Біргеміз: ТҮлек-2022


Қазақстан Республикасының әнұранының орындалуы



бет2/2
Дата16.06.2022
өлшемі23,47 Kb.
#36936
1   2
Байланысты:
сценарий атестат

Қазақстан Республикасының әнұранының орындалуы.
Жүргізуші:
Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің директоры :Жумашев Махамбет Мұхаметуәлиұлына беріледі.
Жүргізуші:
Бүгінгі мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
...............................................................................................................................
Жүргізуші:
2021-2022 оқу жылында 11-сынып бойынша 15- шәкірт білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр.Олай болса, өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар мектеп бітіруші түлектеріміздің құттықтауына кезек беріледі.
ӘН........................................................................................................................
Жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Түлектерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі Аудандық білім бөлімінің бас маманы Келгенбаев Ермек Даутхановичке беріледі
Жүргізуші:
Оқу-білім - еліміздің тірегі,
Ұлағатты ұстаз – мектеп жүрегі,
Аман болшы, ауырмашы ұстазым,
Шәкіртіңнің сізге айтар тілегі!
Еске алғанда сол күндерді жиылып,
Таусылмасын естеліктер тыйылып.
Ұстаздарым, көп рақмет сіздерге,
Бас иемін алдыңызда иіліп!– дей келе, мектебіміздің барлық ұстаздарына түлектер алғысын қабыл алыңыздар.
ӘН..........................................................................................................................
Жүргізуші: Құттықтаулар
Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз берер сендерге.
Болыңдар үздік тағыда,
Оқу менен еңбекте- деп, оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Жалын Кенжебайұлына сөз кезегі беріледі
Жүргізуші:
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір –дей келе құттықтау сөз кезегі
5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшісі: Құсманова Назым Жанболатқызына беріледі.
Жүргізуші:
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Жүргізуші:
Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,


Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
Ақылың толып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Жүргізуші:
Аттестат деген — өмірге берген жолдама. дей келе көптен күткен қуанышты кезең,Жалпы орта білім және негізгі орта білім туралы Аттестат алу кезеңі келгендей.Жарқын болашаққа жолдама-жарқыраған аттестаттарыңызды алуға рұқсат, түлектеріміз! Аттестат тапсыру рәсімі мектеп директоры: Жумашев Махамбет Мұхаметуалиұлына беріледі.
1-жүргізуші
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!-дей келе биге кезек берейік.»Вальс»
1-жүргізуші
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады
Мектеп бітіруші түлектердің ән шашуын қарсы алыңыздар
Хор
1-жүргізуші
Кір шалмасын жаңа ашылған көңілдерің
Ақтаңдар мектеп ұстаз сенімдерін
11 жыл білім алған, сусындаған
Мектебіңмен қош айтысар келді кезің.
1-жүргізуші
Құрметті түлектер! аңсаған армандарыңа жетуде қанаттарың талмасын.
2-жүргізуші
Жолдарың әрқашан ашық болсын!
Құрметті халайық осымен аттестат алу салтанатты рәсімін жабық деп жариялаймыз! Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет