Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет83/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Армения Республикасы үшін 

 

 

 

Қытай Халық Республикасы 

үшін 

Беларусь Республикасы үшін 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы үшін 

 

 

 

 

Қырғыз Республикасы үшін 

 

 

 

 

Ресей Федерациясы үшін 

 

 

 

 

Еуразиялық экономикалық одақ 

үшін 

 

 

 

 

 

 




77 

 

 



1-ҚОСЫМША 

 

БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯНЫҢ РӘСІМДЕРІ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС 



ПУНКТТЕРІН БЕЛГІЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ 

 

Өкілдер туралы хабарламалар 

 

1.  Әрбір  Тараптан  Бірлескен  комиссияның  тең  төрағасын  тағайындау 

туралы және Бірлескен комиссиядағы әрбір Тараптан өкілдер туралы 

хабарлама осы Келісім күшіне енген күннен бастап 90 күннің ішінде 

жіберіледі.  Тарап  Бірлескен  комиссияға  өзге  өкілдерді  тағайындай 

алады  және  ол  жөнінде  Бірлескен  комиссияның  келесі  отырысына 

дейін 30 күн қалғаннан кешіктірмей хабардар етеді. 

 

 



Кезекті және өзге де отырыстар 

 

2.  Бірлескен  комиссия  отырыстарды  ЕАЭО-ға  мүше  мемлекеттердің 

бірінде  және  Қытайда  кезек-кезек  кем  дегенде  жыл  сайын  өткізеді. 

Өзге  отырыстар  өзара  келісу  бойынша  Тараптардың  бірінің  сұрау 

салуы бойынша өткізілуі мүмкін. 

 

 



Отырыстарды өткізу күні және орны 

 

3.  Егер  Бірлескен  комиссия  өзгеше  шешім  қабылдамаса,  Бірлескен 

комиссия әрбір отырыста өзінің келесі отырысының күні мен орнын 

белгілейді. 

 

 

Шақыру 



 

4.  Қабылдаушы  Тарап  осы  Келісімнің  басқа  Тарапын  кезекті  отырыс 

жағдайында  60  күн  қалғаннан  кешіктірмей  және  мүмкіндігінше, 

кезектен  тыс  отырыстар  жағдайында  30  күн  қалғаннан  кешіктірмей 

отырыстың күні, орны және  алдын ала күн тәртібі туралы хабардар 

етуге ұмтылатын болады. 

 

 

 




78 

 

 



Алдын ала күн тәртібі 

 

5.  Қабылдаушы  Тарап  Бірлескен  комиссия  отырыстарының  алдын  ала 

күн тәртібін дайындайды. 

 

6.  Бірлескен  комиссияның  кезекті  отырысының  алдын  ала  күн 



тәртібінде: 

 

(a)  Бірлескен  комиссияның  өткен  отырыстары  кезінде  оның 



шешімі бойынша оған қосылған барлық мәселелер; 

 

(b)  осы  Келісімнің  Тараптары  ұсынған  барлық  мәселелер 



қамтылады. 

 

 

Күн тәртібін бекіту 

 

7.  Бірлескен  комиссия  әрбір  отырыстың  басында  отырыстың  күн 

тәртібін бекітеді. 

 

 



Өзгерістер және жаңа тармақтар 

 

8.  Егер ол жөнінде шешім консенсуспен қабылданған болса, Бірлескен 

комиссия  өзінің  отырысы  барысында  күн  тәртібіне  түзетулер енгізе 

алады, тармақтарды алып тастай алады немесе қоса алады. 

 

 

Бірлескен комиссияға құжаттар беру 



 

9.  Хабарламалар өтініштер және өзге де құжаттар Бірлескен комиссияға 

жазбаша нысанда беріледі. 

 

 



Жұмыс тілдері 

 

10. Бірлескен комиссияның жұмыс тілі ағылшын тілі болып табылады. 

 

11. Бірлескен  комиссияға  жіберілетін  барлық  хабарламалар,  сұрау 



салулар  және  өзге  де  құжаттар  ағылшын  тілінде  немесе  ағылшын 


79 

 

 



тіліне  тиісті  аудармасы  қоса  беріле  отырып,  қытай  немесе  орыс 

тілдерінде орындалады. 

 

12. Бірлескен 



комиссияның 

отырыстары 

барысында 

Бірлескен 

комиссияға  қатысты  жасалған  барлық  ауызша  өтініштер  ағылшын 

тілінде немесе ағылшын тіліне тиісті аудармасы қоса беріле отырып, 

қытай немесе орыс тілінінде орындалады. Ауызша өтініштерді аудару 

құнын тиісті өтінішті жасаушы Тарап өтейді. 

 

 

Байланыс пункттері 



 

13. Қытай  тарапынан  осы  Келісімнің  12.2-бабына  сәйкес  байланыс 

пункттерін  белгілеу  туралы  хабарлама  Еуразиялық  экономикалық 

комиссияға  беріледі,  ал  ЕАЭО  және  ЕАЭО-ға  мүше  мемлекеттер 

тарапынан  байланыс  пункттерін  белгілеу  туралы  хабарламаны 

Еуразиялық экономикалық комиссия Қытай Үкіметіне береді. 

 

 

Қорытынды ережелер 



 

14. Егер  жоғарыда  көрсетілген  ережелерде  көзделген  мерзімдер 

болжанбаған  мән-жайларға  байланысты  сақталмаса,  жоғарыда 

көрсетілген  ережелерге  қарамастан,  Тараптар  белгіленген  мерзімді 

кейінге қалдыра алады немесе консультациялар арқылы өзге мерзім 

жөнінде уағдаласа алады. 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет