырса да,
Саттар романының қасиет-қадірі еш кеміген жоқ, бұрынғысынша
жүрегімнің төрінде. Мұның субъективтік қана емес, объективтік
жағы да бар. Табиғатында заты асыл дүние замана өзгерістеріне
қарай әр қырынан көрінбек. Бір қыры көнерсе, екіншісі жарқырап
шыға келмек. Саттар романындағы халықтар көсемі жөніндегі миф
құрдымға кетсе де, көңіл бірлейтін шындығы шәк келтірмейді.
Саттар 1937 жылдың орта белінде өз ажалынан сөнді. Кейде
басыңа күпір-сүпір ой келеді. Әйтеуір о дүниеге ертерек кеткен екен,
мұнысы өзіне бір есептен жақсы болды ма деген. Әйтпесе топ-топ
қаламдас аға-бауырларындай жазықсыздан-жазықсыз «халық
жауы» атанып, Итжеккенге айдалып, жә болмаса Сталин
жендеттерінің «үштігі» атып, иен шұқырларға тасталғандардың
қатарына ілігуі де екіталай емес еді. Сол жас перінің алғашқы
адымдарының өзі қандай әдемі басталып еді. Ол әдебиет табал-
дырығын аттасымен-ақ, сыры мен сыны келісті әңгіме, өлең-
жырлары, очерк, ойтолғақтары көп көңілінен шықты. «Социалистік
Қазақстан» газеті жазғандай, «...өзінің өткір тіл, өрісті ой,
жалынды сөздерімен бірден жазушылар жұртшылығының көңілін
аударды». Жиырма жасында-ақ тамаша пародияларымен,
балладаларымен Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев,
Мұхаметжан Қаратаев сынды ағаларының көзіне түсті. Бір кезде
өзі редактордың орынбасары болып істеген «Лениншіл жас» газеті
Саттар Ерубаев: «Өсіп келе жатқан жас жазушылардың ішіндегі
ең бір таланттысы еді» деп жазса, бұл әділ де әрлі бағаның маңызы
уақыт
өткен
сайын
арта
түспесе
кеміген
жоқ.
Жазушы жаңа қоғам құрылысшыларымен қоян-қолтық араласты.
Жүрегін тулатып толқытқан, қуанышқа бөлеген бақыттылар
туралы жырының геройы – солар. Саттар романы геройларының
бақыттылығы – өздері өмір сүрген уақытының шындығынан
туындайды. Жалғыз Саттар емес, ақын, жазушылардың бәрі
Советті алғады. Ұлтшылдық айыбы тағылып, социализм
игіліктерінен қағылған Мағжанның өзі «Жиегінде қорғасындай
көгімнің, Бүгін әне, бақыт таңы білінді» деп жырлады. Қасым ақын
«Советтік менің өз елім» деп тебіренді. Саттар Ерубаев туған
жеріне Батыс Европаның ешқандай халқы көрмеген жаңа өмір
құрыла бастағанын бұлжымас шындық санап, шабыттана жазды.
Шабыты аспан көкке, жалпы адамзаттық биіктерге самғады.
Сондықтан «Өмірге сүйген жардай ғашық болғандардың бірі –
менмін!» деген махаббатты сөздері бүгінгі бізге де дем береді.
Жас қаламның әр оқиғаны ойната білетіні, оқушы назарын бірден
үйіріп әкететін сындарлы композициясы қандай! Туынды
беташарының, романға апаратын жолдың «увертюра» аталуы
кездейсоқ емес. Увертюра – операның басты идеясы саналатыны
мәлім. Саттар Ерубаев романының идеясы, үн-сазы, назы бірден
баурап алатын ілкі сөйлемінен бас алады: «Менің бір жолдасым
болды. Ол қарап келе жатып, айқайлағым келеді, көрінген жұртты
құшақтап сүйгім келеді дейтін. Бақыттылықтан ғой деймін». Зер
салсаң, бұл роман туралы әңгіменің басы ғана емес, алтын арқауы
да. Саттарша – «Жаңа сезім». Жаңа сезім адамының айқайлағысы
келетіні – ашықтығы мен турашылдығынан. Ол өмірлік қуанышын
бағалай да, саралай да біледі. Бақытты болу бір басқа да, бақытты
тани білу бір басқа дейді. Романға апаратын жолдағы алғашқы
әңгіме «Терек пен қызыл гүл» сол бақыттану тақырыбынан. Терек
пен қызыл гүл айтысады. Бақыт мәні неде? Терек гүлге: мен өскелі
жүз жыл болды, әлі де жүз жасармын, ал сен болсаң бір күндіксің,
бір-ақ күндік өмірің бар деп күпсінеді. Бойына сеніп жылдан құр
қалған түйедей терек жүз жасаса да бақыттан мақұрым. Айнала
төңіректен басқа, ештеңе көрмейді, білмейді. Ал, қызыл гүл бір күн
жасаса да, ару қыздың қолында самолетпен аспанға ұшты,
жержүзілік мейрам күнін көркейтті. Шоқ гүл ұстағандарды
дүниежүзінің бәрі көрді... Айтыс қорытындысы айдан анық:
халқыңмен бірге бол, қуанышын бірге бөліс. Әнеки, бақыт дегенің сол.
Болашақ романның біраз кейіпкерлері, басы Рақмет болып теңіз
жағасында отыр. Төлеңгіт шайыр «Мәңгілік өмір» тақырыбында
жыр тиегін ағытады. Беташардың бұл екінші бөлімі Бақыт пен
Отан туралы жүз жиырма жолдай ұзақ өлеңнен тұрады. Менің
қаным миллионның тамырында ағады. Бір жүрегім миллионның
жүрегі боп соғады. Менің бақытым, қуанышым бүкіл елдік болады,
Мен жасасқан жаңа өмір жайнап өсед, жанады. Жаңа сезім
ерекшелігі қандай? Жаңа сезім саналы болуға тиіс. Бұл – бақытты-
лықтың басты категориясы. Саттардың көне грек философтарын
Ленинград кітапханаларында қадала оқығаны сөз тастасынан,
терең ойға бөккен стилінен байқалады. Сократтың мына бір пікірін
де басшылыққа алған тәрізді. Сократ сана маңызын толғау үстінде,
тіпті мынадай қорытындыға келген: «Кто говорит ложь
сознательно, лучший человек, чем тот, кто говорит ее по
невежеству...».
Сананы оятатын бірден-бір күш – кітап. Яки ХХ ғасырдың
отызыншы жылдарының қаламгері Саттар Ерубаев сонау Ыбырай
Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтан басталған ағартушылық-
демократиялық дәстүрді байыта түспекке талпыныс жасаған.
Жаңа сезімді жасұлан күнде кітап оқып, сөзіне қанығып, рухани
қазынасына олжа салудан айнымасын. Бақыт, басыма қашан
қонасың деп сарылып күтпесін. Бақыт құсын қолына қонуға мәжбүр
етсін. Орысшасы – «повелевать счастьем!». «Менің құрдастарым»
романының жас ұланға қояр талабы нарық қарбаласында кітап
оқушысын жоғалтып алған қазіргі бірқыдыру замандастарымыздың
құлағына тосаңдау естілсе де, болашағымызға ауадай қажет уағаз.
Экономика, жалпы ел тағдырын түбінде білім мен ғылым, рухани
құрал шешеді. Бұл мәселе 2050 Стратегиясында жайдан-жай
көтерілмеген болуға керек. Романға баратын жол әңгімесінің
барысында орыс кеңес жазушысы Юрий Олешаның есімі ауызға
алынады. Олеша – «индустрия» дәуірі адамның рухани әлемін
жүдетіп жібермес пе екен деп дабыл қағатын «Қызғаныш» –
«Зависть» атты романның (1927) авторы. Шығарманың бас
кейіпкері Рақмет «Студент Орлов менің қарындасым Верамен
жүретін еді» деген сөзінен «біртүрлі ашықтық, сырын жасыр-
маушылық» көрініп тұрғанын, ұнататынын айтады. Достық
құлаққағыстың мәнісі – роман шын жүректен, адал көңілмен
жазылуы тиіс. Шыншылдық, жүректегі ойларды бүкпесіз ақтару –
«Менің құрдастарымның» бойтұмар стилі. Роман ескі дүние мен
жаңа дүниені бір-біріне қарама-қарсы қойып суреттейді. Керіқалаң
панорама замана шындығын айқара ашып көрсетуге мүмкіндік
берген.
Рақмет «баяғыда қойшы болған, оның артынан инженер
атағын алып, Қарағандыда учаске начальнигі болған». Осы арнада
қыруар ақпарат, кино сценарийдегі сияқты бірін-бірі жиі
ауыстыратын кадрлар жаңа өмір нәріне қанықтырады.
Байдың, онан соң әкесінің таяғына жығылып жәбір көрген бала
Рақмет ұшты-күйлі жоғалады. Далада қаңғырып, адасып жүрген
жерінен тауып, қалаға алып келген, бірақ өзі қапыда жау оғынан
ауыр жарақаттанған Тұрар иек қағар алдында Рақметке: «Сенің
бұдан былайғы фамилияң Дәуірұлы болады, сонсоң сен менің балам
Сейтенді тауып, дос болыңдар деп өсиет айтады. Осы эпизод роман
сюжетінің қозғаушы құралына айналады. Оқырманын енді не болар
екен дегізіп ынтықтырады. Әкесі Төлеп пен баласы Рақмет, Рақмет
пен Сейтендердің табысар күнін аңсатады. Өткен заман мен жаңа
заманның ұштасу тарихы қызғылықты хикаяға айналады.
Сейтен ақын мен Рақмет, қазақтан шыққан тұңғыш музыкант қыз
Сағадат, осынау өңшең ақ жүрек кейіпкерлер арасы кіршіксіз.
Аздаған кінәмшілдіктері тез сейіледі. Дүниеқоңыз Ермек пен
намысқой Елемес бейнелері еңбек ер атандырады тақырыбы
аясында өрбиді. Жас жазушы кестесінде азынаулақ іркіс те
табылады. Жұмысшылар ортасынан жоғарылаған жаңа басшылар
бейнелері тым көмескі. Бірақ мұндай ара-тұра ұшырасатын
селкеулер тұтас бітімді романның бағасын түсіре алмайды.
Роман композициясында Күләнданың, Рақметтің апасының ауыр
тағдыры жайлары әлсін-әлі қайталанып отырады. Образ тақырыбы
қара күштердің зұлымдығын әшкерелеумен шектелмейді. Геройын
белгілі ақиқаттың шеңберінде ғана қонақтатса, ол Саттар Ерубаев
болмас еді. Күләнда тағдырына байланысты тоқылған өрнек
Гетенің «Фауст» трагедиясындағы ескілік пен жаңалықтың,
ұлылық пен бейшаралықтың арасындағы арақатынас, тартысты
еске түсіреді. Жасампаздық үлкен іс үшін патриархалды ескіліктің
жұрнағы – Филомен мен Бавкида секілді ғаріп қариялардың лашығын
күйретіп, құрбандыққа шалынуына ұқсас философиялық астарлы
жайлар Саттар романында жақсылық жаңалықтардың рәмізіндей
әсер қалдырады. Жаңа Қарағандыны салудың игі мақсаты жолына
Рақмет ең аяулысын құрбандыққа шалады. Жаңа тұрпатты
кейіпкер жылап-сықтап жүріп, апасының моласын бұзғызып,
құрылыс жүргіздіртуге мәжбүр болады. Адам тағдырына аяусыз
қарайтындар: ағылшын концессионерлері мен қазақ байлары бір жақ
та, жаңа өмір іргесін қалап жатқан «жаңа сезім» иелері
Рахметтер – екінші жақ. Сюжет сол ақ пен қараның ымырасыз
шиеленісіне құрылған. Қазіргі байлар – жұмыс берушілер, ал, бүгінгі
ағылшын империалистері – адам хұқының қорғаушылары екен деп,
Саттар жазған шындықты өтірікке шығаруға дәтің бармайды. Бір
қозысы жоғалған үшін әкелі-балалы Төлеп пен Рақметті дүрелеп,
адамшылығын аяққа таптайтын Долбыдай долы байлар
патриархалды қоғамда аз кездесті ме? Қазақтар «аққылшық»
атандырған ағылшынның шеңгелінен көп-көп отарлар құлдық
қамытынан босанса, оған соншама көп уақыт өте қойған жоқ.
Олардың қазақ дейтін қараңғы елдің Әліп, Шектібай, Бейсендей
бейнетқорларының еңбегін ақысыз-пұлсыз қанағаны, Рақметтің
апасы – Күләнданы сорлатқаны өткен заманның кешірілмес күнәсі.
«Менің құрдастарым» романы, тақырыптас басқа да кеңес
туындылары тәрізді, өткен сұмдықты жаңа өмір маңайына
жуытпауға шақырады. Романның бірталай жүгін арқалайтын
академик Вознесенскийдің образы зиялы қауым мен билік арасындағы
қатынастарды және интернационалдық тәрбие мәселесін шешуге
қомақты үлес қосады. Бір кезде Вознесенский: «Большевиктер
ғылымды, ғылым адамдарын бағалай алмайды» деген түсінікте
жүреді. Ол тіпті, Ленинград партия ұйымы жетекшілерінің бірі –
Макаровпен кездесуден бас тартады. Макаров сонда да академик
басқарған институттың мұң-мұқтажын өтеуге барын салады.
Сөйтіп, жер жүзіне аты шыққан ғалымның тілін табады.
Роман дәріптейтін жаңа сезімнің бір ерекшелігі, ұлттар
арасындағы достық сезімінің иланымды көрсетілуінде. Рақмет пен
қызы Лизаның сүйісіп отырғандарының үстінен шыққан
Вознесенский басында бұлан-талан ашуланады. Роман барысында
райдан қайтады. Орыс ғалымының дүниетанымындағы өзгерістерді
көрсету арқылы автор ұлттық һәм интернационалдық тақырыпқа
қатысты бірқатар мәселелерді орынын тауып қоя білген.
Роман композициясының ойдағыдай қалануы жаңа материалдың
жеткіліктілігіне, дәуір кескінін бейнелейтін адам типтерінің
қалыптасуына байланысты екені белгілі ақиқат. Жас жазушы
суреттеп отырған өмірдің ұңғыл-шұңғылына мейлінше қанық.
Шығарманың образдық жүйесі Қарағандының кешегісі мен
бүгінгісін, барлық әлеуметтік таптары мен топтарын қамтыған.
Оқиғалары Ленинград пен Қарағанды аралығында өтеді. Шалқар
кеңістік романның эпикалық алып құлашын жаза түскен. «Менің
құрдастарымның» бас кейіпкері Рақмет – қазақ әдебиетінде бұрын-
соңды кезікпеген герой. Өндіріс инженері. Характеріндегі сәулелі де,
көлеңкелі де сипаттар мейлінше қанық бейнеленген. Рақмет – идеал
герой емес. Кемшілігі бір басына жетіп жатыр. Әйтсе де оның өмір
сүрген уақытының күңгей жағын бойына молынан сіңірген жас ұлан
екендігі тайға таңба басқандай айқын көрініп тұрады. Рақмет
Ленинград оқуын бітірген. Атақты академик Вознесенскийдің
шәкірті. Фамилиясының Дәуірұлы аталуында үлкен мән бар. Рақмет
–
қазақ елінің өркениетке қол созған қайтпас-қайсар талабының
символы да, реалистік нақтылы көрінісі де. Ескішіл инженер
Кулевакин іші тар адам. Рақметтей қазақ жігітінің өскенін
жаратпайды. Іші күйетіні сондай, арамдық әрекет жасаудан
тайынбайды. Рақмет ұсынған бір жобаны жымқырудан жүзі
жанбайды. Қалалық партия комитетінің мәжілісінде қазақ
инженерін қомсынып сөз сөйлейді. Жастығын желеу етіп, ірі
шахтаның бас инженері қызметін қимайтындығын жасыра алмай
қылғынып тұр. Жиналыс басқарушы партком хатшысы – сергек
жан. Қара тілеу шовинизмге дереу тойтарыс береді. Жылы да
дәлелді пікірі Рақмет образы рөлін айқындай түседі.
–
Инженер Дәуірұлы біздің көмір пластыларымен жақсы
таныс, алып шахты идеясын көтеріп, оның түрлі есептерін былтыр
практикада жатып істеген. Инженер Дәуірұлы арнайы
тапсырмамен Донбаста сегіз ай жатып, алып шахтыларын тек-
серіп, біздің шахтының проектісін жасаған. Оны Москва, Алматы
сеніп жіберіп отыр. Сендер көмек бересіңдер. Шахтаны бүкіл
Қазақстан болып құрамыз». Қарағанды бассейнінде он шахты болса,
соның барлығының көмірін Рақмет жобалаған кәсіпорны бермек.
Жазушы қазақ жігітінің шын мәніндегі бүтін бір дәуірдің биігінен
көрінетін ірі тұлғасын өстіп нақтылы әрекеттері үстінде
көрсеткен. Және істейтін өндірісінің болып көрмеген қуаттылығын
суреттеу арқылы ғана емес. Бас кейіпкердің ішкі рухани әлемі
лирикалық
мәнерде
ойдағыдай
кескінделуі
себепті
де.
Рақмет өндіріс білгірі үстіне, өнер әлеміне асық. Роман геройының
бұл қасиеті салыстырма тәсілімен, сыртқы емес, ішкі жан
құбылысын көрсету жолымен суреттелген. «Ол (Рақмет– Ш.Е.)
көркемөнерді өзінің учаскесінен гөрі жақсы білетін еді. Көркем
әдебиеттің көмескі соқпақты жолымен штректе жүргендей боп
жүретін. Скрипка жөнінде сөйлесе, өзінің шахтерлік лампасы
жөнінде айтып тұр ғой дейтін ең». Романда орыс және дүниежүзі
классиктерінің есімдері жиі аталады. Бұл жағынан Саттар шығар-
масы филологиялық прозаның бастамасы болар ма деген ой келеді.
Дәрігер
досы
Ықыласқа
Рақмет
былайша
төгіледі:
« –
Мен орыс музыкасының ойыны туралы айтып отырмын. Орыс
композиторларының ішінде Балакирев – ең қызуы, Глинка – ең әсемі,
Римский-Корсаков – ең оқымыстысы, Бородин – ең тереңі.
Мусоргский – ең таланттысы...». Бәрекелді, жазушым! – деп, бұл
қалам сілтесіне сүйсініп отырғаныңда, шығарма оқыс бетбұрыс
жасайды. Жас автордың герой характеріндегі тосын белгілерді
ашудағы тәсіліне таңырқайсың. Шарап қызуымен Рақмет
«артықтау» кеткен... Рақмет далаға шығып, аз сергіген соң
«білгішсініп, көрмеген, оқымаған нәрсем жоқтай маңызданып,
айтпағаным қалмапты», деп өзін-өзі жатта сынап сөгеді.
Жазушы ғұмыр жасы ұзағырақ болғанда, бара-бара тағы бір текті
жанр – драматургияны да меңгеріп кетер ме еді, қайтер еді. Мына
диалогқа құлақ салып көрелік. «Үйлену тойына қатысуға келген
академик Вознесенский «Рақметке қадала қарап тұрып:
–
Мына Лиза не дейді, қарағым? – деді.
–
Лиза әшейін ойнап отырған ғой, енді жасаймыз... Лиза
орнынан тұрды.
–
Мен күйеуге шыққаным жоқ, шықпаймын да. Жасаса Рақмет
өзінің қатынына жасар. Онда менің не шаруам бар...
Рақмет қызарып сасып қалды.
–
Менің ешқандай балам да, әйелім де жоқ...Менің балам да,
әйелім де, әкем де, шешем де сен емессің бе?
–
Рақмет! Бірін-бірі жақсы көретін екі адамның махаббатын
уландырып бұздың. Ол екеуі енді бірін-бірі алдаумен өмір сүреді. Сен
осы қылмысыңды сезесің бе? – деді Лиза.
–
Неге сезбейін, осы қылмыс менің түбіме жетіп, жер бетінен
жұлып кететін түрі бар, – деді Рақмет». Рақмет бір қапылыста
дәрігер досының әйелі Дәмелімен көңіл қосып қойған болатын. Ол Дә-
мелінің ішкі жан сұлулығының сыртқа тепкен ажарына қызыққан
еді. «Дәмелі Лиза сияқты мінсіз, аса сұлу емес. Бірақ адам баласында
сирек ұшырайтын бір ерекше сүйкімділік Дәмеліде бар.
Дәмелінің бетіне қарағанда әппақ бет, қыр мұрын, оймақ ауыз
көрмейсің, жүректі қытықтайтын, теңіздей шалқыған бір қуаныш
сыр, сәуле көргендей боласың... Бір аса нәзік, әдемі музыка
есіткендей боласың...». Жазушы геройларына автор тарапынан
мінездеме беруден, ол мынадай, анадай адам еді деп құр баяндаудан
қашқақтайды.
Кейіпкерінің
белгілібір
іс-әрекетінен
өзге
геройларының характеріндегі бөлек сыр-сымбатын, кесек мінез
қасиеттерін оятады. Рақмет опасыздығы тақырыбы күтпеген
жерден Дәмелінің ер адам жүрегін лүпілдетер әйелдік сүйкімділігіне
тәнті етеді. Дәл сол тақырып аясында Ықылас тұлғасындағы асыл
адамгершілік қасиет кенет жалт ете түседі. Жаны мұрнының
ұшына келіп, толғатып жатқан Дәмелінің «Ықылас, бала сенікі
емес» деген сөзін өз аузынан естіген болатын. Сол сәтте түн
жамылған біреу Рақметті пышақтап кеткенін естиді. Ауруханаға
келгенде Рақметтің ес-түссіз талып жатқанын көріп, пендешілігі
ұстайды.
Әл үстіндегі Рақметтің тірі қалуынан жұрт күдер үзген
болатын.
«–
Менің де қолымнан келетін ештеңе жоқ», – дейді Ықылас
партия комитетінің хатшысына. Қызғаныш оты күйдіріп, өлім
аузындағы дос көріп жүрген Рақметке немқұрайды. Әлдебір
мезетте үстел үстіндегі газетке көзі түседі. Бірінші беттің оң жақ
бағанасында Рақметтің портреті басылыпты. Астына «Отанның
ардақты адамы» деп жазып қойыпты. Ықылас орнынан атып
тұрады. Жаңағы пендешілігі есіне түсіп, жүрегі су ете түседі. –
Отанның ардақты адамын өлтірмекшімін бе? – деп ышқына
айқайлайды. Рақметті өлім аузынан жұлып алады. «Алтынды
жерден қаз, шыға берсе, белден қаз» дегендей, жазушы енді сол
оқиғаның бақыттылар жырын бұзған, бұзбағанын анықтауға
көшеді. Рақметтің опасыздығы үйлену тойын жасамақ ниеттегі екі
ғашық жоспарын күл-талқан етті. Лиза сүйгенінің сұмдық
қылығына күйініп, инженер Щербакпен қолтықтасып жүруді
шығарады...
Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойында «Айттым сәлем,
қаламқас» әнін Шыңғыстаудың беткейінің бірінде 1000 қыз бен
жігіт хоры шырқатты. Сондайда көңіл шіркін, еріксіз күбірлейді
екен: махаббат – өлшеусіз бақыт. Жақсылыққа, игілікке ғана
бастайтын сезім. Саттар Ерубаев – прозаның ақыны. Ленинград
түлегі. Ленинградтың тарих-философия-лингвистика факультетін
бітіргені ақындық шабытына пәлсапашылдық қасиет қосқан. Ішіне
түйген сырында сезім мен ойы, пәлсапасы қабат өріледі. Нәтижеде
әсемдікке, сұлулыққа құштарлық эстетикасы баурайды. «Менің
құрдастарымды» оқып отырғаныңда маңайыңдағы дүние жалт-
жұлт
жайнайды.
Жүрегіңе
тәтті
арман
ұялатады.
Саттар Ерубаев – қазақ әдебиетінде реализмдегі романтиктер,
романтикадағы реалистер стилін дүниеге келтірді. Осы стиль
кейіндер, әсіресе, Ұлы Отан соғысының от-жалынында шыңдала
түсті. Баубек Бұлқышев «Комсомольская правда» газетіндей
бүкілодақтық мінберден бақыттың өзі боп сөйледі. Қасым
Аманжолов «Абдолла» поэмасында «ғашық жардай қайран өмір»
үшін жанын қиған қазақ солдатын бақыттылар санатына қосты.
Ақыл мен ой, жүрек пен жан тұтас толғанып үн қосатын стильді
тылдағы Мұқан Иманжанов, соғыстан оралған «кіші командир»
Әзілхан Нұршайықовтар дамытты. Сол стиль Ғабит Мүсіреповтің
дуалы аузымен «Майданнан соққан жаңа леп» делінді. Даңқты сөз
зергері туған әдебиетіміздің тағы бір соны белеске көтерілгенін паш
етті.
«Менің құрдастарым» романы қазақ әдебиетінің айтулы
шығармасы. Роман туындыгері Саттар Ерубаев – Қазақстан
комсомолы сыйлығының тұңғыш лауреаты атанды. Оған «Құрыш
қалай шынықты?» романының авторы Николай Островскийдің
атындағы сыйлық берілуінің біздіңше және бір себебін айта кеткен
жөн. Саттар Ерубаев – даңқты мектебі бар жазушы.
Біраз сөз – роман финалы хақында. Ақырғы эпизодта шахтадағы
авариядан ауруханаға түсіп, одан қашып шығып, кенші Бейсен
Рақметті пышақтаған жауыздың аты-жөнін хабарлайды.
Осы эпизодтың алдында Лиза ауруханаға келген болатын. Ықылас
дәрігердің: «Рақмет кіміңіз болады?» деген сұрағына Лизаның
аузына жалғыз сөз түседі.
–
Күйеуім. Үлкен махаббат қандайда сынға шыдамақ. Рақмет
пен Лиза түсініспей қаншама әуре-сарсаңға түсіп жүрсе де,
бақытты жастар. Екі жастың соншама нәзік, соншама таза
сүйіспеншіліктерінің өзі бақыт. Романның өндірістік тақырыбы да
сәтімен шешілетінін айту міндет. Бұрынғы шахталарды өнімділігі
жағынан он орайтын, пласталарда көмір кесетін машиналары бар,
орталық штрегі электр жарығымен күндізгідей жарық жаңа шахта
1–
Май мерекесіне дейін іске қосылмақ. Ендігі жетпей тұрғаны –
ғашық кейіпкерлердің қосылып той істеп, мұраттарына жетуі ғана
секілді еді. Бірақ сондай финал роман жанры үшін міндетті ме?
Жоқ, олай деуге келмейді. Жазушы Саттар Ерубаевтың шығармасы
не айтпағын негізінен сарқып болғандықтан даусыз қорытынды
туады: «Менің құрдастарым» – толыққанды роман. Әлбетте,
бақыттылар жыры – шексіз, шетсіз хикаят. Дүниеде қаншама ақын
жырласа да, қаншама жазушы жазса да, өрнектеп тауыса алмаған
тақырып. Сондықтан ба, Саттар Ерубаев жетекші жанр–
романмен бір уақытта дерлік туғызған «Бақыт», «Мәңгілік өмір»,
«Өмір келбеті», «Келесі соғыс туралы» новеллаларында бақыт
мәселесін күн тәртібінен түсірмеген. Академиктің келесі соғыс
туралы қиял толқыны тоқтап, лабораториясының шамы жанғанда
Рақмет қалың ойға шомып, қасындағы жолдасының алдына түсіп
кетіп қалады. Лиза сол жолдасының құлағына сыбырлап:
«–
Рақметке айт, кешке келіп кетсін. Мені келіп сүйіп кетсін, – деді.
–
Қазір ше?
–
Әдейі келмесе сүйгізем бе?».
Аталмыш новеллаға қарағанда, Рақмет сауығып, қайын
атасының үйіне барғыштап жүр. Романға ең соңғы нүктені «Келесі
соғыс туралы» новелла қойған болып шығады...
«Менің құрдастарым» романының авторына өз басым
мәдениетті прозаның егінін еккені, ұлтының төменнен жоғарыға
ұмтылған талабын мадақтағаны, өмірге ғашықтығы үшін бас
иемін. Жазушының Жаңа сезім туралы туындысын оқып, мәңгілік
өмір мәнін түсінуге аңсары ауған талай дәуір перзенттері Саттар
Ерубаевтың құрдастарындай бақыт табатыны кәміл.
Шериаздан Елеукенов
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
«Арманының ақ желкені асқақтап»
тақырыбына арналып жасалған
әдеби кешінің сценарийі
Кеш өтенін залды безендіріп, Саттар Ерубаев туралы осы кеш
аттас кітап көрмесін ұйымдастыруға болады.
1–
Жүргізуші: Ұлы ақын Абай:
«Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Артында сөзін менен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенге боларсың тең!»
Қандай тауып айтқан десеңізші! Әдебиет әлемінде талай
қыршын жас ақын, жазушы «Құйрықты жұлдыздай» жалт етіп
ағып өткені мәлім. Бірақ солардың ішінде қысқа өмірімен, өз халқы
алдындағы перзенттік борышын ақтап кеткен сол асыл жастардың
бірі-Саттар Ерубаев.
2-
Жүргізуші: Біздің бүгінгі кештегі мақсатымыз Саттар
Ерубаевтың өмірін бастан-аяқ баяндау емес, қазақ әдебиетін
оқушыларға, әсіресе балаларға, оңың өмірін, адамшылық тұлғасын,
ақындық талантының шеңберін дұрыс ұғындырып, ой салып, есте
қалдырсақ демекпіз. Саттар өз шығармаларында «Мен Түркістанда,
әлемге белгілі Қожа Ахмет Яссауидің түбінде тудым. Әкем де
шешем де асқан ақын адамдар болған», - демекші ол он жасына дейін
әкесі Асқар мен шешесі Бапаның тәрбиесінде болған. Ерлі-зайыпты
екеуі де ақын, меймандас, сауыққой, бұл үйден қашанда өлең – жыр
үзілмеген. Саттар оның көбін жаттап айтқан, ең алғашқы әріпті
үйретіп, оқуға баулыған да өз әке-шешесі. Баласының зеректігі мен
дарындылығын сезген ата-ана оны Түркістан қаласындағы Абай
бастауыш мектебіне оқуға береді
1-
Жүргізуші: Саттар кітапты көп оқитын және тез оқитын.
Оқушы: «Ауылыма өлмеушілік мен әкеле жатыр ем,
Анау әне жәшіктегі кітаптарді оқып па ең?
Ол кітаптар көсемдердің еңбегі,
Ол еңбектер мәңгі жасау, өлшеушілік өрнегі.
Сол еңбегі өлмейтұғын, өшпейтұғын ағатай,
Мен ауылға алып келе жатыр едім шаршамай.
Жеткізбестен тап дұшпаны жол үстінде сұлатты,
Бірақ жауға мен бермедім өлмейтұғын кітапты.
Мен өлермін алтын күннің шығуына қарамай,
Ауылыма кітаптарды жеткізіп бер ағатай»-деп
Саттар Ерубаев өзінің «Мәнгілік өмір туралы жыр» атты өлеңінде
жырлағандай, оның қазақ әдебиетінен оқымағаны қалмады.
Айрықша баулап жүрген ешкімі болмаса да, жарып шыққан
таланты оны дамыл таптырмаушы еді. Ол өлеңді 12-13 жасынан
бастап жаза бастады. Сондағы өлеңдерінің аттары «Алақожа
ата», «Жеті ата», «Шекшек ата», «Алақоржын», «Кірбазар» т.б.
бұлар халықтың өмірін бейнелейтін өлеңдер болатын.
2-
Жүргізуші: Саттар жеті жылдық біліммен орысшаны
шалағана біліп, Ленинградтың орыс әдебиеті институтына түсіп,
оны жиырмаға жетер-жетпестен бітіріп шықты, балалар
байқадыңдарма «жиырмаға жетер-жетпестен», ол Ленинградтан
қайтқаннан кейін сұлу поэзияның жан тебірентерлік лириканың өкілі
болуды көздеді.
Өлке!
Жиырма жылдың бойында,
Өсіп ем-ау қойнында,
Бірақ кетіп оқуға,
Жырлар жырлап бермеп ем,
Өзгерістер жайында, - деп жас талант өзінің
өлкесіне борыштар екенін сезіне, мойындай оралады. Өлеңдерінің
тақырыбы сол кездегі Қазақстанның зор өзгерістері мен ұлы істерін
жырлауға арналады. Ол «поэзияның зор қару» екендігін айта келіп:
«Өлеңменен өлкеме көмегімді бере алам, - деп қуанады»
1-
Жүргізуші: Саттар Ерубаев ақындық әперген поэзиялық
шығарма-баллада. Ал, ол кезде біздің қазақ әдебиетінде баллада жазу
дәстүрі кенжелеу болатын. Осы баллада әдебиетімізге Саттар
арқылы кірді. Баллада дегеніміз балалар, сюжетті лироэпикалық
шағын көлемді шығарма, поэзияның бір саласы.
Ол «Өмір туралы рапорт», «Меруерт алқа», «Күзгі фрагмент»,
«Үш шахтер туралы баллада» жазды. Енді балалар, ақынның «Үш
шахтер туралы» балладасын тындайық.
1-
оқушы: (шахтер):
Жер астында, жер бетінде атақты
Қарағанды жалғыз менің атымменен атапты.
10 минутте вагон көмір – қуанышты жөнелтем.
Шахты күтед қараңғыда: «Маған қашан келмек» деп
Гудок тағы айқайлайды жаса, жаса еңбек деп
2-
оқушы: (2 шахтер):
Мені Отан отыз өлшеп, отыз сынап байқады.
Мен келгенде көп вагондар бәйге атындай жарысады,
Вагончиктер су боп терлеп ауыздықпен алысад,
Түскеннен соң ие болып атағына даланың,
Жеті қабат жер астының билігін қолға аламын.
Отан айтса: мынау жердің маған әпер тастарын,
Құс сойғандай қопарамын жеті қабат астарын,
Міне, шықтым Қарағанды қаласына аттап-ақ,
Атағыммен астанаға құстай ұшып барғанмын.
3-
оқушы: (3 шахтер):
Отанымның түкпірлері мені тегіс біледі.
Мен түскенде шахта астына сындырғандай ырғайды,
Мен түскенде сағат құсап жер өмірі тыңбайды,
Бүкіл елім құлақ түріп қимылымды тыңдайды,
Алпыс вагон, алты уысыма толмайды.
Әрбір күні мен шыққанда талқан қылып таудайды,
Жер бетінде әрбір күні көмір-қала орнайды,
Ақын тұрып еңбек жырын, мен туралы жырлайды.
Ұлы Отаным мен туралы күрес күйін толғайды.
Міне балалар, үш шахтердің еңбектерін Саттар осылай деп
жырлаған. Өзінің аз ғана өмірінде 20 шақты поэзиялық
шығармалырымен ақындық атаққа ие болған.
2-
Жүргізуші: Саттар Ерубаев – саналы қысқа өмірін өте
жемісті өткізген азамат. Абай аталарың айтқандай, дүниенің
кетігін тауып, кірпіш боп қалануды көздеп, көп еңбек етіп, бір қатар
публицистикалық шығармалар жазған нағыз журналист болған. Ол
«Социалды Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақ
әдебиет», газеттерінің бетінде, «Ақындырға ашық хаттар»,
«Көркем өнер туралы хат», «Не айтар еді?» атты мақалалар
жазды. Бұл шығармаларында поэзияны ойла да көркем ету, комедия
жанрын тудыру, әсіресе жас жеткіншек балалар үшін шығармалар
жазу мәселесін көтерді
1-
Жүргізуші: Осы мақалаларының ішіндегі «Не айтар еді?»
шығармасын балалардың орындауында тыңдап көрелік. (Театрлаған
қойылым көрсетілетін жерді күні бұрын дайындап қою керек. Ол
шағын бөлме ретінде, оның төрт жағында 9 жасар қыз бала үлкен,
қалың кітаптарды бірінен соң бірі алып ақтарады, әлденені іздейді,
ал жанында үстелде жазу жазып әкесі отыр.)
Әкесі: Неге күрсіңдің, қалқам?
Қызы: Маған сүреті бар, қызық кітап керек.
Әкесі: Кітаптардың бар еді ғой.
Қызы: Папа-ау, ескі кітаптарым жыртылып қалған, жаңа
кітабым жоқ.
Әкесі: Әнеукүні «Қарағанды», «Дүз» деген кітаптар әкеліп
беріп едім ғой.
Қызы: Олар қызық емес.
Әкесі: Енді қандай кітап керек? Ә ... әлгі... «Орақ», - сосын
«Малта»...
Қызы: Сондай кітап керек, Папа!
Әкесі: Қалқам, ондай кітап жазатын Асқар ағаң еді, соңғы
кезде ол да балаларды ұмытып барады. Сабит, Мұхтар, Ғабит
ағаларын балаларға арнап кітап жазған емес, әлде балалар туралы
жазу ұсақ, өнімсіз дей ме екен?
Қызы: Папа-ау, оларға ешкім балаларға кітап жазбайсың деп
ұрыспай ма?
Әкесі: Ұрсады, қалқам ертең жазушылардың үлкен жиналысы
болады. Онда әркім өз ісіне есеп береді, сұрақтар қойылады. Сонда
олар балалар әдебиеті туралы не дер екен, тыңдармын-ау.
Міне, балалар осындай сұрақтарынан Саттар Ерубаевтың
қазақ әдебиетінің жетік білітіндігін, оның өзекті проблемалары мен
даму бағдарын дұрыс аңғара алғандарын, әлі күнге дейін осы
сұрақтардың өз мәнін жоғалтпағанын және оның білімі мол сыншы
екендігін көрем.
С.Ерубаев 1934 жылы Қарағандыға, қайнаған еңбек ортасына
келгеніне қатты қуанған. Сол тұста жазған бір күнделігінде
Саттар: "Мен Қарағандыға ризамын, ол мені жазушы етіп
шығаратын болды!” депті. Қарағанды оны жазушы етіп шығарды.
Саттар әдебиет сүйер қауымға мәлім "Менің құрдастарым”
ромнын дәл осы кезде жаза бастаған еді. Бұл роман қазақ жұмысшы
табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдардағы Қарағанды
сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен,
алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін
сомдаған туынды.
Қарағандыда болған кезінде С.Ерубаев басқа да көптеген
новеллалар, балладалар, өлеңдер, очерктер сын мақалалар жазады.
Оның қаламынан "Бақыт”, "Мәңгілік өмір”, "Өмір көркемдігі”,
"Келесі соғыс туралы” новеллалары, "Өмір туралы рапорт”, "Үш
шахтер туралы баллада”, "Меруерт алқа” тәрізді балладалары,
алуан өлеңдері мен сын мақалалары, очерктері мен эпиграммалары
өзіндік өзгеше үнімен, жүрек жарды лебімен, мөлдір
сыршылдығымен. Қалтқысыз шыншылдығымен қазір де қайран
қалдырады.
Аяқталмаған "Менің құрдастарым” романы бүгінгі күні де
халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәңгі жас шығарма.
Саттар шығармаларынан рухани нәр ғана емес, Саттардың өзі
жайында да көп мағұлмат табуға болады.
Жарық жұлдыздай жарқырай ағып өткен қас-қағым
тіршілігінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсетті.
Артына көлемі шағын болса да салмақты, құнды әдеби мұра
қалдырды. Оның қазақ кеңес әдебиетінде бірінші болып игерген жаңа
жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары
мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді.
С.Ерубаев М.Жанғожинмен бірігіп мектеп оқушыларына
арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясын құрастырды. Сонымен
қоса аудармашылықпен де шұғылданған. Ол К.Чуковскийдің,
Ю.Березиннің, А.Суриковтың, И.Эренбургтің кейбір шығармаларын
қазақ тіліне аударған.
Мұнда ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық
институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар
окиды.
Бірақ бойын әбден мендеп алған ауыр дерт Саттарды 1937
жылдың екінші маусымында Алматы қаласындағы Турксиб
ауруханасында көз жұмғызды. Онда ол бар болғаны 24 жаста еді.
С.Ерубаев әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндеп, жарқырап
кірді. Ол астанадағы зиялы қауымды жан-жақты біліммен,
журналистика саласындағы білікті ізденістермен әдебиеттегі
жаңашыл сыни ой-пікірмен, жаңаша жазылған өлең, баллада,
пародиялырымен елең еткізді.
2-
Жүргізуші: Саттар Ерубаев өрістеген ойды, қиялды, өмірді
шынайы да қомақты көрсетуге мүмкіндік беретін прозаға ерекше
ден қойып, әдебиетіміздің алтын қазынасына өзінің бірнеше
новеллалары мен атақты «Менің құрдастарым» романын қосты. Ол
«Менің құрдастарымды» жазудан бұрын өзінің қаламын прозаның
кіші түрлері арқылы ұштап алды. Оның «Өмір келбеті», «Төрт қыз»
деген очерктерінде нақтылы өмір шындығының мәнді құбылыстары
іріктелініп аланып тартымды суреттелген. Ал «Бақыт», «Өмір
көркемдігі», «Мәңгілік өмір» новеллаларында жастарды өздеріңдей
балаларды бақытты өмір сүру үшін күресу керектігін, Отанды
сүюге, адал еңбек етуге шақырады.
1-
Жүргізуші: Өмір шындығы – көркем әдебиеттің негізі екенін
жете түсінген Саттар Ерубаев, қиялдан күшті шындықты шынайы
қалпында қомақты етіп суреттеу үшін романға ден қойды «Менің
құрдастарым» - оның көлемді тұнғыш та ақырғы шығармасы.
Романда Қарағандының өткендегісі мен бүгінгісі нақтылы
суреттеліп, қаланып жатқан алып комбинат – шахта құрлыстары
арқылы көркемділік нанымдылықпен, ал жарқын болашағы ұшқыр
қиял арқылы баяндалады. Байырғы шахтерлер мен жастардың
еңбегі шынайы қалпында әсерлі бейнеленген. Саттар Ерубаевтың
сонау 30-жылдары қиялдағандарының бүгінгі Қарағандыда жүзеге
асқанын көрген уақытта, оған біз балалар өзіміз куәміз, жазушының
өршіл романтикасының творчествалық мүмкіндігін анық
танығандай боламыз.
2-
Жүргізуші: Сонымен, балалар Саттар Ерубаев көркем
прозамен қатар адам жанын тебірентетін поэзияның да өкілі бола
білді. Өз заманының көкейкесті мәселелерін жаза біліуде ол қазақ
публицистерінің алдыңғы қатарында болды. Осылайша, аз өмірінде
көп еңбек етіп, артына жастық жалынға, шығармашылық
шабықта, өршіл романтиқаға толы еңбектерін тастап, қазақ
әдебиетінің қасиеті төрінен жазушы ретінде өзіне тиісті орнын
алды. Ия, балалар, сендер үшін Саттар Ерубаев өмірінен, оның
еңбеккерлігінен, табандылығынан үлгі алу – үлкен парыз.
Саттар Ерубаев «Менің құрдастарым» романында көмір
өндірісінің қайнаған өміріне терең үніліп, жас қазақ инженерлері
мен жұмысшыларының өсу жолын, өмір шындығын, адамдар
арасындағы адамгершілікті суреттеген. Бас кейіпкерлер Рақмет пен
Лиза арқылы жаны таза, білімді, жігерлі жандардың бейнесін кейнгі
ұрпаққа үлгі етіп ұсынады. Осы роман бойынша 9 сынып
оқырмандарымен талдау ұйымдастыруға болады. . 1966 жылы
Саттар Ерубаевқа Қазақстан Ленин комсомолы атындағы сыйлық
берілді. Түркістан қаласында Саттар мұражайы бар. Қарағандыда
Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді.
Саттар Ерубаев онлайнда
Саттар Ерубаев құрметіне ескерткіш ашылды
Тасбейнедегі қолтықтаған кітабын көріп-ақ, ақынның өмірі
мен өлеңінің егіз екенін аңғаруға ... Айта кетейік, бүгінде осы
Саттар Ерубаев атындағы №24 мектепте 1000-нан аса шәкірт
білім...-Дерек көзі: ›2013/10/қalamger-sattar-erubaev…
Саттар Ерубаев 100-ге толды
Жалпы, Саттар Ерубаев қазақ әдебиетіне үлкен олжа салған
қарымды қаламгер. ... саласындағы ізденістермен, әдебиеттегі
жаңашыл сыни ой-пікірімен, жаңаша жазылған өлең, баллада. -
Дерек көзі: aynaline.kz›beforeapril/2014…sattar-erubaev-100…
Саттар Ерубаев — Авторлар — Kitap.kz
Саттардың бір қызығы - ол өзінің өлеңдерімен қатар прозалық
шығармасын да жатқа айта беретін. Кейінірек «Ме...-Дерек көзі:
kitap.kzauthor sattar_erubaev
Әдебиет порталы Ерубаев Саттар (1914ndash;1937) -
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған.
Алдымен ауыл молдасынан ескіше сауат ашқан. Түркістан
жетіжылдық мектебін бітіріп, сонда...-Дерек көзі: adebiportal.kz
Авторлар›erubaev-sattar
«Бір адамның бір өмірі маған аз ғой деуші едім…» | «Ана тілі»
Ұлт газеті Сондай-ақ, Саттар Ерубаев туа біткен дарынды ақын
ғой. Ол қара сөзді құйысқанда, өз уысында ұстай білсе, өлең сөзді
өрге сүйреп өрнектеп, шыңға шығара білді. -Дерек көзі: anatili.kz
Қазақ әдебиетi Барлық деректерде Саттар Ерубаев 1914
жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ... Енді өлеңін оқиық: «Өмір
деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім, Өлім деген суық сөздің
тілінде мен жүр едім. -Дерек көзі: writers.kz
Комсомол колхозында қызмет істейді. Саттар Ерубаев өзінің
«
Мәңгілік өмір туралы жыр» атты өлеңінде жырлағандай, оның
қазақ әдебиетінен оқымағаны қалмады. ... Мен түскенде сағат құсап
жер өмірі тыңбайды –Дерек көзі: reftrend.ru
Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ. БАҚЫТТЫЛАР ТУРАЛЫ РОМАН
qasym.kz -
Дауылпаз ақын атындағы әдеби портал...-Дерек көзі:
qasym.kz›index.
Мәңгі жас, мәңгі құрдас Романдағы жастар өмірі – төңкеріс
алға тартқан дәстүрлерге адалдықтың нақты көрінісі. ... Өмірден
қыршын кеткен мәңгі жас Саттар Ерубаев өткен ғасыр тереңінен,
«Менің...-Дерек көзі: serke.org›news/mengі-zhas-mengі-kurdas
Түркістанда Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай
республикалық жыр... Ол үшін жазба ақындар бұрын еш жерде
жарияланбаған екі өлеңін жіберуі керек. ... сыр шертіп, артына
өшпес із қалдырған, жалындап өткен жас ғұмыр Саттар Ерубаев
туралы жырлағыңыз...-Дерек көзі: qiyan.kz
Ұмытылмас тарихи тұлға ...бірі-Ерубаев Саттардың
жастық өмірімен шынайы шығармаларына хат танығаннан бері
іңкәр болған өзім, сон-а-у 1966 жылы ол туралы бірнеше өлеңмен
баллада жазып, «Лениншіл жас» ... Дерек көзі: sozak-uni.kz›
index.php/83-audan-zha-aly-tary
Мазмұны
1.
Құрастырушыдан
2
2.
Алғы сөз
3
3.
Өмірдерек
4
4.
Жарық көрген еңбектері
7
5.
С.Ерубаевтың өмірі мен ол туралы
11
6.
«Арманның ақ желкені асқақтап»
Тақырыбына арналып жасалған әдеби кешінің
сценариі
38
7.
С.Ерубаев онлайнда
44
Жауапты:
ОҒӘК директоры Парымбекова З.С.
Редакторы:
Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің
басшысы Алдабергенова С.А.
Құрастырушы:
Библиограф Сейтбекова С.Н.
Көркемдеуші:
Бағдарламаны сақтау маманы
Керимбаев О.
Мекен жайы:
Шымкент қаласы,
Облыстық ғылыми-әмбебап
кітапханасы, Нұрсәт мөлтек ауданы,
Астана даңғылы, 8
E-mail:
otyrar-nursat@mail.ru
Document Outline - Библиографиялық көрсеткіш
- Жастық пен бақыт жаршысы
- Библиографиялық көрсеткіш
- Библиографиялық көрсеткіш
Достарыңызбен бөлісу: |