3.6-бап
Байланыс деректерін алмасу
1. Тараптар Келісім күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде тергеп-
тексеру жүргізетін органдардың және Тараптардың осы Тарауға
сәйкес өзара іс-қимыл жасайтын басқа да уәкілетті органдарының
атаулары мен байланыс деректері туралы ақпарат алмасады. Тараптар
тергеп-тексеру жүргізетін органдарға және басқа да уәкілетті
органдарға қатысты кез келген өзгерістер туралы бір-біріне уақтылы
хабарлайды.
2. Егер ЕАЭО тарапынан Қытайға тиісті ақпарат берілген болса, ЕАЭО-
ға мүше мемлекеттер осы баптың 1-тармағының ережелерін
орындаған болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |