Бірыңғай мүшелер І нұсқа



бет3/9
Дата02.06.2023
өлшемі62,26 Kb.
#98137
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
"Қазақ тілінен тақырыптық тест" тест

Бірыңғай мүшелер
ІІІ нұсқа
1.Біріңғай мүшеге байланысты қойылып тұрған тыныс белгілерін табыңыз. 
А) Ал, бала, бүгіннен бастап малға ие бол. 
Б) Мұғалім де, инженер де осы үйден табылады. 
В) Абай үйге кірді де, отырғандарға жағалай сәлем берді. 
Г) Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сары келген. 
Д) Мұғалімдер демалысқа шықты. 
2. Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз.
A) үтір.
Б) сызықша.
В) қос нүкте.
Г) нүктелі үтір.
Д) дефис.
3. Бірыңғай толықтауышты табыңыз.
A) Өмірді сүйген - өмірден орын табады.
Б) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.
В) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.
Г) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.
Д) Тәрбие тілден басталады.
4. Бірыңғай мүше түрін анықтаңыз.
Кешкі астың алдында Абай Зере мен Ұлжанға Кәмшат жайын айтқан.
A) Бірыңғай пысықтауыш.
Б) Бірыңғай анықтауыш .
В) Бірыңғай бастауыш.
Г) Бірыңғай баяндауыш.
Д) Бірыңғай толықтауыш.
5. Бірыңғай толықтауыштың байланысу түрін көрсетіңіз.
Ол Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді.
A) қабысу.
Б) матасу.
В) қиысу.
Г) меңгеру.
Д) жанасу.
6. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.
Бұл үйден ешкіні, лақты, шыбышты, тушаны - бәрін көруге болады.
A) Бірыңғай толықтауыш.
Б) Айқындауыш.
В) қыстырма сөз.
Г) құрмалас сөйлем.
Д) Оқшау сөз.
7. Бірыңғай толықтауыштың байланысу түрін көрсетіңіз.
Ол Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді.
A) қабысу.
Б) жанасу.
В) қиысу.
Г) матасу.
Д) меңгеру.
8. Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз.
Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын.
A) Бірыңғай бастауыш.
Б) Бірыңғай толықтауыш.
В) Бірыңғай анықтауыш.
Г) Бірыңғай баяндауыш.
Д) Бірыңғай пысықтауыш.
9. Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз.
A) үтір.
Б) сызықша.
В) қос нүкте.
Г) нүктелі үтір.
Д) дефис.
10. Сөйлемнің қай мүшесі бірыңғайласып тұрғанын көрсетіңіз.
Көрген, білген әңгімелерді кітап қылып тартамын.
A) Бірыңғай толықтауыш.
Б) Бірыңғай анықтауыш.
В) Бірыңғай баяндауыш.
Г) Бірыңғай пысықтауыш.
Д) Бірыңғай бастауыш.
11.Бірыңғай мүшелі сөзді табыңыз.
А)Мен сендерге көрген әңгімелерді кітап қылып тартамын.
Б)Жел соқпай, құс шуламай бәрі жым-жырт.
В)Тыңда ,дала ,Жамбылды.
Г)Дүниеде,сірә,сендей жар жоқ маған.
Д)Дариға,домбырамды берші маған!
12.Бірыңғай мүшені көрсетіңіз.
А)Ол мен айтқан жерге кетті.
Б)Дәптерді,оқу құралдарын ,қосымша оқулықтарды әкеліңдер.
В)Тосын келген оқиға аузымызды ашқызды.
Г)Еріншектің ертеңі бітпес.
Д)Емтихан тапсыру.
13.Бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.
А)Ел сөзі әрі мақтан,әрі міндет.
Б)Сіздерден тамаша алған әсерлерімді ұмытар емеспін.
В)Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді.
Г)Кітабы жоқ үй жансыз денеге ұқсас.
Д)Оқымаған маманның ойы шабан.
14.Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз.
А)Жермен, малмен, тынатын көңіл болса жесін де тынсын.
Б) Жермен, малмен тынатын көңіл болса жесін де ,тынсын.
В) Жермен, малмен тынатын көңіл болса ,жесін де ,тынсын.
Г) Жермен малмен тынатын көңіл болса ,жесін де ,тынсын.
Д) Жермен ,малмен, тынатын көңіл болса ,жесін де ,тынсын.
15.Бірыңғай мүшелі сөзді тап.
А)Жақсымен жолдас бол,жақсы жүр.
Б)Жиренше де Абайға енді жылы амандасты.
В)Кек,намыс,білім,ақыл,көкірек қоймасында дестелеулі.
Г) «Аһ»деп жалын атып отыр.
Д)Зере Құнанбайға ұрысып,еріксіз бүгін көшетін етті.
16.Талғаулы жалғау арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөзді тап.
А)Бұл қысқа,бірақ қызық әңгіме.
Б)Оның қасында Мұхит пен Жарқын,Қатира мен Ханбибі де бар еді.
В)Ол я бөлең,я жиенің –әйтеуір саған ұқсас еді.
Г)Ел сөзі әрі мақтан,әрі міндет.
Д)Қарағай,қайың,терек біздің жерде көбірек кездеседі.
17.Қарсылықты жалғаулық арқылы байланысқан бірыңғай мүшелі сөйлемді тап.
А)Жәкем қуанғаннан жылап жіберді.
Б)Жақсымен жолдас бол,жақсы жүр.
В)Сен баласы ма едің соның?
Г)Біз өтетін өзеннің ағысы қатты,алайда-терең емес.
Д)Мен кітап алғалы әдейі келдім.
18.Кезектес жалғаулық арқылы байланысқан бірыңғай мүшелі сөзді тап.
А)Машина үш жұмыс орындайды:біресе егінді орады,біресе бастырады,біресе тазалайды.
Б)Ана сені қараңғыдан тапқаныма әрі қуандым,әрі қиналдым.
В)Ол зейінді және әдепті бала.
Г)Әңгімелерін түсте де ,кешке де,тіпті түні бойы да айтатын.
Д)Оқта-текте айқай-ұйқай,аттың дүбірі де естілді.
19.Талғаулы жалғаулық арқылы байланысқан бірыңғай мүшелі сөйлемді тап.
А)Біз оны не жұмысынан,не үйінен кездестіре алмадық.
Б)Біздің жердің ауласы әрі жылы,әрі құрғақ.
В)Қайыр-әнші,суретші,ақын.
Г)Абай мен Ербол ұзақ жүрді.
Д)Мағынасы басқа.
20. Мұнда шөп....сабан әкеліңдер,-деді Дубровский.
Берілген сөйлемде қандай жалғаулық шылау жалғауға болады?
А) немесе
Б) я
В) яки
Г)әлде
Д)бірақ
21. Асан біресе ұшаққа,біресе сағатына қарайды.
Бірыңғай мүшелер қандай жалғаулық шылаулар арқылы жасалып тұр?
А)ыңғайластық
Б)қарсылықты
В)мезгілдес
Г)кезектес
Д)талғаулы
22. Бірыңғай мүшелермен қызметтес,тұлғалас болып,оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүшені табыңыз.
А)жалпылауыш сөз
Б)бірыңғай мүше
В)тұрлаулы мүше
Г)айқындауыш мүше
Д)оқшау сөз
23. Бірыңғай пысықтауышты табыңыз.
А)Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.
Б)Бір батальон артта,алыста.
В)Жүрісіміз-кейде бүлкіл,кейде бөкен жүріс.
Г)Түнде не қойыңды,не өзіңді жұтып қоятын сияқты.
Д)Мәкіш Абайға кінәлай да,сынай да қарады.
24.Мына өзендер:Іле,Қаратал,Ақсу,Лепсі-Балқаш көліне құяды.
Берілген сөйлемде бірыңғай мүшенің алдында тұрған жалпылауыш сөзді тап.
А)Іле
Б)құяды
В)өзендер
Г)Балқаш
Д)мына
25. және,мен,әрі,да шылаулары бірыңғай мүшелерді қалай байланыстырады?
А)кезектестіре
Б)ыңғайластыра
В)талғай
Г)болжай
Д)қарсыластыра



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет