Бірыңғай мүшелер І нұсқа



бет4/9
Дата02.06.2023
өлшемі62,26 Kb.
#98137
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бірыңғай мүшелер
ІҮ нұсқа
1. Асан біресе ұшаққа,біресе сағатына қарайды.
Бірыңғай мүшелер қандай жалғаулық шылаулар арқылы жасалып тұр?
А)ыңғайластық
Б)қарсылықты
В)мезгілдес
Г)кезектес
Д)талғаулы
2. Бірыңғай мүшелермен қызметтес,тұлғалас болып,оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүшені табыңыз.
А)жалпылауыш сөз
Б)бірыңғай мүше
В)тұрлаулы мүше
Г)айқындауыш мүше
Д)оқшау сөз
3. Бірыңғай пысықтауышты табыңыз.
А)Бүріскен мал мен жүдеген жан Абайға үлкен ой салды.
Б)Бір батальон артта,алыста.
В)Жүрісіміз-кейде бүлкіл,кейде бөкен жүріс.
Г)Түнде не қойыңды,не өзіңді жұтып қоятын сияқты.
Д)Мәкіш Абайға кінәлай да,сынай да қарады.
4.Мына өзендер:Іле,Қаратал,Ақсу,Лепсі-Балқаш көліне құяды.
Берілген сөйлемде бірыңғай мүшенің алдында тұрған жалпылауыш сөзді тап.
А)Іле
Б)құяды
В)өзендер
Г)Балқаш
Д)мына
5. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.
Бұл үйден ешкіні, лақты, шыбышты, тушаны - бәрін көруге болады.
A) Бірыңғай толықтауыш.
Б) Айқындауыш.
В) қыстырма сөз.
Г) құрмалас сөйлем.
Д) Оқшау сөз.
6. Бірыңғай толықтауыштың байланысу түрін көрсетіңіз.
Ол Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді.
A) қабысу
Б) жанасу
В) қиысу
Г) матасу
Д) меңгеру
7. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе,одан кейін... қойылады.
А)қос нүкте
Б)үтір
В)сызықша
Г)нүктелі үтір
Д)нүкте
8.Бірыңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз.
А) Дыбысталуы бірдей сөйлем мүшелері
Б)Тұлғасы әр түрлі сөйлем мүшелері
В)Синтаксистік қызметі бірдей,өзара тұлғалас сөйлем мүшелері
Г)Әр түрлі сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелері
Д)Әр сөз табына жататын сөйлем мүшелері
9.Сөйлемде бірыңғай мүшенің қай түрі кездеседі?
Өткеннің жақсы,жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді.
А)Бірыңғай анықтауыш
Б)Бірыңғай баяндауыш
В)Бірыңғай толықтауыш
Г)Бірыңғай бастауыш
Д)Бірыңғай пысықтауыш
10.Бірыңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз.
А) Дыбысталуы бірдей сөйлем мүшелері
Б)Тұлғасы әр түрлі сөйлем мүшелері
В)Синтаксистік қызметі бірдей,өзара тұлғалас сөйлем мүшелері
Г)Әр түрлі сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелері
Д)Әр сөз табына жататын сөйлем мүшелері
11.Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?
А) та,не,немесе
Б)және,мен,әрі
В)бен,я,яки
Г)мен,бірақ,алайда
Д)ме,ма,ше
12.Асан,Самат,Жандос-үшеуі оңаша әңгімелесіп отыр екен.
Мына сөйлемде жалпылауыш мүше қайсысы?
А)Асан
Б)Жандос
В)оңаша
Г)отыр
Д)үшеуі
13.Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?
Ол...биік,...аласа,...қатал,...жұмсақ мінезді,...шешен,...сараң сөзді еді.
А)бірақ
Б)және
В)немесе
Г)да
Д)бірде
14.Мына өзендер:Іле,Қаратал,Ақсу,Лепсі-Балқаш көліне құяды.
Берілген сөйлемде бірыңғай мүшенің алдында тұрған жалпылауыш сөзді тап.
А)Іле
Б)құяды
В)өзендер
Г)Балқаш
Д)Мына
15.Бірыңғай мүшені анықтаңыз.
Күз аспаны күңгірт,бұлыңғыр.
А)Бастауыш
Б)Пысықтауыш
В)Баяндауыш
Г)Толықтауыш
Д)Анықтауыш
16.Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?
А) та,не,немесе
Б)және,мен,әрі
В)бен,я,яки
Г)мен,бірақ,алайда
Д)ме,ма,ше
17.Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?
А)сызықша
Б)үтір
В)нүкте
Г)қос нүкте
Д)нүктелі үтір
18.Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келсе,одан кейін... қойылады.
А)қос нүкте
Б)үтір
В)сызықша
Г)нүктелі үтір
Д)нүкте
19. Бірыңғай мүшелі сөзді тап.
А)Жақсымен жолдас бол,жақсы жүр.
Б)Жиренше де Абайға енді жылы амандасты.
В)Кек,намыс,білім,ақыл,көкірек қоймасында дестелеулі.
Г) «Аһ»деп жалын атып отыр.
Д)Зере Құнанбайға ұрысып,еріксіз бүгін көшетін етті.
20. Біріңғай мүшеге байланысты қойылып тұрған тыныс белгілерін табыңыз. 
А) Ал, бала, бүгіннен бастап малға ие бол. 
Б) Мұғалім де, инженер де осы үйден табылады. 
В) Абай үйге кірді де, отырғандарға жағалай сәлем берді. 
Г) Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сары келген. 
Д) Мұғалімдер демалысқа шықты. 
21. Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз.
A) үтір.
Б) сызықша.
В) қос нүкте.
Г) нүктелі үтір.
Д) дефис.
22. Бірыңғай толықтауышты табыңыз.
A) Өмірді сүйген - өмірден орын табады.
Б) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.
В) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.
Г) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.
Д) Тәрбие тілден басталады.
23.Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
А)Ағы да,сарысы да жақсы.
Б)Сені де,оны да ағай шақырып жатыр.
В)Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан.
Г)Досы көппен сыйлас,досы жоқпен сырлас.
Д)Ешкімге сырыңды айтпа.
24.Бірыңғай мүшелермен қызметтес,тұлғалас болып,оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүшені табыңыз.
А)жалпылауыш сөз
Б)бірыңғай мүше
В)тұрлаулы мүше
Г)айқындауыш мүше
Д)оқшау сөз
25.Қарсылықты жалғаулық арқылы байланысқан бірыңғай мүшелі сөйлемді тап.
А)Жәкем қуанғаннан жылап жіберді.
Б)Жақсымен жолдас бол,жақсы жүр.
В)Сен баласы ма едің соның?
Г)Біз өтетін өзеннің ағысы қатты,алайда-терең емес.
Д)Мен кітап алғалы әдейі келдім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет