Бірыңғай мүшелер І нұсқа



бет2/9
Дата02.06.2023
өлшемі62,26 Kb.
#98137
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бірыңғай мүшелер
ІІ нұсқа
1.Бірыңғай мүшелер қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан?
Тек жері биік болғандықтан жеміс өседі,бірақ піспейді.
А)талғаулы
Б)ыңғайлас
В)қарсылықты
Г)кезектес
Д)мезгілдес
2.Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе,қандай тыныс белгісі қойылады?
А)нүктелі үтір
Б)үтір
В)нүкте
Г)сызықша
Д)қос нүкте
3.Бірыңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз.
А) Дыбысталуы бірдей сөйлем мүшелері
Б)Тұлғасы әр түрлі сөйлем мүшелері
В)Синтаксистік қызметі бірдей,өзара тұлғалас сөйлем мүшелері
Г)Әр түрлі сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелері
Д)Әр сөз табына жататын сөйлем мүшелері
4.Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?
А) та,не,немесе
Б)және,мен,әрі
В)бен,я,яки
Г)мен,бірақ,алайда
Д)ме,ма,ше
5.Асан,Самат,Жандос-үшеуі оңаша әңгімелесіп отыр екен.
Мына сөйлемде жалпылауыш мүше қайсысы?
А)Асан
Б)Жандос
В)оңаша
Г)отыр
Д)үшеуі
6.Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?
Ол...биік,...аласа,...қатал,...жұмсақ мінезді,...шешен,...сараң сөзді еді.
А)бірақ
Б)және
В)немесе
Г)да
Д)бірде
7.Мына өзендер:Іле,Қаратал,Ақсу,Лепсі-Балқаш көліне құяды.
Берілген сөйлемде бірыңғай мүшенің алдында тұрған жалпылауыш сөзді тап.
А)Іле
Б)құяды
В)өзендер
Г)Балқаш
Д)Мына
8.Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
А)Ағы да,сарысы да жақсы.
Б)Сені де,оны да ағай шақырып жатыр.
В)Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан.
Г)Досы көппен сыйлас,досы жоқпен сырлас.
Д)Ешкімге сырыңды айтпа.
9.Бірыңғай мүшелермен қызметтес болып,оған жинақтау мағынасын қосатын сөздер.
А)жалпылауыш сөз
Б)көмекші сөз
В)одағай сөз
Г)қыстырма сөз
Д)айқындауыш сөз
10.Асан біресе ұшаққа,біресе сағатына қарайды.
Бірыңғай мүшелер қандай жалғаулық шылаулар арқылы жасалып тұр?
А)ыңғайластық
Б)қарсылықты
В)мезгілдес
Г)кезектес
Д)талғаулы
11.Бірыңғай мүшені анықтаңыз.
Күз аспаны күңгірт,бұлыңғыр.
А)Бастауыш
Б)Пысықтауыш
В)Баяндауыш
Г)Толықтауыш
Д)Анықтауыш
12.Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден соң келсе,сызықша жалпылауыш сөздің қай жеріне қойылады?
А)алдынан
Б)артынан
В)артасына
Г)сөйлем соңында
Д)қойылмайды
13.Бірыңғай бастауышы бар сөйлемді табыңыз.
А)Ойнақшып,шапқылып аттар кете барды.
Б)Ол-агроном,ақын,ғалым,прозаик.
В)Қалада тоғыз қабатты,он қабатты үйлер салуда.
Г)Мұнда шай,лимон,мандарин өсіріледі.
Д)Жерді екі рет айдап екі рет тырмалайды.
14.Бірыңғай пысықтауышты табыңыз.
А)Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.
Б)Бір батальон артта,алыста.
В)Жүрісіміз-кейде бүлкіл,кейде бөкен жүріс.
Г)Түнде не қойыңды,не өзіңді жұтып қоятын сияқты.
Д)Мәкіш Абайға кінәлай да,сынай да қарады.
15.Сөйлемдегі қызметі,тұлғасы,сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер не деп аталады?
А)Бірыңғай сөздер
Б)Бірыңғай мүшелер
В)Жалпылауыш сөздер
Г)Оқшау сөздер
Д)Қаратпа сөздер
16.Бірыңғай мүшелер қалай байланысады?
А)жалғаулықсыз
Б)жалғаулықтар арқылы
В)қосымшалар арқылы
Г)жалғаулықсыз да,жалғаулықтар арқылы да
Д)байланыспайды
17.Өнеркәсіпке керекті тас көмір,мұнай,мыс,жез,қорғасын-барлығы Қазақстан жерінен табылады.
Сөйлемде бірыңғай мүше қандай сөйлем мүшесінен болып тұр?
А)бастауыш
Б)баяндауыш
В)толықтауыш
Г)пысықтауыш
Д)анықтауыш
18.Баяндауышы бірыңғай мүше түрінде келген сөйлемді көрсетіңіз.
А)Боржабай орта бойлы,дөңгелек бетті,кішірек қоңыр көзді кісі еді.
Б)Ақбілек әбден алқынды,аласұрды,жұлқынды.
В)Әр ел тұс-тұсындағы Ақбайтал,Жігітек,Шатқалаң сияқты асуларға қарай беттеді.
Г)Ботагөз салмақты,ауыр мінезді,үндемейтін қыз еді.
Д)Ойын-сауықпен,қыдырумен күнін өткізетін.
19.Бірыңғай мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А)Қонақ үйде тасшам жанып тұр.
Б)Желді түндерде Ақтөс қатты құтырады.
В)Данияр ән салып,шырқап келді.
Г)Өтебай-ауылнай.
Д)Көш алдында Тәкежан,Әзімбай,Майбасар бар.
20.Сөйлемде бірыңғай мүшенің қай түрі кездеседі?
Өткеннің жақсы,жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді.
А)Бірыңғай анықтауыш
Б)Бірыңғай баяндауыш
В)Бірыңғай толықтауыш
Г)Бірыңғай бастауыш
Д)Бірыңғай пысықтауыш
21.Сөйлемдегі бірыңғай мүшелер қай қызметте тұрғанын анықтаңыз.
Ысқақтың құлағы ойық,ақ айыл,ақ жал,бәдес сары биесі жоғалып,соған сұрау салып жүр екен.
А)бірыңғай толықтауыш
Б)бірыңғай баяндауыш
В)бірыңғай анықтауыш
Г)бірыңғай бастауыш
Д)бірыңғай пысықтауыш
22.Мұнда шөп....сабан әкеліңдер,-деді Дубровский.
Берілген сөйлемде қандай жалғаулық шылау жалғауға болады?
А) немесе
Б) я
В) яки
Г)әлде
Д)бірақ
23. және,мен,әрі,да шылаулары бірыңғай мүшелерді қалай байланыстырады?
А)кезектестіре
Б)ыңғайластыра
В)талғай
Г)болжай
Д)қарсыластыра
24.Кеше де бүгін де мазам болмады.
Бірыңғай мүшелерге қойылатын қандай тыныс белгісі қалып кеткен?
А)сызықша
Б)нүкте
В)қос нүкте
Г)үтір
Д)дефис
25.Жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?
А)үтір
Б)тыныс белгісі қойылмайды
В)сызықша
Г)қос нүкте
Д)нүктелі үтір



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет