Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет2/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
1-ТАРАУ 

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

1.1-бап 



 

Жалпы ережелер және анықтамалар 

 

Егер өзгеше көзделмесе, осы Келісімнің мақсаттары үшін: 



 

(a)  “Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім” - ДСҰ келісіміне 

1А қосымшадағы Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім; 

 

(b)  “Арнайы  қорғау  шаралары  жөніндегі  келісім”  -  ДСҰ 



келісіміне 1А қосымшадағы Арнайы қорғау шаралары жөніндегі 

келісім;  

 

(с)  “Демпингке  қарсы  шаралар  жөніндегі  келісім”  -  ДСҰ 



келісіміне  1А  қосымшадағы  1994  жылғы  Тарифтер  және  сауда 

жөніндегі бас келісімнің VI бабын қолдану жөніндегі келісім; 

 

(d)  “Кедендік  құнды  бағалау  жөніндегі  келісім”  -  ДСҰ 



келісіміне  1А  қосымшадағы  1994  жылғы  Тарифтер  және  сауда 

жөніндегі бас келісімнің VIІ бабын қолдану жөніндегі келісім; 

 

(e)  “күндер”  -  демалыс  және  мереке  күндерін  қоса  алғанда, 



күнтізбелік күндер; 

 

(f)  “Еуразиялық  экономикалық  комиссия”  -  2014  жылғы  29 



мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан 

әрі – “ЕАЭО туралы шарт” деп аталады) сәйкес құрылған ЕАЭО-

ның тұрақты әрекет ететін реттеуші органы; 

 

(g)  “ТСБК 1994” - ДСҰ келісіміне 1А қосымшадағы 1994 жылғы 



Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісім және оған түсіндірме 

ескертулер; 

 

(h)  “Тараптар” - бір тараптан Қытай және екінші тараптан ЕАЭО 



туралы  шартқа  сәйкес  белгіленген  өз  құзыреті  шегінде  ЕАЭО 

және/немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер; 




 

 



 

(i)  “СӨШ  келісімі”  -  ДСҰ  келісіміне  1А  қосымшадағы 

Субсидиялар мен өтемақы шаралары жөніндегі келісім; 

 

(j)  “СФШ  келісімі”  -  ДСҰ  келісіміне  1А  қосымшадағы 



Санитариялық  және  фитосанитариялық  шараларды  қолдану 

жөніндегі келісім; 

 

(k)  “СТК келісімі” ДСҰ келісіміне 1А қосымшадағы Саудадағы 



техникалық тосқауылдар жөніндегі келісім; 

 

(l)  “ЗМҚСА  келісімі”  -  ДСҰ  келісіміне  1С  қосымшадағы 



Зияткерлік  меншік  құқықтарының  сауда  аспектілері  жөніндегі 

келісім; 

 

(m)  “ДСҰ келісімі” - 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда 



ұйымын құру туралы Марракеш келісімі; 

 

(n)  “ДСҰ” - ДСҰ Келісіміне сәйкес құрылған Дүниежүзілік сауда 



ұйымы.  

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет