Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»



жүктеу 2.22 Mb.
Pdf просмотр
бет9/20
Дата15.03.2017
өлшемі2.22 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Шәйх Ниязи Мысри (құддисә сирруһ):
«Халық ішінде айнамын.
Әркім кдрап, бір сәт көрер.
Не көрсе де, өзін көреді;
Кейбірі жақсы, кейбірі жаман көреді,»
-  деген  шумағында  көңілдің  айна  болғандығын  тамаша 
баяндайды. Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Біреу ренжиді, немесе біреу ұялар деп, айна мен таразы 
шындықты айтудан бас тарта ма?»
«Айнада, таразы да бір өлшем. Оларға жүз жыл қызмет 
етіп "Көңілім үшін шындықты жасыр, артық көрсет, кем-
шілікті көрсетпе!» - деп жалынсаң, олар саған былай деп 
жауап  береді:  «Адамдарды  күлдірме.  Айна  мен  таразыға 
қулық  жасауға  бола  ма?  Біз  шыншыл  болмасақ  Аллаһ 
ақиқаттардың біз арқылы танылуын қалар ма еді?»
Науқас, жаралы адам, қалайша өзін емдей алмай дәрігер 
іздейтін  болса,  мінез-құлқы  науқас,  рухани  жаралы  адам-
дар да мінез-құлық дәрігерінің, яғни кәміл мүршидтің емін 
алуға мәжбүр.
Кемелдікке  жеттім  деп  ойлаған  адамдар  сырттай  кіші-
пейілдік  танытуға  тырысады.  Әлсіздігі  мен  кемшілігі  ту-
рапы  айтады.  Алайда,  бұл  істегендері  шынайы  емес.  Тек 
көрсету  үшін.  Біраз  тесіп  жақындасаң,  тәкәппарлық  пен 
мақтанышқа толы жүректі көресің. Хазіреті Мәуләнә:
«Осы мендік пен тәкәппарлықтан тазару үшін бір кәміл 
мүршидтің көмегі мен фәйізі қажет», - дейді.
Кейбір  адамдар  тек  кітап  оқу  арқылы  ғана  нәпсісін 
тәрбиелеп,  тәкәппарлық,  менмендіктен  арыламыз  деп  ой-
лайды.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 119 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Мұндай  әрекет  ракпен  ауырған  адамның  медицина  кі-
табын  оқып,  өзін  емдегені  сияқты  болады.  Дәрігерлер  де 
өздері  ауырған  кезде  басқа  дәрігерге  емделеді.  Өйткені, 
адам өз ауруын емдей алмайды. Бұл бір субъективтік нәрсе. 
Ешбір қазы өзіне байланысты үкім шығара алмайды. Басқа 
қазының құзырына барғаны жөн.
Ақиқатты тек өзінің тар түсінігімен көруге тырысатын-
дар  -  аспанда  үшқан  құстың  жердегі  көлеңкесін  ұстамақ 
болған  бала  сияқты.  Бишара,  ақырында  күш-қуаты  бітіп, 
босқа  ентігеді,  құстың  аспанда  ұшып  жүргенін  білмейді. 
Ойланбайды  да.  Қайтадан  жердегі  келеңкесін  қуалайды. 
Сол ақымақ аңшы тоқтамай құстың жердегі көлеңкесін ата-
ды. Ақыры, барлық оғы бітсе де, қашқан көлеңкені бәрі бір 
ата алмайды.
Міне осылайша қаншама адам емір қоржынындағы алтын-
дай құнды уақыт оқтарын осылайша тауысқан. Балалардың 
пластик  ойыншықтарга  апданып  уақыт  өткізгені  сияқты. 
Дүниеге алданған ақымақ соңынан қуған көлеңкенің негі-
зінде Хақ Тағаланың есімдері мен сипаттарының шағылуы 
екендігін  білмейді.  Сондықтан  негізгі  нәрсені  тастап, 
қиялдың  соңынан  қуу  -  емірді  босқа  жұмсап,  жүректі 
қараңғыда қалдырудан басқа ештеңе емес.
Адамды осындай алдамшы қиялдың соңынан жүгіруден 
Аллаһтың қас құлдары, рухани жол көрсетушілер, құтқара 
алады. Өйткені олар -жер бетіндегі Аллаһтың нұрлары.
Ақылды  адам  ақыл  жетпесе  қиялдың  соңында  уақыт 
жұмсаудан  өзін  қорғау  үшін  сол  Хақ  достарының  жолына 
түсуі керек.
Тәкәппарлық,  менмендік  және  мақтаншақтық  сезім-
дері  адамның  ішіне  жұлдыз  сияқты  қадалған.  Адамның 
тәкәппарлануы,  өзін  жоғары  санаудан  туындайды.  Бірақ 
адам  хақ  жолға  түскен  жағдайда  осы  қасиеттердің  шы-
найы түрде Аллаһқа тән екендігін түсінеді. Өзіндегі барлық 
нәрсенің  Аллаһ  (жәллә  жәләлуһу)  тарапынан  оған  аманат 
ретінде берілгендігін көреді.

- 120 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Зәйд бин Харисә (радиаллаһу анһу) Хазіреті Пайғамбар-
дың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  азат  еткен  құлы  еді. 
Оны  Хазіреті  Хадиша  анамыз  сатып  алып,  Расулұллаһқа 
сыйлаған,  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  оны  азат  еткен  еді.  Бірақ,  Зәйд  (радиаллаһу  анһу) 
Аллаһ  Расулынан  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  көрген 
теңдессіз  ахлақ  пен  парасаттылығы  үшін  одан  айырыла 
алмай,  оған  қызмет  ету  ол  үшін  ерекше  нығмет  әрі  абы-
рой екендігін түсінген еді. Тіпті оны тауып, қасына келген 
әкесіне еріп қайтпай:
«Уа,  Расулаллаһ!  Менің  барым  сенсің!  Жер  бетінде  се-
нен  артық  ешкімім  жоқ,»  -  деп,  Хазіреті  Пайғамбардың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  қасында  құл  болуды  Одан 
бөлекалыстағы, барлық еркіңдікген артық көрген.
Сол себепті Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оны артығымен ұнатып, көңіл бөліп, оған ілтипат ететін. Ха-
зіреті  Зәйд  (радиаллаһу  анһу)  Расулүллаһтың  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  сұхбаттарында  шабытқа  толып,  нұрға 
қарық болатын.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Иман бағың гүлдеген болса, мұның белгісі не? Көрсет!» 
- деп сұрағанда, Зәйд (радиаллаһу анһу):
«Дүниеден бас тартқан соң күндіз сусыз, түнде ұйқысыз 
өмір сүретін болдым. Оқ қалқаннан қалай өтсе, мен де күн 
мен түндерден солай өттім. Хаққал-Яқин сырына көз жет-
кіздім.  Ол  жерде  уақыт  деген  ұғым  жоқ  екендігін  көрдім! 
Бір  ғасыр  мен  бір  сағаттың  айырмашылығы  жоқ!  Барлық 
көрінген нәрсе бір Аллаһтың көрінісі ғана. Ол жерде таң да, 
кеш те жоқ! Ежелгі мен мәңгілік бір-біріне аралас, әлемнің 
басы мен соңы бірдей! Ол жер - мына аздаған ақылдың ша-
масы  жетпей,  жолда  қапатын  мекенсіз,  уақытсыз  әлем, 
Міне, сол жерде Раббымның ғарышын айқын көргендей бол-
дым. Бір-біріне қыдырысқан жәннаттықтар мен бір-бірімен 
жауласқан жәһәннамдықтарды көргендей едім!» - деді.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 121 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Және Зәйд (радиаллаһу анһу):
«Дүниеден  бас  тартқан  соң  Аллаһ  Тағала  жүрегімді 
нұрландырып,  алдында  мен  үшін  ғайып  (белгісіз)  болған 
жайттар көзге керінетіндей болды,» - деп жағдайын айтты.
Хазіреті Мәуләнә Зәйд бин Харисәның осы шабыттанған 
тебіреніс халін шумақтарында былай баяндайды:
«Зәйд (радиаллаһу анһу) Расулұллаһтан: «Көргендерімді 
айтайын ба!» деп рүқсат сұрап алып, баяндай бастайды».
«Уа,  Расулаллаһ!  Адамдар  ертең  деп  ойлаған  мах-
шар  күнін  бүгін  көрсетейін.  Хашр  мен  нәшрдің  (мах-
шар  күні)  барлық  сырларын  жарыққа  шығарайын.  Әмір 
етсең, осы сырлардың пердесін жыртайын. Ішімдегі иләһи 
хикметтердің нуры, көктегі күн сияқгы жарқырасын!»
«Уа,  Расулаллаһ!  Әмір  етсең  кімніңдүниенің  жабдығы 
мен  кірлерінің  арасында  пәк  алтын  мен  гауһар  тастар 
сияқты болғанын, кімдердің күпірліктің қызыл және қара 
түсіне боянғанын айтайын».
«Пайғамбарлығыңның  өшпес  жарығында  мүнәфиқ-
тықтың жеті құзын айтайын».
«Ақиретте  азғындардың  киетін  киімін  халыққа 
көрсетейін.  Сол  жерде  пайғамбарлар  үшін  айналатын 
дабылдың дауысын естіртейін».
«Асқақтаған кәусәр қауызын көрсетейін, суы халықтың 
жүзіне себеленіп, дауысы құлақтарына жетсін!»
«Шөлдеген  адамдардың  сол  қауыздың  айналасында 
жүгіргенін анық көрсетейін!»
«Олардың иығы иығыма тиіп, айғайы естіліп түр!»
«Жәннаттықтар 
қуанғанынан 
көз 
алдымда 
құшақгасып бір-бірімен амандасып жатыр».
«Жәһәннамдықтардың  айғайы  мен  қайғырып  өкінген 
дауыстары құлағынды жаратын сияқты!»
«Бұлар  тереңнен  айтқан  кейбір  белгілері.  Тағы  айтар 
едім, бірақ Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұрса 
ма деп қорқамын!»

- 122 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ол  рухани  мастықтан  тебіреніп,  осылай  деді.  Бурын 
соңды болмаған тебіреніспен есінен танып, ақылынан ада-
сып, барлық сырларды айтатындай халге жеткен еді».
«Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
оны  осы  халден  оятуүшін:  "Есіңдіжый!  "Үндеме"-депХазі
ретіЗәйдтіңжағынан  тартып,  былай  деді:  "Есіңді  жина! 
Тіліңнің тізгініне ие бол, айтылмайтын сөздерді айтатын 
халге жеттің. Рухыңның айнасы тән қапасынан сыртқа 
ұшты. Бірақ, қол жеткізген сырларды айту оларды сіңіре 
алмағандықтан  екендігін  ұмытпа.  Аллаһтың  бір  есімі 
Саттар  осыны  біл,  бұл  сипатқа  ие  болу  бақытын  сіңіре 
алмағандық үшін құрбан етпе!»
Кейде Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сондай 
бір рухани фәйіз бен ләззатқа толатын. Бұл жағдайға үнемі 
шыдау  мүмкін  емес  еді.  Әсіресе  уахи  келген  кезде  қатты 
күйзеліп, моншақтап тер төгілетін.
Кейде осы тебіреніс шегіне жеткен кезде:
«Ей, Айша, руханият мені басып алды. Кел маған біраз 
сөз айт!» - деп адами халге қайтып оралатын.
Керісінше дүние басым түскен кезде:
«Ей, Биләл! Азан шақыр!» - деп адам өмірі үшін қасиетті 
тепе-теңдікгі орнататын.
Әйтпегенде, адамға өнеге болатын сол мүбәрәк жараты-
лыс, артынан ерген керуенмен бірге бола алмас еді.
Пайғамбар сұхбатының фәйзіне ең көп тәнті болған Хазі-
реті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) еді. Хазіреті Пайғамбармен 
кейде жеке сұхбаттары болатын, мұны басқалары ешқашан 
сезбейтін. Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) осы рухани бай-
ланысты қалай баяндағанына қараңыз:
Расулұллйһтың  алдына  бардым.  Хазіреті  Әбу  Бәкірмен 
(радиаллаһу  анһу)  тәухид  ілімі  хақында  сұхбат  етіп  отыр 
екен. Екеуінің арасына отырдым. Бейне бір арапша білмей-
тін адам сияқты айтқан сөздерінен ештеме түсінбедім.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 123 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Бұл  қандай  нәрсе?  Сіз  Пайғамбармен  (саллаллаһу 
аләйһи  уә  сәлләм)  үнемі  осылай  сұхбаттасасыз  ба?»  -  деп 
сұрадым. Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу):
«Иә, кейде Расулұллаһпен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жеке қалғанда осылай сұхбаттасамыз,» - деді.
Бір  хадис  шәрифте  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм):
«Біз,  пайғамбарлар  қауымы,  адамдардың  дәрежесіне 
түсіп, солар түсінетіндей түрде сөйлеуге міндеттіміз,» - 
деген. Екінші бір хадис шәрифте:
«Адамдарға  өз  ақылдарың  жеткеніндей  емес,  олардың 
түсінетіндей дәрежесінде сөйлеңдер» - деп әмір еткен.
Дүниенің алдамшы әлем екендігіне байланысты хадистер 
болғаны сияқты, оның сиқыршы және аяусыз болғандығын 
баяндайтын хадис шәрифтер де бар.
Дүниенің  уақытша  әлем,  көлеңке  екендігін,  ең  айқын 
ақиқаттың өлім болғандығын бәріміз біліп, тіпті ең жақын 
адамдарымыздың елгендігін бірнеше рет көрсек те сол опа-
сыз, өткінші дүниеге көбінесе алданып қаламыз.
Бұл  хақ  хадис  шәрифте  айтылғандай,  дүниенің  өте  ал-
дамшы  болғандығынан.  Осы  ғапылдығымыз  да  оның  осы 
сиқырының кесірі.
Хазіреті 
Мәуләнә, 
дүниенің 
алдамшылығы 
мен 
сиқырлығын темендегі жолдарда былай баяндайды:
«Ол сиқыршы айдың жарығында асығыс бес жүз құлаш 
мата өлшейді!»
«Ол  сенің  күміс  ақша  сияқты  өміріңді  алған  жоқ 
па,  өмірдің  күмісінен  айырылып,  қияли  мата  жоғалып, 
капиталың (жиналған байлығы) босап қалады».
«Ей,  дүниенің  сиқырына  алданған  адам!  Саған  «Құл 
Әұзуді» оқып:
«Уа,  Раббым!  Мейіріміңді  төк,  мені  осы  үрлегендерден 
(демдерден)  және  нәпсінің  дүние  құмарлығынан  сақта!  - 
деп дұға ету керек».

- 124 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ЗАЛЫМНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ
!
«Көктемде тас көгере ме? Сенде түрлі-
түсті гүл шешек атсын десең, топырақ 
бол!»
Хазіреті Мәуләнә.
Бір  патша  жұма  күні  мешітке  кетіп  бара  жатады, 
қорғаушылары көшеге жүгіріскен халыққа:
«Жол беріңдер! - деп айғайлап, оларды текпілеп, таяқпен 
жасқап патшаға жол ашуға тырысты. Сол кезде кездейсоқ 
сол жерде болған бишара пақыр да сақшылардан бір талай 
таяқ жеп, қан жоса болған еді. Шыдай алмай, патшаның ар-
тынан былай деп айқайлады:
«Мына  істеген  зұлымдығыңа  қара!  Халықтың  алдын-
да  осылай  істеген  сенің,  жасырын  зұлымдығыңнан  Аллаһ 
Тағала баршамызды сақтасын! Өзіңше мешітке бара жатыр-
мын, жақсылық істедім деп ойлайсың! Сенің жақсылығың 
осы болса, жамандығыңның не екенін кім білсін?!».
МӘСНӘУИ:
«Залымдардың  жақсылығы  осы,  енді  жамандығын  өзің 
салыстыр!»
Тарих адамдарға залымдар мен менменшілдердің салған 
жарасы,  қиыншылығы,  ауыртпалығы  мен  аянышты 
көріністері мен осылардың аянышты нәтижелерін бір ғибрат 
ретінде  ұсынғанымен  қатар,  әділ  әрі  салих  басшылардың 
мейірім,  мархабат  пен  қамқорлыққа  толы  абыройлы 
көріністерін де мадақ пен қолдау үшін жайып салады.
 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 125 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Пайғамбар  дәуірі  мен  төрт  халифа  кезеңі  тарихта 
адамзатқа теңдесіз бір тыныштық пен бақыттылық сыйлап, 
көптеген керемет адамдық үлгілер көрсеткен.
Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) халифа болған кезінде:
«Ей,  адамдар!  Мен  хақтан,  әділдіктен  айырылсам  не 
істейсіңдер?» - деп сұрағанда, тұрғандардың біреуі:
«Ей,  Омар!  Сен  ауытқып,  хақтан  айырылсаң,  сені 
қылышымызбен дұрыстаймыз!» - деп, жауап берген кезде, 
Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу):
«Әлхамдулиллаһ! Ауытқысам мені қылышымен жолға са-
латын достарым бар екен!» - деп шүкіршілік етіп, қуанады.
Және де Хазіреті Омар халифа болған кезінде материалдық 
қиыншылықта  еді.  Әрең  тіршілік  ететін.  Алайда,  қазына 
олжаға толы еді.
Кейбір алдыңғы қатардағы сахабалар Хазіреті Омардың 
қызы  Хазіреті  Хафсаға  (радиаллаһу  анһә),  әкесінің 
қазынадан тіршілік ететіндей үлес алуын ұсынуды сұрады. 
Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әйелі 
Хазіреті Хафса әкесіне осы ұсынысты айтқанда Халифа Ха-
зіреті Омар (радиаллаһу анһу) қызынан:
«Қызым, сен Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) жұбайы едің. Маған айтшы, Хазіреті Расулұллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қандай тамақ ішуші еді?» - 
деп сұрайды.
«Жететіндей  дәрежеде  ғана  еді,»  -  деген  жауапты  есті-
ген  соң,  Хазіреті  Омар  (радиаллаһу  анһу)  былай  деп,  сөзін 
сабақтады:
«Екі досым (Хазіреті Пайғамбар мен Хазіреті Әбу Бәкір) 
және  мен  үшеуміздің  жағдайымыз  бір  жолмен  жүрген  үш 
жолаушы  сияқтымыз.  Алғашқысы  (Хазіреті  Пайғамбар) 
мәртебесіне жетті. Екіншісі (Хазіреті Әбу Бәкір), сол жол-
мен  жүріп  біріншіге  жетті.  Үшіншісі  (мен)  де  арттарынан 
соларға жеткім келеді. Көп жүк арқаласам, оларға жете ал-
маспын!» - деді.

- 126 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ол  жеңістердің  көптігіне,  қазынаның  байлығына 
қарамастан өмір сүрген кезінде езіне жеткілікті дәрежеден 
артық  ештеңе  қабылдамаған  еді.  Және  ешқашан  дүниенің 
байлығына  бас  имеді.  Қайтыс  болған  кезінде  де  мойнында 
қарызы бар еді.
Төрт  халифаның  дәуірі  осыған  ұқсас  көптеген 
мысалдарға  толы.  Төрт  халифа  дәуірінен  кейін  Әмәуи 
мен  Аббаси  мемлекеттері  ізін  басты.  Бұл  кезеңдер  әртүрлі 
жағымды-жағымсыз  үлгілерге  толы.  Осылардың  арасын-
да  Омар  бин  Абдұлазиз  сынды  әділдікпен,  мархабатпен 
аты  аңызға  айналған  тұлғалар  да  бар.  Аллаһ  Расулының 
(саллаллаһу алейһи уәсәллам) немересі Хазіреті Хусайнды 
Кербалада жауыздықпен өлтірткен, Имам Ағзам Әбу Хани-
фа мен Ахмед бин Ханбәл сияқты дүниеге танылған Ислам 
ғалымдарын  зұлымдықтарына  пайдалана  алмағаны  үшін 
дүре соқтырған адамдар да бар.
Шәйх Сағди Гүлстан кітабында былай дейді:
Залым әрі пасық бір адам бір Аллаһ досынан:
«Қандай ғибадат абзалырақ?» - деп сұрайды.
Ол:
«Сен үшін ұйқы. Өйткені, ұйықтап жатқан кезіңде еш-
кімді ренжіте алмайсың!» - деп, жауап береді.
Адамның  нәпсісін  төмен  ұстауы  және  ешкімге  ектем-
дік  көрсетпеуі,  Аллаһтың  құлдары  үшін  қалаған  жоғары 
бір  қасиет.  Абай  болатын  жағдай  -  кішіпейілділік,  дүние 
адамдарының арасында сыйлы болу, пайда алу үшін емес, 
иләһи ризашылық үшін болуы керек. Әйтпесе, ол арамдық 
болады.
Қарапайымдылыққа керісінше мінез - тәкәппарлық пен 
өктемдік  көрсету  болып  табылады.  Атақ  -  адам  үшін  ең 
үлкен нәпсінің апаты. Атаққұмар адам көптеген зүлымдық 
жасаса да, парқына бармайды. Өзінің дәрежесін түсіріп за-
лым болады.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 127 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Көктемде тас көгере ме? Сенде түрлі-түсті гүл бәйшешек 
ашсын десең, топырақ бол!»
Яғни, көктемнің берекетінен нағыз нәсібін алатын - тек 
топырақ. Сондықтан да үстіне әртүрлі гүл бәйшешек өсіп, 
шешек атқан кезде тас та көктемді көреді, бірақ, одан нәсіп 
ала алмайды.
Жүректері тасқа айналған адамдар да табиғаттағы жан-
сыз жаратылыстар сияқты. Оларға да көктем жаңбырынан 
пайда жоқ. Нәпсінің кедергілерінен құтыла алмаған адам-
дар үшін құлшылықтар нәпсінің құмарлықтарынан жеңіліс 
табады.  Мүндай  адамдарда  нәпсі  әртүрлі  қателер  арқылы 
құбылаға айналады.
Тарихта  атақ-абыройға  ие  болған  мемлекет  адамдарын 
әрқашан да ұлы рух тәрбиешілері тәрбиелеген. Олар, өздері 
өсірген  мемлекет  адамдарына  терең  көңіл  бөліп,  оларды 
мейірім мен жауапкершілік сезімдерімен безендірген.
Ертұғрыл Ғази үлкен мүршид Әдебали Хазіретін езіне үлгі 
еткен, ұлы Осман Газиді де соның тәрбиесіне тапсырған.
Ертұғрыл  Ғази  ұлы  Осман  Ғазиге  одан  кейінгі  барлық 
ізбасарлары-ның рухтарына бағдар беретін мынадай құнды 
өсиет қалдырған:
«ЕЙ ҰЛЫМ!
Мені  ренжітсең  де  Шәйх  Әдебалиді  ренжітпе.  Ол 
біздің  әулетіміздің  руханият  күні.  Таразысы  ешқашан 
қателеспейді!
Маған қарсы шықсаң да, оған қарсы шықпа!
Маған  қарсы  шықсаң,  көңілім  қалып,  ренжірмін.  Оған 
қарсы шықсаң көзім саған қарамайтын болады, қарасада 
сені көрмейтін болады.
Сөзім Әдебали үшін емес, сен үшін. Осы айтқандарымды 
өсиетім деп біл!»

- 128 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Өте ұшқалақ Осман Ғазиді Әдебали Хазіреті өз тәрбиесі 
мен қамқорлығына алып, оған мағрифатұллаһтың ләззатын 
таттырып,  оны  көркем  ахлақ,  қамқорлық,  салмақтылық 
пен  кемелдікке  жеткізген.  Осылайша  оны  әлемге  әйгілі 
мемлекеттің басшылығына әзірлеген.
Бұл  женінен  Осман  мемлекетінің  негізгі  сәулетшісі  - 
Шәйх Әдебали Хазіреті саналады. Басқа билік құрылымдар 
да Шәйх Әдебалидай тәрбиеші болмағандықтан құлдыраулар 
болса, Османлы билігі аз уақытта мемлекетке, мемлекеттен 
әлемдік империяға айналған, Әлемге алты ғасыр Исламды 
таныттырып,  әділдік  пен  хақты  орнатып,  Хақ  Тағаланың 
таразысы болды.
Шәйх  Әдебали  Хазіретінің  Осман  Ғазиге  және  оның 
ұрпағынан  келген  мемлекет  адамдарына  бағыт  болған 
есиеттерінің кейбірі мыналар:
«Ей, ұлым!
Бисің!  Осыдан  кейін  ашу  бізге,  кішіпейілдік  саған... 
Өкпе  бізге,  көңіл  табу  саған...  Кінәлау  бізге,  төзім  саған... 
Әлсіздік,  қателік  бізге,  хош  көру  саған...  Түсініспеушілік, 
қақтығыс, сиыспаушылық бізге, әділдік саған... Жаман көз, 
былапыт ауыз, орынсыз сынау бізге, кешірім саған..».
«Ей, ұлым!
Осыдан кейін бөлу бізге, бүтіндеу саған... Жалқаулық біз-
ге, ескерту, ынталандыру, бағыт беру саған..».
«Ей, ұлым!
Жүгің ауыр, ісің қиын. Аллаһ Тағала жәрдемші болсын. 
Билігіңді мүбәрәк етсін. Хақ жолында пайдалы етсін.
Маңдайың  жарық  болсын.  Алысқа  жарығыңды  жет-
кізсін.  Саған  жүгіңці  көтере  алатындай  күш,  аяғыңцы 
сүріндірмейтін ақыл мен жүрек берсін».
«Сен  және  жолдастарың  қылышпен,  біз  сияқты 
дәруіштер  ой,  пікір  және  дұғалармен  бізге  уәде  етілген 
нәрсенің жолын ашу керек. Кедергілерден тазартуымыз ке-
рек».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 129 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Сабырлылық өте маңызды. Би адам сабыр ете білуі ке-
рек. Уақытынан бұрын гүл ашылмайды. Шикі алмұрт же-
лінбейді, желінсе де бауырыңда қалады. Білімсіз қылыш та 
тура шикі алмұрт сияқты».
«Халқың өз білімімен өмір сүрсін. Олардан сырт айнал-
ма.  Әрқашан  да  барлығын  сезін.  Қоғамды  басқаратын  да, 
аяғынан тік турғызатын да - осы білім, парасаттылық».
«Ең  үлкен  жеңіс  -  нәпсіні  тану.  Дұшпан  -  адамның  өзі. 
Досы болса, нәпсісін таныған адам».
«Ел  -  басқарушының  ұлдары  және  бауырларымен 
бөлісетін  ортақ  мүлкі  емес.  Ел  -  тек  басқарған  адамдікі. 
Өлген кезде орнына кім келсе, елдің басшылығы соныкі бо-
лады. Өз кезінде қателескен аталарымыз, тірі кездерінде 
елін ұлдары мен бауырларына бөліп берген. Сондықтан да 
өмір  сүре  алмады,  жалғастыра  алмады».  (Осы  насихат 
Османлыға 600 жыл үкім жүргіздірді.)
«Адам бір рет отырса, орнынан оңайлықпен тұра алмай-
ды.  Адам  қимылдамаса,  қаны  ұйып  қалады.  Ұйыса,  сөздер 
айтылады,  сөз  өсекке  айналады.  Өсек  басталса,  басқаны 
табысқа  жеткізбейді.  Дос  -  дұшпан  болады,  дұшпан  - 
жыртқышқа айналады».
«Ағатын қан босқа ақпау керек. Оған жол, бағдар керек, 
өйткені қан жерді суару үшін ақпайды».
«Адамның күші бір күндері бітеді, бірақ білім бітпейді. 
Білімнің  сәулесі  жабық  көздерден  де  ішке  түсіп,  жарық 
қылады».
«Хайуан  өлсе  ер-тоқымы  қалады,  адам  өлсе  мұрасы 
қалады.  Кеткен  адамның  соңынан  емес,  артына  ештеңе 
қалдырмай  кеткенге  жылау  керек...  Қалдырған  адамның 
қалдырған жерінен жалғастыру керек».
«Соғысты  сүймеймін.  Қан  төгуді  ұнатпаймын.  Сонда 
да қылыш сілтеу керектігін білемін. Бірақ, бұл сілтеу өмір 
сүру үшін болуы керек. Әсіресе, адамның адамға қылыш сіл-
теуі - қылмыс. Басшы мемлекеттен тыс емес. Соғыс тек 
басшы үшін болмайды».

- 130 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Аялдап, дем алуға хақымыз жоқ. Өйткені уақыт жоқ, 
мерзім аз!»
«Жалғыздық қорқаққа ғана тән. Жерге егін егуді білетін 
диқан,  басқалармен  ақылдаспайды.  Жалғыз  өзі  қалса  да... 
Топырақтың құнарлы екенін білсе болғаны».
«Сүйіспеншілік  дағуаның  негізі  болуы  керек.  Сүю  - 
үнсіздікте. Айғайлап сүюге болмайды. Көрсетіп те сүюге 
болмайды!»
«Өткенін  білмеген  болашағын  да  білмейді.  Осман! 
Өткенді  жақсы  білсең,  болашаққа  нық  қадам  басасың. 
Қайдан  келгеніңді  ұмытпасаң,  қайда  баратыныңды  да 
ұмытпайсың».
Міне,  осы  құнды  үкімдермен  Әдебали  Хазіреті  Осман 
Бейді ұн сияқты иледі. Осылай илеуі де керек еді. Өйткені, 
Осман  Бей  қиын  жағдайда  болатын.  Жан  -  жақтан  келіп 
өзіне қосылған тайпаларды бір арада ұстай ма, тепе-теңдікті 
сақтай ма, Византияны қолдай ма, Гермиянды ма, Моңғолды 
бақылай ма, кәпірлермен соғыса ма?!.
Әдебали Хазіреті осы сияқты барлық істерде Осман Бейге 
рухани жол сілтеп, оған жәрдемдесіп, тығырықтан шығатын 
жолдарды көрсетіп отырған.
Османлы мемлекетінде ханзадалардың тәрбиесіне қатты 
көңіл бөлінетін. Тәлім - тәрбие өте кішкентай кездерінен ба-
сталатын. Бұл тәрбие сол кездегі үлкен тұлғалартарапынан 
жасапатын.  Әсіресе  рухани  тәрбиеге  баса  мән  берілетін. 
Өйткені, болашақта патшалық солардың қолына тапсыры-
лады.  Патшалықтың  әділдікпен  жалғасуы,  мемлекеттің 
қауіпсіздігі солардың қолында болады.
Патша болғаннан кейін де оған қажетті ескертулер және 
мүршидтер-дің жәрдемі мен бағдары жалғаса беретін.
Мүршидтердің қамқорлығы әрбір ғасырдағы басшыларға 
үнемі  ана  қүшағының  мейірімі  мен  жылылығы  сияқты 
болатын.  Азиз  Махмұд  Һүдайи  Хазіретінің  III  -  Мұратқа 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 131 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
жазған  бағыт  бағдары  ескертулерге  толы,  тіпті  қаттырақ 
айтылған  хаттары  бар.  Және  сол  кезде  Фәрхат  Паша 
қолбасшылығындағы  әскери  қолмен  бірге  ЫстамБұлдан 
Тәбрізге  дейін  жорыққа  шыққан.  Әскерлер  мен  Тәбріз 
халқы  осы  көңіл  сұлтанының  руханияты  мен  дұғаларына 
беленген.
Патшаларға жасалған ескертулерге байланысты бір мы-
сал айтар болсақ:
Патшалар 
жұма 
намазын 
оқу 
үшін 
сарайдың 
баспалдағынан түсіп, келе жатқанда, бір қызметші:
«Хан  ием,  жасыңыз  ұзақ  болсын,  жолыңыз  ашық  бол-
сын! деп, дұға етіп, махаббатын білдіретін.
Патша мешітке халықтың арасынан екі сап болып тұрған 
сақшылардың  арасынан  өтетін.  Патша  нәпсінің  сезімде-
ріне,  халықтың  ынтасы  мен  ілтипатына  жеңілмеу  үшін 
сақшылар баяу дауыспен:
«Тәккәппар  болма,  Хан  ием,  сенен  ұлық  Аллаһ  бар!»  - 
деп, қайталап тұратын.
Патшаға, мемлекет пен халыққа бағыт берген, оларға рух 
берген,  шабыттандырып,  ынталандырған  Әдебали  мұрасы 
жалғасқан уақытта империяның тарихы атақ-абыройға ке-
нелді.
Иылдырымның Әмір Сүлтаны, II Мұраттың Хажы Бай-
рам Уәлиі, Фатихтың Ақшамсәддині, II - Бәязидтің Мәһди 
Пашасы,  Явуздың  Ибн  Кемал  Пашасы,  Қанунидің  Меркез 
және Сүнбіл деген атақтылары, III - Мұрат, I - Ахмед пен IV 
- Мүраттың Азиз Махмүд Һүүдайсі - жалғасып келе жатқан 
Әдебали тізбегінің мәшһүр үлгілері.
Явуз  Сәлім  туралы  бір  естелікті  сол  кездің  тарихшысы 
былай баяндайды:
«Явуз  Мысырға  кірген  кезде  халық  оның  айбынын  та-
машалау үшін терезеге жүгіріп, көшені толтырды. Явуз ең 
алда  емес,  қарапайым  әскерлерінің  ортасында  еді.  Киімі 
мен сауыты басқалардан өзгеше емес еді. Мысырдан қайтар 
жолда Шамда жұма хұтбасында өзі туралы:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет